Әлем

Мешітте теракт жасалды: Ауғанстан мен Пәкістанда 26 адам көз жұмды

© AP Photo / Arshad ButtАуғанстандағы теракт, 24 мамыр 2019 жыл
Ауғанстандағы теракт, 24 мамыр 2019 жыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жойқын жарылыстар жұма намазы кезінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

© REUTERS / OMAR SOBHANIАуғанстанның қауіпсіздік күштері жарылыс болған Кабул мешітінің маңында тұр, Ауғанстан, 24 мамыр 2019 жыл
Мешітте теракт жасалды: Ауғанстан мен Пәкістанда 26 адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жарылыс болған Кабул мешітінің маңында тұр, Ауғанстан, 24 мамыр 2019 жыл
Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Теракт кезінде ең бай адамның үш бірдей баласы көз жұмды

Әзірге Пәкістандағы бірде-бір террористік топ теракт үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Екінші жарылыс Кабул мешітінде болды. Салдарынан белгілі діни көшбасшы Мавлави Самиулла Райхан (Mawlawi Samiullah Raihan) қайтыс болды. 16 адам зардап шекті.

Жаңалықтар
0