Фастфуд. Архивтегі сурет

Дәмхананы тонамақ болған жігіт күлкіге қалды видео

2566
Ұры дәмханалар желісіне терезе арқылы кірген

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Дейд округінің полиция департаменті сәтсіз ұрлық видеосымен бөлісті.

Ұры дәмханаға терезеден кірген екен. Бетін көк жейдемен жауып, сатушыны қарумен қорқытқан. Жігіт кассадағы ақшаны талап етіпті. Осы сәтте дәмхана қызметкерлері қашып үлгерген, деп хабарлайды NBC Miami басылымы.

Жігіт кассаны ашуға қанша тырысса да, құрылғының қалай жұмыс істейтінін түсіне алмапты. Жолы болмаған ұры үйіне ақыры құр қол қайтты.

Полицейлер оған іздеу жариялады.

2566
Кілт сөздер:
дәмхана, жігіт, күлкі, видео
Сириядағы журналистер. Архивтегі фото

Халед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

17
(Жаңартылды 21:39 30.07.2021)
Жүлде 2017 жылы Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. RT телеарнасы журналистерге қақтығыс аймағында дайындаған үздік жұмысы үшін берілетін жыл сайынғы Khaled Alkhateb International Memorial Awards халықаралық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады. 

Сыйлық 2017 жылы 30 шілдеде Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған. Биыл бұл жүлде төртінші рет өткізіліп отыр.

Халед әл-Хатыб атындағы Халықаралық сыйлық төмендегі аталымдар бойынша беріледі:

  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: мәтін";
  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: видео";
  • "Соғыстан кейін: мәтін/видео" - соғысты бастан өткерген және бейбіт өмірге оралған адамдардың және тұтас халықтың тағдыры туралы. Номинация алғаш рет ұсынылып отыр.   

Khaled Alkhateb International Memorial Awards — 2021 жүлдесінің жеңімпаздары 200 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

https://award.rt.com сайтында өтінім беруге болады. Жеңімпаздар 30 қарашада анықталады.

Алғашқы жылы Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан журналистер марапатталды. Қазылар алқасының құрамында шетелдік және ресейлік журналистер, оның ішінде Ирада Зейналова мен Евгений Поддубный болды.

2019 жылы 25 елден жолданған жұмыстар қаралды.

Сириядағы, Ирактағы және Ливиядағы қақтығыстар туралы айтқан Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы RT сыйлығын Ресей, Сирия және Үндістанның әскери корреспонденттері алды.

RT телеарнасы RT Arabic-пен ынтымақтастық орнатқан 25 жастағы журналист Халед әл-Хатыбты еске алуға арналған Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады.

Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясындағы содырлардың зымыран шабуылы салдарынан қаза тапты. Халед өз репортаждарында Сирияның үкіметтік күштерінің террористермен соғысын көрсетті.

17
Ақ үй

АҚШ сенаторлары Ақ үйге ультиматум қойды - саясаттанушы пікірі

89
Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Американың бір топ сенаторы ресейлік "Солтүстік ағын - 2" жобасы тоқтатылмаса, АҚШ-тың қаржы министрлігіндегі тағайындауларға бұғаттау енгіземіз деп қысым көрсетті. Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников осы жағдайға қатысты өз ойын бөлісті.

Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды. Олар "Солтүстік ағын – 2" жобасына жаңа санкциялар енгізуді талап етіп отыр.

Олар ұсынған хаттан үзіндіні Bloomberg агенттігі жариялады.

"Солтүстік ағын – 2" газ құбыры Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары және серіктестерінің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне тікелей зиян келтіріп отыр. Бұл жоба аяқталатын болса, онда РФ президенті Владимир Путиннің Еуропаға ықпалы артып, Украинаның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және ресейлік агрессияның артуына алып келеді", - деп жазылған хатта.

Ақ үй әкімшілігі "газ құбырына қатысты өз позициясын өзгертіп, жаңа санкциялар енгізбесе", сенаторлар қаржы министрлігіндегі екі қызметтік тағайындауға тосқауыл болуды көздеп отыр.

Күні кеше Nord Stream2 AG газ құбырының операторы аталған жоба 99 процентке дайын екенін жариялады.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, Заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников ресейлік жобаға қарсы тұру ішкі саяси күрес құралына айналғанын айтты.

"Бұл ұзаққа созылатын ойын. Қазір демократтар мен республикашылдардың орны ауысқанын көріп отырмыз: енді демократтар өз ұстанымдарын қорғап, Кремльмен еш байланысы жоқ екенін дәлелдеп жатыр. Жалпы АҚШ ішінде түрлі позициялар бар екенін, елдің ешбір президенті өз бетінше мемлекет болашағын шеше алмайтыны бұрыннан белгілі. Аталған позициялардың авторлары түрлі қысым көрсетуді жалғастыра береді. Бұл "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғанша жалғаса береді. Алайда газ құбыры жақында іске қосылады. Ал қаржы министрлігіндегі тағайындауды созбақтау жалғасады. Бұл АҚШ-тағы ықпал үшін күрес", - деп санайды Дмитрий Солонников.

89