Әлем

Ағасы мен құрбысы сияқты бағын сынап көрген әйел олжалы болды

CC0 / pixabay.com / Доллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық әйел ағасы мен құрбысынан көріп, лотереяға қызығушылығы оянған

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. АҚШ-тың Монтана штатындағы Грейт-Фолс қаласында тұратын әйел ағасы мен құрбысы сияқты лотереядан джекпот ұтып алды, деп хабарлайды UPI басылымы.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Әлем
Аяқасты үлкен олжаға тап болған кедей жігіт көп ұзамай тақырға отырды

Джоди Хендерсонның ағасы мен танысы екі бөлек лотереяға қатысып, аса ірі көлемде ұтыс жеңіп алған екен.

Отбасында лотереядан олжалы атанған үшінші адам Джодидің өзі болды. Ол 12 ақпанда 9262 долларға (3,5 млн теңгедей) байып кетті. Бұл ақшаны Киелі Валентин күнін тойлауға және түрлі төлемдер жасауға жұмсаған.

Әйелдің айтуынша, жақындары бірінен соң бірі джекпот ұта бастаған соң, лотереяға қызығушылығы ояныпты. Хендерсонның ағасы 19 мың доллар (7 млн теңгеден астам) олжаға кенелсе, құрбысы лотереядан жеңімпаз атанған соң, жылма-жыл 25 мың доллар (9,4 млн теңге) қаржы алып отырады.

Жаңалықтар
0