Әлем

Аяғым ауыр деп қателескен әйел өлім аузынан қалды

© AP Photo / Teresa CrawfordУЗИ
УЗИ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі баланың анасы соңғы кездері тез шаршап, ішіндегі қозғалысты сезген соң жүктімін деп ойлаған

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Аяғы ауыр екенін тексермек болған 36 жастағы австралиялық Сирин Стил бір ажалдан аман қалды.

Девушка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытайда жұмысқа алар кезде "Жүктісіз бе?" деген сұрақты қоюға тыйым салынды

Әйел адам жүктіліктің белгілерін байқап, құрсағында қозғалысты сезінгенде, өзін аяғы ауыр екен деп қалған, деп жазады New York Post.

Бірақ дәрігерге барып қаралғанда, оны мүлдем басқа жаңалық күтіп тұрған еді: Сириннің құрсағындағы сәби емес, аналық безінің қатерлі ісігі болып шықты.

Жезқазғанда жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды

Дәрігерлер бір аптадан соң ота тағайындап, ол кезге дейін 13 сантиметрлік қатерлі ісік тағы бес сантиметрге ұлғайып кеткен.

Комаға түскен әйел оянғанда ана атанғанын естіді

Негізінде қатерлі ісіктің бұл түрін осындай ерте кезеңде анықтау өте қиын болып саналады. Сондықтан Сирин жүктімін деп қателесіп, өлім аузынан қалды, дейді дәрігерлер.

Сөйтіп, екі баланың анасына ота сәтті жасалып, төрт ай химия терапия алған соң, қатерлі ісіктен құлан таза айығады. Қазір ол осы сырқаттың қаупі туралы әйелдерді хабардар ету үшін ерікті болып жұмыс істеп жүр.

Жаңалықтар
0