Әлем

Ресейлік танымал әнші жол апатына ұшырады

CC0 / Free-Photos / Сынған шыны, архивтегі сурет
Сынған шыны, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртіс қалаға бара жатқан жолда апатқа түскен

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Ресейлік әнші Влад Топалов шіркеуден үйіне бара жатқан жолда апатқа түсті. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vlad Topalov (@vladtopalovofficial)

"Таңертең шіркеуге барып келемін деп шештім. Таңғы сағат 05:00-те тұрып, шіркеуге бардым. Көңіл-күйім көтеріңкі болды. Қалаға барып, әуежайда әйелім мен баламды қарсы алмақ болдым. Бірақ жолдың 26-шы шақырымында апатқа түстім", - деп жазады әнші.  

Топаловтың айтуынша, ол сағатына 115 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Соғылған машинаның алдына өзге көлік шыға келіпті. Жүргізушінің Топаловтың көлігіне соғылудан басқа амалы қалмаған. 

Тағы оқыңыз: Белгілі әнші жаңа қызметке тағайындалды 

"Жүргізуші – зейнеткер. Өзі қатты сасып қалды. Тіпті, жол полициясы қызметкерлері келгенде  құжаттарды ол үшін толтыруға тура келді", - дейді әнші.

Влад Топалов 1985 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Сергей Лазаревпен бірге Smash дуэтінде ән айтты.

Жаңалықтар
0