Бойжеткен

Ер адамдарға қандай әйелдің ұнайтыны анықталды

1467
(Жаңартылды 13:38 31.01.2019)
Отыз алты жастағы Хейли Лианна танысу сайты арқылы зерттеу жүргізіп, ер адамдарға көбінесе қандай әйелдің ұнайтынын анықтады

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Британиялық Хейли Лианна зерттеу жүргізіп, ер адамдарға қандай әйелдің көбірек ұнайтынын анықтады. Бұл туралы Daily Mail жазды. 

36 жастағы питерборолық Хейли Лианна (Hayley Leeanna) танысу сайтына кезегімен өзінің суретін жүктеп отырады. Осы суреттің әрқайсысына ол әртүрлі түседі. Біреуінде жасанды шаш кисе, енді екіншісінде мүлдем жаңа стильде киінеді.

Осылайша алты ай ішінде әйел өзін жеті түрлі образда таныстырады: ойын-сауықты жақсы көретін бойжеткен, спортшы немесе бизнес леди. Мұнымен қатар, соңында күнделікті өмірде түскен қарапайым суретін жүктейді.

Нәтижесінде көптеген ер адамның қара шашты қызды ұнатқаны белгілі болады. Бірақ олар бірден оғаш ойлары туралы айта бастаған. Ал жасы үлкен бай азаматтар көбінесе көңіл көтергенді ұнататын сары шашты әйелді таңдаған.

Тағы оқыңыз: 

Спортшы қызды 25 ер адам ұнатып, оны жаттығу залына кездесуге шақырған.

Британиялық бойжеткеннің айтуынша, ол отбасын құру туралы ойы бар салмақты азаматтармен өзінің күнделікті өмірде түскен қарапайым суретін жүктеген кезде танысқан.

Ал бизнес леди образында болған кезде оны сегіз жігіт ұнатып қалады. Ер азаматтар оның ақыл-парасатын жоғары бағалайтынын айтады. Алайда Лианна бұл жігіттермен әңгіменің мүлдем қызықсыз болғанын жеткізді.

Ал әйел макияжсыз түскен суретін жүктегенде өзіне ешбір жігіттің қызығушылық танытпағанын еске алды.

1467
Кілт сөздер:
ер адам, шаш үлгісі, сурет, зерттеу, әйел адам
Тақырып бойынша
Өзбекстанда қос ғашық өздеріне қол салды
Америкалық қыз қазақ жігітіне ғашық болып, қазақ тілін үйренді
Қытай азаматшасына ғашық болған қазақ жігіті сүйгенінен 5 жылға айырылды
"Біздің отбасыда тәртіп басқаша" Америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызының әңгімесі
Махаббат құдіреті: мүгедек жігіт сүйіктісін кездестіргелі өмірі қалай өзгергенін айтты
Махаббат мәңгі ертегі: аймаласып тұрған қос елес суретке түсіп қалды
Полиция Мәскеуде Алексей Навальныйдың жақтастарын ұстап жатыр

Төрт мыңға жуық адам жиналған: Мәскеу алаңында не болып жатыр

114
Билік Мәскеу мен Ресейдің басқа қалаларында эпидемиологиялық ахуал күрделі екенін айтып, акция өткізуге рұқсат бермеген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Мәскеуде Пушкин алаңында келісілмеген акция өтіп жатыр. Полиция қатысушыларды ұстай бастады.

Оқиға орнында жұмыс істеп жүрген құқыққорғаушылар заңсыз акцияның қатысушыларына әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде мен қолғап кию қажеттігін ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.

Полицейлер алаңға плакат ұстап келгендерді, сондай-ақ, балаклава, капюшон, шарфпен бет-аузын тұмшалағандарды ұстауға кірісті. Алаңда журналистер де толып жүр.

Мәскеу бойынша РФ ІІМ бас басқармасының мәліметінше, Пушкин алаңына санкцияланбаған іс-шараға төрт мыңға жуық адам жиналған.

Әзірге қатысушылардың нақты саны белгісіз.

Ресей ІІМ құқыққорғаушыларға қатысты әр арандату мен олардың заңды талаптарына бағынбау жеке тергелетінін ескертеді, деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ирина Волк.

"Ресей ІІМ санкцияланбаған бұқаралық шараларға қатысуды жоспарлап отырған азаматтарға құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты арандату әрекетінің әр фактісі немесе олардың талаптарына бағынбау жеке-жеке тергелетінін және тиісті құқықтық баға берілетінін еске салады", – деп келтірді Волктың сөзін ІІМ медиа сайты.

Бұған дейін Ресейдің бас прокуратурасы мен ІІМ 23 қаңтарда Мәскеуде және басқа қалаларда жоспарланған санкцияланбаған акцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жауапкершілік туралы бірнеше мәрте ескертті. Заңсыз акция қоғамдық тәртіпке төнген қауіп, арандату деп бағаланады және "бірден жолы кесіледі".

Сонымен қатар, бас прокуратура интернетте акцияларға қатысуға үндеген хабарламаларды таратуды тоқтатуды талап етті.

Айта кетсек, осыған ұқсас келісілмеген акциялар Ресейдің басқа қалаларында да өтіп жатыр.

Билік акцияларға рұқсат бермеу себебін эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен түсіндірді.

114
Гүл мен шам, архивтегі сурет

Танымал тележүргізуші өмірден озды

13761
Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы оның Twitter-дегі аккаунтында хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Америкалық тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды.

Кинг сенбі, 23 қаңтарда Лос-Анджелестегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Қаралы хабар марқұмның Twitter-аккаунтында жарияланды.

Тележүргізушінің неден қайтыс болғаны айтылмаған. Бірақ, бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, ол коронавируспен ауырған.

Ларри Кингтің отбасы оларды жуық арада мазаламауды өтінді. Жүргізушіні жерлеу рәсімі қашан өтетіні кейінірек хабарланады.

Кингтің Instagram-дағы парақшасында соңғы сурет былтыр қазан айында жарияланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Larry King (@larrykingnow)

Ларри Кинг көпшілікке өзінің Larry King Live шоуы арқылы танымал болды. Көрермендерге 1985 жылы жол тартқан шоу CNN арнасының ең танымал бағдарламасы еді. CNN эфиріндегі 25 жыл ішінде шоудың уақыты да, жүргізушісі де өзгерген емес. Осының арқасында ол Гиннес рекордтар кітабына енді. Шоу-бизнес жұлдыздары, белгілі кәсіпкерлер мен әлем елдерінің саясаткерлері Кингтің шоуында қонақ болды.

Кинг өз мансабында 50 мыңнан астам сұқбат жүргізген.

13761
Кілт сөздер:
тележүргізуші
Гүл шоғы

Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды

0
Жол апаты 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында болды, қазақстандық шаңғышы отыз сегіз жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды. 

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

0
Кілт сөздер:
жол апаты, спортшы
Тақырып бойынша
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды – видео