Теміржолшы аяқ астынан байып кетті: 14 жылда оның өмірі қалай өзгерді

4201
37 жастағы теміржол маманы джекпот ұтқаннан кейін жұмыстан шығып, ақшаны бизнеске салған

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір - Sputnik. 2005 жылы ұлыбританиялық теміржолшы лотереядан 2,5 миллион фунт (шамамен 1 миллиард 245 миллион теңге) ұтып алды, бұл оның тағдырын түбегейлі өзгертті, деп жазды Liverpool Echo.

Бенге билетті анасы сатып алыпты. 37 жастағы теміржол маманы джекпот ұтқаннан кейін жұмыстан шығып, ақшаны бизнеске салған.

"Қомақты ұтыс жеке тұлғамды өзгерткен жоқ. Ол мен өмір сүретін жағдайды өзгертті ", – дейді Бен Вудз.

Үш жылдан кейін Бен өзінің болашақ жарын кездестіреді. Қазір ерлі-зайыпты үш қыз тәрбиелеп отыр.

"Бала күнімде әкем маған көп уақыт бөле алмады. Ол отбасын асырау үшін күндіз-түні жұмыста жүретін. Ал менде балаларымның қалай өсіп келе жатқанын күн сайын бақылайтын мүмкіндік пайда болды, оларды мектепке шығарып салып, үйге алып келемін", – дейді ол.

Алайда Беннің әйелі жұмыстан шықпауды жөн көріпті. Өзі де өмірінің соңына дейін жұмыссыз жүрмейтінін айтады.

"Балалар бір үзім нанды диванда отырып табуға болмайтынын түсінуі тиіс. Бұл өте маңызды нәрсе", - деп түйіндеді үш қыздың әкесі.   

4201
Кілт сөздер:
ұтыс, лотерея, теміржол
Тақырып бойынша
Отбасылық дәстүрді үзбей жалғастырған ағайындылар аяқ астынан үлкен олжаға кенелді
Ағасы мен құрбысы сияқты бағын сынап көрген әйел олжалы болды
Туған күнінде бағын сынаған жас жігіт әп-сәтте миллионер атанды
Әжетханаға сұранған балалар әкесін үлкен олжаға кенелтті
Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды
АҚШ, Капитолий

Байден Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

503
(Жаңартылды 12:11 24.09.2021)
Профессор криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің профессоры Сәуле Омарованы ақша айналымын бақылау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) басшысы қызметіне тағайындауды жоспарлап отыр. Бұл басқарма Америкадағы банк секторының негізгі реттеушісі болып саналады. Бұл туралы Bloomberg.com хабарлады.

Тағайындау жұмысымен таныс үш бірдей адам Сәуле Омарованың бір апта ішінде басқарма жұмысына тартылатынын растады. Алайда Ақ үй ақпаратты ресме түрде нақтылаған жоқ. Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова осы қызметке тағайындалса, АҚШ тарихында алғаш рет банк секторының негізгі реттеушісін әйел адам басқарады.

"Ақша айналымын бақылау басқармасы елдің ірі кредиторларын бақылайды. Олардың ішінде JPMorgan Chase & Co., Bank of America Corp. және Citigroup Inc. бар. Корнель университетінің заң факультетінде дәріс беріп жүрген Омарова таңдалса, Уолл-стритке оңай болмайды. Қатты бақылау мен қатаң ережелер енгізіледі деген болжам бар", - дейді мақала авторы.

Профессор Сәуле Омарова криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсеткен.

Айта кетері, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан. Оған дейін осы қызметке үміткер екі адам болды. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омарованы қарастыруға кірісті.

Сауле Омарова
Сәуле Омарова

Джордж Буш кезінде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

Сәуле Омарова Корнель университетінде жұмыс істейді. Банк құқығы бойынша профессор дәрежесі бар. Мәскеу мемлекеттік университетінде (1989), Висконсин университінде (1999) және Солүстік-Батыс университінде (2001) оқыған. Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілін біледі.

503
Кілт сөздер:
АҚШ, лауазым, жаңа қызмет
Тақырып бойынша
"Қазақша сөйлемеймін": Францияда мэрдің орынбасары болған қазақ қызы сұхбат берді
Қазақ қызы АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүр
Джо Байденмен жұмыс істейді: қазақ қызы АҚШ-та жаңа қызметке кірісті
Сәуле Омарова АҚШ-та лауазымды қызметке ұсынылды
Қазақ қызы АҚШ-та өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті – фото
Киім ілетін құрылғы

"Ауылдың кір киімін жуып, үтіктеуге тиіс": сот ер адамға ерекше үкім шығарды

703
Бұл судья ерекше шешімдерімен кеңінен танылған. Бұған дейін адам өлтіруге оқталған ер адамды кепілге босатуға рұқсат берді. Бірақ айыпталушы өз ауылында немесе қоғамдық жерде бес жеміс ағашын отырғызуға тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Үндістанның Бихар штатының соты кінәлі деп танылған ер адамды жарты жыл бойы кір жууға және киім үтіктеуге міндеттеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Айыпталушы жарты жыл бойы арыз түсірген адамның және ол тұратын ауылдағы барлық әйелдің кір киімін  жууға тиіс. Алты айдан кейін сол ауылдың үлкені немесе құрметті мемлекеттік қызметшіден куәлік алып, сотқа тапсыруы қажет", - делінген сот үкімінде.

Оған қоса, ер адам кепілге 10 мың рупий салып, осы сомаға тағы екі кепілгерлік тапсыруы шарт.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы Лалан Кумар Сафи 17 сәуірге қараған түні әйелге шабуыл жасаған. Оны Үндістан қылмыстық кодексінің 354В бөлімі ("әйелді шешіндіру мақсатымен шабуыл жасау") бойынша жауапқа тартқан. Полиция Сафидің сот үкімін қалай орындайтынын бақылайды.

Сот үкімін шығарған Авинаш Кумар ерекше шешімдерімен кеңінен танылған. Бұған дейін адам өлтіруге оқталған ер адамды кепілге босатуға рұқсат берді. Бірақ айыпталушы өз ауылында немесе қоғамдық жерде бес жеміс ағашын отырғызуға тиіс. Ал тағы бір істі қарағанда жауапқа тартылған ер адамды кәріз құбырын тазартуға міндеттеген.

Оқи отырыңыз: 

703
Кілт сөздер:
киім-кешек, сот
Тақырып бойынша
Үндістанда вакцина салу кезінде әйелдер ерсі қылық көрсетіп жатыр
Үндістанда адамдар туыстарының мәйітін өртейтін орын үшін төбелесе бастады
"Анашым әбден қиналып өлді": Үндістанда мәйіттерді далада өртеп жатыр
Үндістанда 40 адам белгісіз аурудан қайтыс болды
Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0