Портфель. Архивтегі сурет

Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото

2399
Израиль елшісі Солтүстік Македония президентінің қабылдауында трюк көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Солтүстік Македониядағы Израиль елшісі Дан Орьян ел президенті Стево Пендаровскимен кездесуде бір қолға тұра алатынын көрсетті. Осы сәттің суретін мемлекет басшысы Facebook желісінде жариялаған.

Фотоға қарағанда, Солтүстік Македония президентінің қабылдауына келген израильдік дипломат трюкті орындау үшін пиджагін шешіпті.

"Израиль елшісі Дан Орьянның бір қолға тұрған суреті көпшілікке үлгі болып, дене шынықтырудың қандай маңызды, ал кейде күлкілі екеніне дәлел болсын", — деп жазды Пендаровски.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы сөз сөйлеп тұрғанда иығына тарақан шығып кетті - видео

Атап өтсек, Пендаровски Израиль елшісімен жұма 26 шілде күні кездескен болатын. Тараптар қауіпсіздік, ғылым мен жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдениет және туризм салаларындағы экономикалық қатынастарды талқылаған еді.

2399
Кілт сөздер:
президент, елші
Тақырып бойынша
Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек үшін курорттағы зәулім үйін сатпақ
Президент портреті төңірегіндегі шу: қызметкерлерге қандай жаза қолданылады
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

31
(Жаңартылды 09:33 21.10.2020)
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деп Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деп бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

31
ту

"Тым болмағанда тырысып көру қажет": СНВ-3-ті ұзарту туралы сарапшы пікір білдірді

19
Кремль АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқартуға (СНВ-3) қатысты мәлімдемесіне түсініктеме бере келе, Вашингтонмен стратегиялық тұрақтылық төңірегіндегі байланысы жалғаса беретінін жеткізді

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы Константин Блохин кіммен келіссөздер жүргізу оңай болатынын айтты.

Мәскеу Вашингтонмен арадағы стратегиялық тұрақтылық төңірегіндегі байланыс америкалық тараптың Ресей президенті Владимир Путиннің СНВ-3-ті бір жылға ұзарту туралы ұсынысынан бас тартқанына қарамастан жалғасады деп үміттенеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Ақ үй Путиннің қазіргі келісімшартты бір жылға алғышартсыз ұзарту туралы ұсынысынан бас тартатынын мәлімдеген еді.

"Біз америкалық тараппен байланыс кез-келген жағдайда жалғасады деген үміттеміз. Жалпы алғанда, әрине, президент айтқандай, келісімшарттың ұзартылуы уақытты ұта тұруға, қару-жарақты бақылау бойынша маңызды және байыпты келіссөздерге қажетті 12 айға қол жеткізуге мүмкіндік беретін еді", - деді Песков.

Ол сондай-ақ, бүкіл әлемді осы "жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізін қалаушы тастан" айырудың кері салдары орасан болатынын атап өтті.

"Сондықтан, әрине, біз америкалық серіктестерімізден бұл құжатты ұзартуға дайын екендігін естігіміз келеді", - деді президенттің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, әзірге ешқандай нәтиже байқалмайды. Алайда, бұл жағдай "байланыстарды толығымен тоқтату керек" дегенді білдірмейді.

Sputnik радиосының эфирінде РҒА-ның қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, саясаттанушы Константин Блохин келісімшарттың тағдыры көп жағдайда, АҚШ-тағы президент сайлауында кімнің жеңіске жететініне байланысты болатынын айтты.

"Республикалық партияның төрағасы Дональд Трамп, біріншіден, Қытайды жек көреді және СНВ-3-ті Қытаймен байланыстырады. Екіншіден, республикалық партия дәстүрлі түрде қару-жараққа бақылауды жоюға тырысып отыр. Бұл жерде кіші Джордж Буштың әкімшілігі кезінде америкалықтардың зымыранға қарсы қорғаныс келісімшартынан шыққанын еске түсіруге болады. Трамптың өзі аралық және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шарттан және "Ашық аспан" келісімшартынан шықты. Егер ол сайлауда жеңіске жетсе, СНВ-3-тен шығу ықтималдығы өте жоғары", - деп есептейді Блохин.

Егер демократтардың өкілі Джо Байден жеңіске жетсе, онда америкалықтың айтуынша, келісімді ұзарту мүмкіндігі бар.

"Демократиялық партия әдеттегідей ресейліктермен стратегиялық тұрақтылық туралы келіссөздер жүргізуді қолдайды. Естеріңізге сала кетейін, Барак Обаманың әкімшілігі Дмитрий Медведевпен бірге қазіргі келісімшартты ұзартқан еді. Алайда, кім жеңсе де, бірнеше айда жаңа келісімшартты жасау мүмкін емес. Сондықтан, бір жыл ішінде жаңа келісімшартты жасау үшін, ең болмағанда, қазіргі келісімшартты ұзартуға тырысу қажет. Бұл идея анағұрлым қызықты көрінеді", - деп атап өтті ол.

СНВ-3 – Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы қазіргі қолданыстағы жалғыз келісімшарт. Бұл келісімнің мерзімі 2021 жылдың 5 ақпанында аяқталады, ал егер оны ұзартпаса, әлемде ең ірі ядролық державалардың арсеналын шектейтін құралдар қалмайды.

Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты шектеу және қысқарту туралы келесімшарт 2011 жылдың 5 ақпанында күшіне енді. Онда әр тараптың өз ядролық арсеналдарын қысқартуы қарастырылған. Сонда жеті жыл ішінде және одан кейінгі жылдары қару-жарақтың жалпы саны 700 құрлықаралық баллистикалық зымыраннан, суасты қайықтарындағы баллистикалық зымыраннан және ауыр бомбалаушыдан, сондай-ақ, 1550 оқтұмсықтан және 800 ұшыру қондырғыларынан аспайтын болады.

19
Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады

Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады

568
(Жаңартылды 13:55 21.10.2020)
Скандинавия циклоны ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі, соған байланысты өңілерде күн бұзылады

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады, деп хабарлады Қазгидромет мамандары.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде 22-24 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын мол түседі.

Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыста таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда апта соңында бұрқасын болуы мүмкін.

Еліміздің солтүстік және орталық аудандарында түнде ауа температурасы 5-13 аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірде 3 градус аяз болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

 

568
Кілт сөздер:
аяз, жаңбыр, қар