Әлем

Отбасылық дәстүрді үзбей жалғастырған ағайындылар аяқ астынан үлкен олжаға кенелді

© AFP 2024 / Yasin Akgul Доллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ирландияда ағайынды алты ұл мен қыз 200 млн доллар ұтып алды

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ирландиялық отбасы EuroMillions лотереясын ұтып, бір күнде 200 миллион долларға байыды, деп хабарлайды Mirror басылымы.

Доллар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ағасы мен құрбысы сияқты бағын сынап көрген әйел олжалы болды

EuroMillions лотереясын ұйымдастырушылар алғашында жеңімпаздың есімі мен ұтыс билеті сатылған дүкеннің атауын жарияламаған. Сыйақыны табыстайтын күні ұтыс иегерінің бір емес, алтау екенін көріп қатты таңырқапты. 

Сөйтсе, бұл отбасы бұрыннан лотерея ойнағанды жақсы көреді екен.

Ирландияның Нол ауылында тұратын ағайындылар есейіп, жеке өмірге қадам басса да, демалыс сайын жиналып лотерея ойнайтын көрінеді. Ақыры соңында отбасының айы оңынан туады.

Жеңімпаздардың бірі алғашында қомақты қаражат ұтқандарына сенбепті. Ол соңғы цифрларды естіп, билеттегі сандармен сәйкес екенін байқайды. Өз құлағына өзі сенбеген ол ұтыс билетін интернет арқылы тексеріп барып көзі жеткен. Өзінен басқа аға-әпкелерін сендіру де қиынға түскен екен.

Бастапқыда ұтыс билетін матрастың астына тығып қойып, кейін Ирландияның ұлттық лотереясына тапсырады.

Берекелі отбасы 199 миллион доллар ұтып алған. Бұл - елдегі ең ірі ұтыс. Қомақты қаражатты иегерлерге табыстау бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

"Біз өте тату отбасымыз. Жиі демалысқа шығамыз, демалыс күндерін бірге өткіземіз. Ақшаның бізді өзгерткенін қаламаймыз", - дейді жеңімпаздардың бірі.

Жаңалықтар
0