шай фестивалі

Ғалымдар қандай шайдың адам өмірін ұзартатынын анықтады

10214
(Жаңартылды 09:25 31.01.2019)
Дәрігерлер шайдың бұл түрлерін онкологиялық аурулардың алдын алу үшін пайдалануға кеңес беріп отыр

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Америкалық ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізіп, көк және қытайлық улун шайының пайдасын анықтады. Шайдың бұл түрлері қатерлі ісікке қарсы күресте тиімділігін көрсеткен. 

Сент-Луис университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, көк және улун шайының рак жасушаларының таралып, аурудың дендеп кетуіне жол бермейтінін анықтады. Мамандардың айтуынша, қара шайдың мұндай пайдасы жоқ. 

Сондай-ақ, зерттеушілер Қытайда сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу және өлім-жітім деңгейіне сараптама жасап, тұрғындар улун шайын көп ішетін өңірлерде онкологиялық аурулар көрсеткіші төмен екенін анықтап отыр, деп жазады Daily Mail.

Қытайлық улун шайының денсаулыққа пайдасы туралы ежелден белгілі. Оның құрамында кофеин, витаминдер, минералдар мен антиоксиданттар бар. Мұның бәрі ми, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, диабеттің алдын алып, салмақ тастауға көмектеседі. 

Енді ғалымдар улун шайы рак жасушаларының өсімін тежейді деген қорытындыға келді. 

Тағы оқыңыз: 

"Улун шайы мен көк шайдың сүт безі қатерлі ісігі жасушаларының таралып, аурудың асқынып кетпеуіне ықпалы бар. Сондықтан шайдың бұл түрлерін онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында кеңінен пайдалануға болады", — дейді дәрігер Чуньфой Хуанг.

10214
Кілт сөздер:
шай, зерттеу, ғалымдар, қатерлі ісік
Тақырып бойынша
Шайдың сіз білмейтін 6 зияны
Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты
Шай пұлға 7,4 мың доллар тастап кеткен әйел жаңылғанын бір айдан кейін білген
Дәрігерлер зәр орнына шай тапсырған "науқасқа" нәтижесін жазып берген
Омарташы Елбасын балмен шай ішуге шақырды
Фата, свадебные туфли

Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды

1655
Алаяқтық жасағанын мойындаған соң қалыңдық түрмеге қамалуы мүмкін. Сот бар ақшаны қайтаруға міндеттейді деген болжам жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны арманындағы тойды өткізу үшін ауыр дертке шалдыққанын айтқан. Рактың соңғы деңгейі деп жұрттан қаражат жинады. 

29 жастағы Тони Стенден шашын тақырлап алып тастап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Mirror газеті.

"Қатерлі ісік менің басыма, сүйектеріме, барлық жеріме жетті", - деді ол.

Мұны естіген достары Стенденге 8 мың фунт стерлинг (шамамен 5 млн теңгеге жуық) жинап берді. Жас жұбайлар тойдан соң Түркияға бал айына аттанған. Кейін Стенденнің өтірігі әшкере болды.

"Ол мұндай актерлік шеберлігі үшін Оскарға лайық. Бәрімізді алдап соқты", - деді таныстарының бірі. 

Алаяқтық жасағанын мойындаған соң Стенден түрмеге қамалуы мүмкін. Сот бар ақшаны қайтаруға міндеттейді деген болжам жасалып отыр.

1655
Кілт сөздер:
үйлену тойы, қалыңдық
Тақырып бойынша
Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео
Қалыңдық құрбысының тойға киіп келген киімі жұрттың жағасын ұстатты – видео
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Атырау облысында бір апта "тұрмыста" болған 13 жасар қалыңдық үйіне қайтарылды
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа қатысты үкімнің күші жойылды

2791
(Жаңартылды 20:00 30.11.2020)
2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты  іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.

"Алдыңғы екі инстанцияның шешімі жойылды. Істі жаңадан қарау үшін Первомай аудандық сотына жіберілді", - деп РИА Новости сот кеңсесі өкілінің сөзінен үзінді келтірді.  

Еске сала кетейік, 2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын. Бішкек қалалық соты 14 тамызда бұл шешімді күшінде қалдырды.

Оқи отырыңыз: Алмазбек Атамбаев аштық жариялады

Былтыр 7 тамыз күні кешке Қой-Тас ауылында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын өткізді, алайда оған экс-президенттің жақтастары тойтарыс берді.

Келесі күні, 8 тамызда тәртіп сақшылары саясаткерді тұтқындады. Сондай-ақ оның бірнеше жақтасы қамауға алынды.

Атамбаев босатылып, үйқамаққа алынды

6 қазанға қараған түні Бішкекте наразылық білдірушілер экс-президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан шығарып алды, сонымен қатар бұрынғы жоғары лауазымды бірнеше шенеунік босатылды.

9 қазанда экс-президент Бішкектегі митингіде сөз сөйлеп, өзіне билік қажет емес екенін мәлімдеді.   

2791
Кілт сөздер:
Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Алмазбек Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұрады
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Қырғызстан премьер-министрінің кандидатурасы бекітілді
Қырғызстанның экс-премьеріне іздеу жарияланды
Коронавирус, зерттеу

Биолог коронавирустың күтпеген салдарын атады

1
Қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Коронавируспен ауырған адамның ағзасы ерте қартаюы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның аурудың жеңіл не ауыр түрімен ауырғанына қарамайды, деді Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова РИА Новости ақпарат агенттігіне.

Оның айтуынша, қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады.

"Науқастардың барлығы емді амбулаториялық жағдайда қабылдады. Бірақ арасында ауруханаға жатқызылғандар да болды. Ең әлсіз түрімен ауырып шыққан науқастардың 70%-інде кейбір ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Алайда бұл жүрек патологиясы емес, негізінен, майлы гепатоз (бауыр зардап шегеді) және ұйқы безі тінінің майлы дегенерациясы болды", - деді ол.

Оның айтуынша, әдетте мұндай диагноз 60 жаста қойылады. Ал коронавируспен ауырған адамдарда 40 жаста байқалады.

Баранова коронавирус адамдардың қартаюын тездетеді деп отыр. Сонымен қатар маман мұндай зерттеулер көп жасалуы керек деп санайды.

1
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
5G мен COVID-19-ға қатысты тағы бір видео жалған болып шықты 
"Инфекция жұқтыру қаупі жоғары": COVID-19 қай кезде жылдам тарайды
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар саны 133 мыңнан асып кетті
COVID-19: жағдайы ауыр науқасты емдеуге 900 мың теңге жұмсалады