Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған

Ердоған Қытайдағы ұйғырларға қатысты тосын мәлімдеме жасады

7367
(Жаңартылды 09:54 03.07.2019)
Түркия басшысы Қытай мен Түркия арасындағы өшпенділікті қоздыруға жол берілмейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы этникалық топтардың барлығы бақытты өмір сүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін түрік билігі Қытайды Шыңжаңдағы ұйғырларға қысым көрсетіп, оларды түзету лагерлерінде мәжбүрлеп ұстап отыр деп айыптаған еді. Алайда Ердоған Қытайға сапары кезінде басқаша сөйледі.

"Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі барлық халық бақытты өмір сүріп жатыр, түрік тарапы ешкімге Қытай мен Түркия арасындағы өшпенділікті қоздыруға жол бермейді", - деді Ердоған ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде.

Ол Түркияның радикализмге қарсы екенін және саяси сенім мен қауіпсіздікті нығайтуды қолдайтынын айтты.

Ақпан айында Түркия сыртқы істер министрлігінің өкілі Хами Аксой Қытайды этникалық ұйғырлардың құқықтарын құрметтеуге және оларды күштеп қамауда ұстауға арналған лагерлерді жабуға шақырды.

Аксой "21-ғасырда концентрациялық лагерлердің қайтадан пайда болуы –  бүкіл адамзат үшін масқара" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "миллионнан астам ұйғыр түрмелерде және концлагерлерде күштеп ұстау, азаптау және идеологиялық оңалту саясатымен бетпе-бет келген".

Қытай сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемені "жиіркенішті" деп атап, наразылық білдірді. Наурыз айының басында Қытайдың Түркиядағы елшілігі осы мәлімдеден кейін Қытайдың Измирдегі Бас консулдығын уақытша жабатынын жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда мыңға жуық этникалық қазақ саяси тәрбиелеу лагерлерінде отырғаны хабарланған еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларды босату жұмыстарын жүргізіп жатыр және Қазақстан азаматтығын алып, тарихи отанына оралуға көмектесуде.

Қытайда 1,5 миллионнан астам этникалық қазақ тұрады.

7367
Кілт сөздер:
Шыңжаң-Ұйғыр өлкесі, Режеп Тайип Ердоған
Тақырып бойынша
Қытай елшісі Шыңжаң "лагерьлеріндегі" шынайы ахуалды айтып берді
Назарбаева Қытай елшісімен кездесуінде этникалық қазақтар проблемасын көтерді
Қытайда лагерьден босаған қазақтарды үйқамаққа алып жатыр - СІМ не дейді?
Қытай Шыңжаңдағы "лагерьлерде" 1 миллион адам отырғанын жоққа шығарды
Сағынтаев ұйғыр тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысқа жауап берді
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

10
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

10
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

15
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

15