Сейсмологтар

Калифорнияда 20 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды қорқынышты видео

846
(Жаңартылды 12:07 05.07.2019)
Жер сілкінісі салдарынан өрт шығып, ғимараттар қирады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Солтүстік Калифорния аймағында соңғы 20 жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды CNN.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 6,4 балл. Ошағы Лос-Анджелес қаласынан 196 шақырым жерде. Жер асты дүмпулері Лас-Вегаста да сезілген. Ең күшті дүмпуден кейін магнитудасы әлсіздеу - 4,7, 3,5, 3,8 және 4,2 балл тағы төрт сілкініс болды.

Эпицентрге жақын жерде Риджкрест қаласы мен АҚШ-тың әуе-теңіз күштерінің полигоны орналасқан. Оқиға салдарынан жергілікті ауруханадағы адамдарды эвакуациялауға туралы келді. Сонымен бірге ауданда өрт шығып, ғимараттар қирады.

Тағы оқыңыз: Қытайда бірнеше қуатты жер сілкінісі болды - видео

АҚШ президенті Дональд Трамп жер сілкінісі туралы естіп, Twitter парақшасында ахуалды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Калифорниядағы соңғы  жойқын жер сілкінісі 1999 жылы болды, ол кезде магнитудасы 7,1 балл болған еді. Ал одан бұрын 1994 жылы магинтудасы 6,7 жер асты дүмпуі салдарынан 57 адам қаза тауып, миллиардтаған доллар шығын келді.

846
Кілт сөздер:
видео, жер сілкінісі, АҚШ
Тақырып бойынша
Алматылық сейсмологтар 5 балдық жер сілкінісін тіркеді
Жапонияда екі жойқын жер сілкінісі болды
Алматыдан 347 шақырым жерде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінді
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

72
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

72
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Ли Гон Хи

Әлемге әйгілі компанияның бас директоры қайтыс болды

35
(Жаңартылды 13:15 25.10.2020)
Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Әлемге әйгілі Samsung компаниясының төрағасы Ли Гон Хи 25 қазанда 79 жасқа қараған шағында Сеул ауруханасында көз жұмды. Кәсіпкердің мұрасына Оңтүстік Корея прокуратурасы алаяқтық жасады деп күдіктенген оның ұлы Ли Чжэ Ен ие болды.

Атақты кәсіпкердің өлімі туралы Ренхап агенттігі хабарлады.

Өлімнің себебі нақтыланбаған.

Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған.

2014 жылы Ли Гон Хи жүрек талмасына ұшырады. Содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы мен топтың еншілес компаниясы – Samsung Electronics-тің вице-президенті Ли Чжэ Енға өтті. Өйткені, ол компанияның мұрагері саналатын.

Оқи отырыңыз: "Тірідей өртейді": әйгілі француз актрисасы Тоқаевқа хат жазды

Алайда оңтүстіккореялық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ли Чжэ Ен концернде билікке қол жеткізу мақсатында корпорация құрамындағы компанияларды біріктіруде заңсыз алаяқтыққа барғаны туралы прокуратура тарапынан күдікке ілінген.

Айта кетейік, Ли Гон Хидің Ли Чжэ Еннан басқа Ли Бу Чжин және Ли Со Хен есімді екі қызы бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өзіне қол жұмсап, қайтыс болған.

35
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
"Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты