ферма, архив фотосы

Мал қорадағы масқараны көрген президент облыс шенділерін қызметінен қуды - видео

8794
(Жаңартылды 12:29 27.03.2019)
Беларусь президенті Александр Лукашенко Могилевск өңіріндегі жұмыс сапары кезінде жоспарланған жерге емес, көзі түскен мал қораға кіріп кеткен. Соның салдарынан облыс шенеуніктері қызметінен айырылды

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Александр Лукашенко Могилевск облысына сапары кезінде осы өңірдің бірнеше жоғары шендісін, соның ішінде облыс губернаторын, президенттің облыс бойынша көмекшісін және Шкловскі ауданының басшысын қызметінен айырды. Оған басты себеп – мал қорадағы масқара, деп хабарлайды ОНТ беларусь телеарнасы.

Лукашенко 26 наурызда "Купаловское" агрохолдингін аралайды, бірақ ол жоспарланған бағыттан тайып, мал қораға тікесінен тартқан. Ал мал қора "кісі тамашалауға" дайын болмай шыққан. Одан бөлек ондағы малдардың да жай-күйі мәз болмапты. Ыңыршығы айналған кәрі мөшке тәлтіреңдеп әрең тұрғанға ұқсайды.

"Қарашы, мына сиыр өлейін деп әрең тұр ғой. Көрмейсің бе, ыңыршағы айналып кеткенін. Неге мұнда мені әкелдіңдер? Қолдарына кісен тақсын деп пе? Мұның Освенцим екенін түсінбейтін адамды қалай агрохолдинг басшысы қылғансыңдар? Ол не, осының бәрі дұрыс деп ойлай ма? Несін жөндейді? Бұл араны күнде, минут сайын жөндеу керек! Қора тазалайтын адам болу керек. Малдың асты үнемі құрғақ болуы тиіс!", - деп айқалады аяқ-асты мал қораға кіріп, ондағы масқараға куә болған Лукашенко.

Беларусь көшбасшысы бұл үшін шенділер қызметінен айырылып қана қоймайтынын, тіпті қылмыстық іс қозғалатынын да айтты.

"Қазір қасымда қандай адамдар жүр? Бәрінің тізімін кешке дейін алдыма қойыңдар. Біреуін де қалдырмаймын. Бәрін орнынан аламын. Кінәлілердің қолына кісен салынады", - деді Лукашенко.

8794
Кілт сөздер:
видео, сиыр, Беларусь, Александр Лукашенко
Тақырып бойынша
Лукашенко Роза Рымбаеваға сыйлық табыс етті
Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады
Лукашенко: жер шарында Ресей, Беларусь және Қазақстаннан жақын ел жоқ
Онда емес, мына жаққа: Лукашенко Назарбаевты солға алып жүрді
Тұрғындар, архивтегі сурет

Ғалымдар COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

868
(Жаңартылды 11:34 31.10.2020)
Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе науқастар терісінің өзгергенін көрді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Коронавируспен ауырғандардың терісіне зақым келеді. Массачусетс ауруханасы, Дерматология қоғамының халықаралық лигасы және Америкалық дерматология академиясының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе, науқастар терісінің өзгергенін көрді. Коронавирус белгілері бар 224 адам мен расталған 90 жағдайда бұл симптом шамамен 12 күнге дейін созылған. 

Зерттеушілердің айтуынша, алты жағдайда бақай тырнағы дерттері пайда болған. Оларда сырқат 60 күнге дейін дейін жалғасты, тағы екі жағдайда 130 күнге дейін созылған.

Британиялық басылымның хабарлауына сәйкес, халықаралық COVID-19 дерматологиялық тізімде коронавирустан кейін аяқтың сырқаты байқалған. Науқастардың 16 проценті ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін медицина вирустың мұндай салдары туралы хабарламаған болатын. Алайда өкпе, жүрек, бүйрек және адамның репродуктивті жүйесіне зақым келетіні айтылды.

868
Кілт сөздер:
коронавирус, ғалымдар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Баяғы жартас – сол жартас: коронавирусқа қарсы тегін дәрілер қайда кетті?
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина пандемиядан екі жыл бұрын жасала бастаған
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Жер сілкінісі

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

62
(Жаңартылды 09:32 31.10.2020)
Қазіргі уақытта жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстандық дипломаттар хабарласуға болатын телефон нөмірлерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Түркиядағы Қазақстан елшілігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер қандай нөмірлерге хабарласа алатынын жариялады.

Еске сала кетсек, жұма, 30 қыркүйекте Эгей мен Мәрмәр теңізі өңірінде магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Измирде бірнеше ғимарат қирағаны туралы хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Embassy Kazakhstan in Turkey (@kzembassytr)

Жер сілкінісінен зардап шеккен Қазақстан азаматтарын мына нөмірлерге қоңырау шалуын сұраймыз:

Абылай Амандыков +905384409677

Асылбек Сыдықов +905367772827

Лаура Болатова +905396903114

Измирдегі Қазақстанның құрметті консулы Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедьянова +905347023135.

Соңғы мәліметке сәйкес, Түркия батысында болған жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 24 адамға жетті. 800-ге жуық адам зардап шеккені хабарланды.

62
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, жер сілкінісі, Түркия
Тақырып бойынша
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Министрлік Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді
Димаш пен Тасмағамбетов Түркияда туған күнде жүр – видео
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Қар, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

9
(Жаңартылды 14:55 31.10.2020)
Sputnik Қазақстан 1 -14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 - "Астана Операда" "l`esprit du vents" камералық музыка кеші.  Дамиля Махпірова, Әсет Нелдібаев, Гүлжанат Жанатаева өнер көрсетеді (Қонаев көшесі, 1).

Алматы

11.00 – "Алмакон" халықаралық комикстер фестивалі. Бәрібаев көшесі, 36. Байланыс телефоны: +7 (771) 462-85-52).

2 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" онлайн-концерті (@astana_philharmonic Instagram парақшасында).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

9
Кілт сөздер:
қараша, Қазақстан