Қарияның қолы, архивтегі сурет

Әйел пәтерін жөндеймін деп "мүгедек" болып қалды қылмыстық іс қозғалды

2136
(Жаңартылды 18:39 08.07.2019)
Лизан Исакова бірнеше жыл бойы көзі көрмейтінін айтып, төсек тартып жатқан. Өзіне тиісті көмек көрсетілмейтініне шағымданыпты

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Қайырымдылық қорлары мен қала билігі Грозный қаласы тұрғынының пәтерін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алып берген. Бес жыл бойы әйелдің көмекке мұқтаж екеніне ешкім күмән келтірмеді.

Уақыт өте келе әйел ұлына бөлек пәтер сұрай бастапты. Ол да мүгедек екенін айтқан. Алайда көршілері бір шикілікті сезіп, полицияға хабарласқан. Олар әйелдің үйде жүргенін естіп, терезеден қарап тұрғанын  жиі көрсе керек. Тәртіп сақшылары үйге жасырын камера орнатты. Көршілерінің айтқаны расталды, деп хабарлайды НТВ арнасы.

Бұдан бөлек, Исаковада диагнозын растайтын бірде-бір құжаттың жоқ екені анықталды. Шешенстан астанасының тұрғыны тиісті қағазды дәрігерлердің бермей отырғанын айтып ақталмақ болған.

Оқиғаға қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2136
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, мүгедек, пәтер, әйел
Тақырып бойынша
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Алаяқ жігіт он тоғыз қыздың басын айналдырып, мұзға отырғызып кетті
Алматыда 35 жастағы келіншек көпбалалы аналарды сан соқтырды
Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті
"Басқа адам болғым келмейді": ДЦП-ға шалдыққан журналистің әңгімесі
Вакцина, архивтегі фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

605
(Жаңартылды 10:33 29.10.2020)
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды 

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

605
Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, вакцина
Тақырып бойынша
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды

1319
(Жаңартылды 08:45 29.10.2020)
Франциядағы карантин 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Билік азаматтардан үйде болуға және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға шақырды, елде жүріп-тұруға шектеу енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Францияда өзін-өзі оқшаулау режимі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны аясында 30 қазаннан бастап енгізіледі, деп мәлімдеді ел президенті Эммануэль Макрон халыққа телеүндеуінде.

Оның айтуынша, өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізу вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазды РИА Новости.

Мектептер жабылмайды, жұмыс жалғасуы мүмкін және қарттар үйіне баруға рұқсат етіледі. Алайда азаматтар үйден аса қажетті заттарды сатып алуға, жұмысқа және жақын адамдарына баруға ғана шыға алады. Үйден шығу үшін көктемдегідей жазбаша куәлік қажет.

​Маңызды қажеттіліктер тізіміне енбеген мейрамханалар мен барлар, сауда орындары жабылады. Президент сонымен бірге көпшілік жиналысқа тыйым салынатынын баса айтты.

"Бір өңірден екінші өңірге бара алмайсыздар", - деп жалғастырды ол.

Бейсенбіде үкімет өзін-өзі оқшаулау режимінің жоспарын егжей-тегжейлі баяндайды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында карантин күшейтілді 

Сондай-ақ, Франция басшысының айтуынша, Шенген аймағының сыртқы шекаралары жабық болады.

Айта кетейік, Францияда алғаш рет карантин наурыз айында енгізіліп, екі айға созылды.

Франциядағы коронавирус

Францияда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бері вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1,2 миллион адамға жуықтады, 35 мыңнан астамы қайтыс болды. 25 қазанда тағы бір антирекорд тіркелді – бір тәулікте 52 мың адамнан коронавирус табылды.

1319
Кілт сөздер:
карантин, Франция
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Қазақстанда бір қала мен екі өңірде карантин күшейтілді – не өзгерді
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді

Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді

153
Белсенділер "Борат" фильмінің екі бөлімін де Америка Құрама Штаттарында көрсетуге тыйым салуды талап етті

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Алматыда белсенділер Америка Құрама Штаттарының Бас консулдығы ғимараты жанында плакат ұстап, ұрандатып, табыт әкеліп пикет ұйымдастырды. Осылайша АҚШ-та "Борат" фильмін көрсетуге тыйым салуға тырысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматинцы принесли гроб с фотографией Бората к генконсульству США
© Sputnik / Тимур Батыршин
Белсенділер "Борат" фильмінің екі бөлімін де АҚШ-та көрсетуге қарсы

Бір топ адам Американың Алматыдағы дипломатиялық миссиясының ғимаратына жиналды. Қолдарында үш тілде түрлі ұран жазылған плакаттар бар. Ол жерде Stop racism and discrimination against Kazakhs living in the USA (АҚШ-та тұратын қазақтарға қатысты нәсілшілдік пен кемсітушілікті тоқтатыңдар), құлап жатып сүрінгенге күлме, those that live in glass houses shouldn't throw stones (шыны үйдегі адам тас атпастан бұрын ойлануы керек) деп жазылған.

Сонымен қатар белсенділер өзімен бірге пенопластан жасалған табыт алып келді. Қақпағында "Америкаға әкетіп, Отанында жерлеңдер" деп жазылған.

Алматинцы принесли гроб с фотографией Бората к генконсульству США
© Sputnik / Тимур Батыршин
Табыттың қақпағында "Америкаға әкетіп, Отанында жерлеңдер" деп жазылған

Ал табыттың ішінде Бораттың фотосы бар, оны АҚШ туымен жауып қойған.

"Америкада фильмде көрсетілгеннің барлығы болып жатыр (...). Соған қарамастан Америкада тұратын қазақтарға қатысты нәсілшілдік мен кемсітушілік жайлы фильм шығарылып жатыр. Трамптың өзі Боратты сынға алды, бірақ өз елінде тыйым салмай отыр", - деді шараны ұйымдастырушы Сұлубике Жақсылықова.

Жиналғандар бір уақытта "Саша, өл. Фильмнің барлық актері өліп қалсын" деп айғайлады. Содан кейін өлген адамды жоқтағандай дыбыс шығарды.

Сонымен қатар белсенділер фильмді Америкада көрсетуге қарсы петиция алып келді. Ұйымдастырушылар егер фильмге тыйым салынбаса, нәсілшілдік пен кемсітушілік фактісін анықтау үшін сараптама жүргізетінін айтты. Содан кейін халықаралық сотқа шағым беру жоспары да бар.

Сонымен қатар белсенділер келесі аптада дәл осындай шараны Ұлыбритания консулдығында өткізуге уәде берді.

  • Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 5
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматылықтар Бораттың суреті салынған табытты АҚШ-тың Бас консулдығына алып келді

Сол жерде қала әкімдігінің өкілдері де болды. Олар жиналғандарға пикетті ұйымдастыру үшін билікпен келісу қажет екенін ескертті. Ал бүгінгі пикетке рұқсат берілмеген.

Белсенділерге АҚШ Бас консулдығынан ешкім шыққан жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада бір топ азамат АҚШ дипломатиялық миссиясының ғимаратына жиналып, фильмге қатысты наразылық білдірді.

153
Кілт сөздер:
АҚШ, Алматы, Борат