Әлем

Алаяқ жігіт он тоғыз қыздың басын айналдырып, мұзға отырғызып кетті

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСеруендегі қыз бен жігіт, архивтегі фото
Серуендегі қыз бен жігіт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайлық жігіт қылмыс жолымен екі жыл ішінде елу жеті миллион теңге тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қытайдың Чжэнчжоу қаласының полициясы "баймын" деп өтірік айтып,  он тоғыз қызды алдап кеткен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Sina-Henan ақпарат порталы.

Медбике - Sputnik Қазақстан
Әлем
Махаббат дерті: дәрігерлер сүйіктісі тастап кеткен әйелге өлтіретін дәрі екті

Қытайлық жігіт бірнеше қызбен кездесіп, қомақты қаражат жинап алған. Ол өз жоспарын екі жыл ішінде жүзеге асырыпты. Басы бос қыздармен интернетте "байдың баласы" болып танысқан. Бірнеше кездесуден соң, қыздардың бәрі оған ес-түссіз ғашық болыпты.

Айлакер жігіт сүйіктілеріне қымбат көрінетін "өтірік бренд" бұйым сыйлаған. 

Зардап шегушінің айтуынша, алғаш кездескенде жігіт оған мүлдем ұнамапты. Алайда ол қыздың көңілін баурай алды.

Біраз уақыттан соң, есепшотына ақша аударуды сұрай бастаған. Жоспарға сәйкес, қарызын бірден қайтаруды да ұмытпапты. Осылайша, он тоғыз қыздың сенімін жаулап, біртіндеп қомақты қаражат сұрай бастаған. Бұл жігіттен бала сүйген қыз сүйіктісімен үйлену тойын жоспарлағанын айтады. 

Тағы оқыңыз: Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін айтты

Ал өткен жылдың соңында жігіт үйіне келмей қойған. Онымен бірге екі көлік пен жиырма үш мың долларға жуық ақша да жоқ болды. Алданған қыз полицияға хабар бермей, өзі жеке тексеру жүргізбек болған. Құпиясөздерін тауып алып, оның әлеуметтік желідегі парақшасына кірген.

Дәл осы кезде сүйіктісінің алаяқтықпен ақша тауып жүргеніне көзі жетіп, полицияға шағым түсірді. Полицейлер күдіктінің екі жылда ондаған әйелдің басын айналдырып, олардан бір миллион юань (57 миллион теңгеге жуық) алғанын анықтады.

Қолға түскен жігіт кінәсін толықтай мойындап отыр. 2017 жылы жұмыстан айырылған соң, осындай жоспар құрғанын айтқан.

Тергеу жұмысы жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0