Әлем

Күйеуге шығып жатқан анасына 7 жасар ұлының айтқан сөзі жұрттың жүрегін елжіретті

CC0 / Noemi / Невеста
Невеста - Sputnik Қазақстан
Жазылу
7 жасар бала анасының үйлену тойында жүрекжарды тілек айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Шілденің ортасында Шотландияда Стэйси мен Роберттің үйлену тойы болды. Жұбайлардың өміріндегі осы бір айтулы күн Стейсидің ұлының арқасында жиналғандардың мәңгі жадында қалмақ, деп жазады life.ru.

Шотландияның ұлттық киімі – килтті киіп, қолына микрофон ұстаған кішкентай Энтони анасы мен оның күйеуіне жүрекжарды тілегін жеткізді. Балақай сөзін: "Бүгін қалыңдықтың құрбылары сондай құлпырып тұр. Бұл сөзіммен бәріңіз келісетін шығарсыздар", - деп бастады. Әрі қарай қалжыңдап, қонақтардың көңілін көтеруді жөн көріпті.

"Рэб екеуіміз де келбеттіміз... Әсіресе мен", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Жас жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды

Содан соң балақай анасы Стейсидің өмір бойы ең жақын досы болғанын айтты. "Мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қолынан келгенін аямаған анамның алдында мәңгі қарыздармын", - деп жиналғандардың жүрегін елжіретті. Кейін тағы да әзілге көшті.

"Рэб, бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Сен үйімізге махаббат, шаттық және... сыра алып келдің", - деді Энтони.

Ол Робертті "дұрыс таңдау" жасағаны үшін мақтап, бір отбасы ретінде жаңа өмірге қадам басуды асыға күтіп жүргенін айтты. Халықты тағы толқытқан балақай қайта қалжыңға басып, Роберттің алғаш рет үйге келгенін еске алды.

"Олар өздері туралы бір ауыз сөз айтып үлгергенше, мен әжеме сыбырлап үлгердім. Анашым, Рэб, кешіріңдер", - дейді Энтони жұртты қыран-топан күлдіріп.

Тағы оқыңыз: Ел естімеген оқиға: қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады

Энтони құттықтау сөзімен бүкіл қонақты аузына қаратты. "Анам мен Рэб бір-бірі үшін жаралған. Енді біз үлкен бақытты отбасыға айналдық!" - деді ол.

Жаңалықтар
0