Зорлау

70 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотталғандар өмірден озғаннан кейін ақталды

3480
(Жаңартылды 17:12 12.01.2019)
АҚШ-та 1949 жылы "қыз зорлаған" төрт афроамерикалық ақталды

АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында 70 жыл бұрын 17 жастағы бойжеткенді зорлады деп сотталған төрт афроамерикалық өмірден озғаннан кейін ақталды, деп хабарлайды РИА Новости UsaToday басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешім төрт сағаттық сот талқылауы нәтижесінде қабылданған: оған штат губернаторы, "зорлықшылардың" ұрпақтары, "жәбірлеунішінің" өзі қатысқан. Сот отырысында ерлердің кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтар келтірілді. Бұдан бөлек, "зорланған қыздың" өзі, бүгін де арбаға таңылған қарт әйел ондай қылмыстың болмағанын мойындады. Ақыры істе нәсілдік әділетсіздік болды деп танылып, "зорлықшылар" өмірден озғаннан кейін ақталып шықты.

Бұл оқиға 1949 жылы болыпты. Гровленд қаласының 17 жастағы тұрғыны өзін төрт афроамерикалық зорлады деп мәлімдеген. Аталған жайт қала тұрғындарының наразылығын тудырып, олар ер азаматтарды еш айғақсыз, куәгерлерден жауап алмастан айыптайды. Бұл афроамерикалықтар кейіннен "Гровлендтік төрттік" деген атқа ие болған.

70 жыл бұрынғы қыз зорлау ісі бойынша айыпталғандардың екеуі өлім жазасына кесіліп, біреуі өмір бойына сотталған, ал төртінші "зорлықшыны" қала тұрғындары ұрып өлтіріпті. Ақ нәсілді қала халқы мұнымен шектелмей, афроамерикалықтар тұрған ауданды қиратып, олардың үйін өртеп жіберген.

3480
Кілт сөздер:
АҚШ, қызды зорлау, жала, қылмыстық іс, расизм
Тақырып бойынша
Туған әкесі зорлаған қыз: басқа біреу болғанда айту жеңіл болар ма еді...
Байлап, зорлаған: 90 адамды айуандықпен өлтірген мейіргер болып шықты
Өскемен тұрғынын пәтерге алдап апарып, зорлаған ер адам ұсталды
Әріптестері жабылып зорлаған полицей қыз оқиғаның қалай болғанын айтты
"Қол-аяғын ұстап тұр". Түркістан облысында жасөспірімді сыныптастары зорлаған
"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр
Жүз екі жастағы қарияға әйел зорлады деген айып тағылды
Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады
Музыкант R Kelly

Танымал әннің авторы рэкеттік әрекет бойынша сотқа тартылды

19
Сотта әншіге қарсы 11 айыптаушы мен 45 куәгер сөз сөйледі, қорғау тарапында тек бес куәгер болды. Кейбір айыптау тоқсаныншы жылдарға тиесілі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-та танымал R&B орындаушысы Ар Келли (R.Kelly) рэкеттік әрекет, бопсалау және әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздарды жыныстық қатынасқа тарту бойынша кінәлі деп танылды.

54 жастағы әншінің шын аты – Роберт Сильвестер Келли. БАҚ оған қатысты сот ісін "MeToo (кинорежиссер Харви Вайнштейннің жанжалы мен айыптауларынан кейін туындаған жыныстық зорлық-зомбылық пен қудалауға қарсы қозғалыс – Sputnik) дәуіріндегі музыка индустриясындағы ең шулы сот процесі" деп атады.

"Ар Келлиге қатысты сот Нью-Йоркте өтті. Оған тоғыз тармақ бойынша айып тағылды. Оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздарды заңсыз жыныстық әрекеттерге мәжбүрлеу және тасымалдау, рэкеттік әрекет, парақорлық, күштеп еңбекке салу бар", - деп хабарлады The Wall Street Journal.

Сотта әншіге қарсы 11 айыптаушы мен 45 куәгер сөз сөйледі, қорғау тарапында тек бес куәгер болды. Кейбір айыптау тоқсаныншы жылдарға тиесілі.

Басылымның хабарлауынша, үкім кезінде Ар Келли сот шешімін үнсіз қабылдап, жауап бермеген.

Әншіге шешуші сот үкімі 2022 жылдың мамырында шығады. Оған дейін ол түрмеде отырады.

Келлидің заңгерлері қабылданған шешімге көңілі толмағанын айтты. Әншіге тағылған айып бойынша ол 10 жылдан өмір бойына дейінгі аралыққа бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетері, 2008 жылы сот музыкантты балалар порнографиясы ісі бойынша ақтады.

Wall Street Journal қазіргі шешім қоғамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарастары өзгергенін, соған байланысты ол енді музыка индустриясының бір бөлігі саналмайтынын айғақтайтынын жазды.

Ар Келли – ритм-н-блюз стиліндегі америкалық музыкант, R&B, әнші, продюсер. Үш Грэмми сыйлығының иегері. I believe I Can Fly хитін орындаушы ретінде танымал.

Оқи отырыңыз: Ирландияда "ауырсынуды басатын" ән шықты

19
Кілт сөздер:
әнші, сот, қылмыс
Тақырып бойынша
Белгілі әнші желідегі жазбасы үшін істі болды
Ресейлік әнші Манижа "Евровидение" байқауының финалына өтті
Екінші әйелі болудан бас тартқан: танымал әнші сұхбат берді – видео
Ауыр сырқатқа шалдыққан ресейлік әнші қиналып жүргенін айтып берді
Архивтегі фото

Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды

2166
Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ Краснодар әуежайына аман-есен қонды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ресейде Екатеринбургтен Сочиге ұшып шыққан ұшаққа найзағай түсті, борт Краснодарға аман-есен қонды, ал жолаушылар курортқа автобуспен жетті, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде салонда түсірілген видео жарияланды, одан ұшақтың шайқалып жатқанын көруге болады.

"25 қыркүйекте сағат 11:11-де Краснодар әуежайына Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ қонды. Себеп – Сочи аймағындағы ауа райының қолайсыздығы (найзағай). Жолаушылар автобустармен Сочиге жөнелтілді", - делінген "Аэродинамика" Кубань әуежайларының операторы таратқан хабарламада.

Қазір ұшақ әуежайда тұр, оны әуе компаниясының техникалық қызметтері тексеріп жатыр.

Сол күні, 25 қыркүйекте Сочиде ауа райына қатысты шұғыл ескерту жарияланған.  

2166
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

4
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

4