Рөлде отырған ер адам

Көлікпен соқтығысқан жүргізуші ашуға ерік беремін деп бағанаға "жабысып қалды" видео

730
(Жаңартылды 22:09 14.04.2019)
Жол апатына түскен жүргізуші басқа көліктегі адамдарға жұдырық ала жүгірген

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Киевте адамдар ашуға ерік берген Ford көлігінің жүргізушісін бағанаға скотчпен орап тастауға мәжбүр болды.

Скотчпен оралған ер адамның видеосы Facebook әлеуметтік желісіндегі "Киев оперативный" тобында жарияланды.

Желі қолданушыларының жазуынша, бұған дейін жанармай құю бекетінде жол апаты болыпты. Ford автокөлігі басқа көлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізуші мен қасында отырған әйел көліктен атып шығып, екінші көліктегі адамдарға жұдырық ала жүрген, деп жазады life.ru.

Ал олар болса, ашулы жүргізушіні осындай жолмен сабырға шақыруға мәжбүр болған.

730
Кілт сөздер:
Киев, жүргізуші, жол апаты
Тақырып бойынша
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Сәбиін құшағына алып, көлік айдаған көпбалалы ана жұрттың ызасына тиді – видео
Түйені көлікпен қуған полицейлер жұрттың күлкісіне қалды – видео
Арыстан өзін сипамақ болған туристің қолын тістеп жұлып ала жаздады – қорқынышты видео
Ақтауда балалардың ойыны қайғылы оқиғаға ұласа жаздады – видео
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

9
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

9
Қырғызстан туы

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

2155
Конституциялық кеңес мүшелерінің бірі мемлекетте халық билігі енгізілетіндіктен, ел атауында "халық" сөзі болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қырғызстанда Конституциялық кеңестің отырысында ел атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Кыргыз жолу" қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев ел атауын "Кыргыз Эл Республикасы" (Қырғыз Халық Республикасы) деп өзгертуді ұсынды.

"Бізде халық билігі енгізілетіндіктен, мемлекеттің атауында Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) халық сөзі болуы тиіс", - деді Қошалиев Конституциялық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов ел атауының орыс тілінде жазылуына қатысты ойын айтты.

"Орыс тілінде "Республика Кыргыз" деп дұрыс жазу қажет, сонда басқа ұлттар өкпелемейді. "Кыргызская Республика" дегенде тек қырғыздардың елі деп ойлап қалуы мүмкін. Ал "Республика Кыргыз" атауынан барлық ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған ел екенін түсінуге болады", - деді экс-министр.

Еске салсақ, 20 қарашада Ата заңның жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Бұған дейін Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасы мен референдум өткізу туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Референдумды президент сайлауымен бір күнде – 10 қаңтарда өткізу жоспарланып отыр.

2155
Кілт сөздер:
атаулар, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды
Газ конфоркасы

Қазақстанда елді мекендердің тек 24 проценті газбен қамтылған

5
(Жаңартылды 09:43 24.11.2020)
2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекеннің тек 1468-іне газ тартылған. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді атады. 

Олар: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,2%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

"Жалпы, еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і немесе елді мекендердің жалпы санының 24%-ы газдандырылған", - деді Ноғаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, айтуынша, соңғы бес жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.

Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ке жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ке артық.

2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде соңғы екі жылда 76 миллиард теңге бағытталды.

5
Кілт сөздер:
газ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді
Газ нарығының болашағы қандай?
Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды
Мамин әкімдіктерге бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды тапсырды