Қыз, архивтегі фото

Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты видео

9988
(Жаңартылды 19:17 23.07.2019)
Бойжеткен төрт жылдан бері джиу-джитсумен айналысып жүргені анықталды    

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Бразилияда тонаушы жас қыздың телефонын тартып алмақ болады, алайда бірнеше секундтан кейін аяушылық танытуын сұрап жалбарынады. Қыз қаскөйдің қалай сазайын бергенін видеодан көріңіз.

Оқиға Бразилияның Манаус қаласында болған, деп хабарлайды metroecuador.com.

Қыз тонаушыны тез қуып жетіп, жерге атып ұрған.

Тағы оқыңыз: Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті 

Бойжеткен төрт жылдан бері джиу-джитсумен айналысып жүргені белгілі болды. Ол жолы болмаған ұрыға қолын оңай сындыра салатынын ескертті. Ер адам айқайлап, көмек сұрады, бірақ қашып құтыла алмады.

Батыл бойжеткен оны полиция келгенге дейін шамамен 20 минут бойы тырп еткізбей ұстағаны хабарланды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.

9988
Кілт сөздер:
ұры, видео, Бразилия
Тақырып бойынша
Біреудің балмұздағын жеген қазақстандық түрмеге отыруы мүмкін
Жиырма мың теңгеге бола баланы пышақтап кетті: күдікті ұсталды
Дәмхананы тонамақ болған жігіт күлкіге қалды – видео
Алматыда пәтер тонауға келген ұры үйде жүрген келіншекті зорлап кетті
Қарақшы тонағалы жатқан қыздың сырын білгенде, жаны ашып, райынан қайтты - видео
Елордада шіркеуден ақша ұрлаған жігіт камераға түсіп қалды

Лавров Ресейдегі тұрақсыздықты қалайтындар жайлы айтты

58
(Жаңартылды 22:32 23.07.2021)
Дипломат Ресей мен оның аумағын әскери және экономикалық әдістермен игеріп алуды көздеп отырғандар бар екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Ресейдің айналасындағы жағдайды тұрақсыздандыруды, соның ішінде фейктердің көмегімен әрекет етуді көздеп отыр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп жазды РИА Новости

"Біздің айналамызда тұрақсыздық тудырып, бізбен көрші, бауырлас елдердің алдында не Батыспен, не Ресей Федерациясымен бірге болуды таңдауға мәжбүрлеп отыр", - деді ол "ЕР" алаңындағы "Мемлекеттік дума депутаттарын сайлау науқаны жүріп жатқан сыртқы саяси жағдай" вебинарында. 

Дипломат Ресей мен оның аумағын әскери және экономикалық әдістермен игеріп алуды көздеп отырғандар бар екенін айтты. 

"Олар бізбен көршілес елдердің дамуына Батыстың шешуші ықпал етуінің арқасында қандай да бір пайда көргілері келеді", - деп жағдайды сипаттады Лавров.

Лавров бұл әсіресе Украинадағы жағдайда айқын білінгенін, ал соңғы айларда "түрлі-түсті революция әдісі" Белорусь елінде да байқалғанын айтты. Сонымен қатар оның айтуынша АҚШ пен ЕО елдері Молдавия үшін ашық геосаяси күреске бет бұрды.

"Қазір біздің батыстағы әріптестеріміз Орталық Азия, Кавказды қоса алғанда, еліміздің шекарасын бойлай өздерінің әскери қатысуын мейлінше кеңейтіп жатыр", - деп қорытты Ресей СІМ басшысы. 

Лавров Сергей Шойгу, дәрігер Денис Проценко, Жалпыресейлік халық майданы тең төрағасы Елена Шмелева және балалар омбудсмені Анна Кузнецовамен бірге "Единая Россия" партиясының жалпыфедералдық бөліміне кіреді. 

Федералдық тізімде 395 кандидат ұсынылған. Ал бір мандатты сайлау округтері бойынша – 219 кандидат.

58
Қарт ер адам

101 жастағы дәрігер ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

87
Қария өз жұмысы мен пациенттерге деген махаббатының арқасында ұзақ өмір сүргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қартайғанына қарамастан жас пациенттерге көмектесіп жүрген 101 жастағы дәрігер ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті.

Майами педиатры Энди Маргилеттің (Andy Margileth) айтуынша, ол өз жұмысы мен пациенттерге деген махаббатының арқасында ұзақ өмір сүрген.

Қария дәрігер болудан басқаны армандамағанын айтты.

"Мен ешқашан жұмыстан шыққым келген емес, менің проблемам да сол. Мен жұмыста өзімді жақсы сезінемін. Бұл тіпті жұмыс та емес, көңіл көтеру. Өзгелерге қол ұшын созудан басқа маңызды не болуы мүмкін", - деп келтірді қарт ер адамның сөзін CBS News телеарнасы.

Дәрігер жүз жастан асса да, зейнетке шығу жоспарда жоқ екенін атап өтті.

Энди Маргилет аптасына бірнеше рет жүзумен айналысады, гантель көтереді.

Қарт дәрігер кезінде полиомиелитке қарсы вакцина жасауға қатысқан.

Тағы оқыңыз: Өмірді ұзартудың қарапайым әдісі аталды

"Біз балаға бір дозасын бердік, осыдан кейін ол полиомелит мүлде болмағандай құлан таза айығып шықты. Бұл нағыз бақыт", - деді ол өзі емдеген алғашқы пациенттердің бірін еске алып.

Бұған дейін Гиннес кітабының рекордсмені 112 жастағы пуэрторикалық Эмилио Флорес Маркес оған осы жасқа келуге сезім көмектескенін айтқан еді.

"Мен әкемнің махаббатына бөленіп өстім. Ол мені және бауырларымды жақсылық жасауға және бөлісуге, адамдарды жақсы көруге үйретті", - деді Эмилио Флорес Маркес.

Сондай-ақ ол үйдің тұңғышы болғандықтан, бала кезінен фермада ата-анасымен бірге жұмыс істегенін айтты.

87
Кілт сөздер:
өмір, қария
Тақырып бойынша
Ұзақ өмір сүрудің тиімді тәсілі белгілі болды
Әйелдердің ер адамдарға қарағанда неге ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша уақыт ұйықтау қажет екенін анықтады
Маман ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті
Елдос Сметов түрік Мирхадж Аккушты жеңді

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

0
Қазақстандық дзюдошы түрік палуаны Мирхадж Аккуш пен Корея спортшысы Ким Вон Джинді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Татамиге бірінші болып шыққан Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Янань Лиден иппонмен ұтылды. Ал Елдос Сметов түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді.

Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңіп, жартылай финалға шықты. Оның келесі қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына алты қазақстандық дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. Әсіресе команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы мықты. Оған Жапония мен Грузияның мықты балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

2016 жылы Рио Олимпиадасында Елдос Сметов күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Отгонцэцэг Галбадрах "қола" ұтып алған.

0
Кілт сөздер:
дзюдо, Елдос Сметов
Тақырып:
Токио Олимпиадасы