Балмұздақ, архивтегі фото

Дүкеннен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды

583
Оқыс оқиға 11 тамыз күні Украинада болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Украинаның Днепр қаласындағы дүкендердің бірінен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды, деп хабарлайды "Информатор" порталы.

Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған. Қыз дүкеннің есігін ашпақшы болғанда оны сол мезетте тоқ соққан. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі шұғыл жетті.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тағы оқыңыз: Телефонын ваннаға түсіріп алған жасөспірім ажал құшты

Бала кардиоревматология бөліміне жеткізілді. Қыздың анасының айтуынша, баласының қолы сәл күйіп қалған, әрі тахикардия (жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы) болыпты. Бала қатты қорқып қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

583
Кілт сөздер:
дүкен, балмұздақ, тоқ соғу
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірім тоққа түсті
"Қызымның жан дауысы шықты". Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды
Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды
Мектеп ауласында ойнап жүрген бала жазатайым оқиғадан екі қолынан айырылды
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   
Сәби

Танымал актер 90 жасында алтыншы рет әке атанды

5722
(Жаңартылды 11:21 27.01.2021)
Кичемасова ресми түрде некеге тұрған соң Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жақында 90-ға толған кеңестік және ресейлік актер Иван Краско алтыншы рет әке атанды. Бұл туралы "Первый каналдың" "На самом деле" ток-шоуына сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.

Краско бағдарлама эфирінде өзінің қызы бар екенін айтты. Сәби 2020 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

"Егер сүйіспеншілік болса, онда баланың тууына ешқандай кедергі болмайды", – деді актер.

Бағдарламада халық әртісінің зайыбы әрі баланың анасы ретінде Юлия Кичемасованың есімі аталды. Сонымен қатар, әйелдің жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болғаны белгілі болды.

Алдағы уақытта ерлі-зайыптылар некені ресми тіркеуге ниетті. Бір қызығы, Краско 30 жастағы Наталья Шевельге үйленгеніне қарамай, Юлиямен бірнеше жыл бұрын кездесе бастаған.

Кичемасова некеге тұрғаннан кейін Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: 81 жастағы Асанәлі Әшімов Алматыда Наурыз мейрамын тойлап жүр

Айта кетейік, бұған дейін 90 жастағы актер Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған. Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда, өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан ол ауруханаға жатудан бас тартты.

5722
Кілт сөздер:
мұрагер, актер
Тақырып бойынша
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Байжанов әке атанды
Белгілі тележүргізуші жаңа туған ұлының фотосын жариялаймын деп жаман әке атанды
Тәуекел Мүсілім тұңғыш рет әке атанды
Геннадий Головкин екінші рет әке атанды
Мұхамедқалы Абылғазиев

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

737
(Жаңартылды 10:08 27.01.2021)
Бұған дейін Абылғазиевке елден шығуға тыйым салынып, егер ол республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, дереу қамауға алынатыны ескертілген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиев қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Абылғазиев үлкен дау-жанжалдан кейін қызметінен кеткен болатын. Енді ұлттық қауіпсіздік комитетінің нұсқауымен ол қамауға алынды. Бұған дейін қаржы полициясы оның елден шығуына тыйым салған.

Ал егер бұрынғы премьер республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, бірден қамауға алынатыны ескертілген. Артынан жауап алу үшін шақырды. Бірақ ол кезде нақты қай іс бойынша жауап алынатыны туралы айтылмаған.

Сейсенбі, 26 қаңтарда Абылғазиевті тағы жауап алу үшін шақырды. Содан соң қамап тастады.

Былтыр күзде Қырғызстанның бас прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Олар пандемия кезінде заңсыз әрекет жасағаны үшін айыпталды. Оған экс-премьердің қатысы бар болып шықса, оны да жазалайды деген ақпарат тараған. Абылғазиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып, алайда нақты қандай айыптың тағылғаны жарияланған жоқ.

Радиожиіліктерге қатысты дау

Абылғазиев радиожиіліктерге қатысты дау-жанжалдан кейін отставкаға кетуге өтініш жазды.

Былтыр мамыр айында мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-басшысы Наталья Черногубова ұсталған болатын. Ол мемлекеттік ақпараттық технологиялар комитеті мен ұялы операторлардың бірімен сөз байласқаны үшін айыпталды. Артынан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тағы бес адамның ұсталғаны белгілі болды. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бес қызметкері де бар.

Сол кезде Жогорку кенештің депутаты Жанар Ақаев үкіметтің екі радиожиілікті арзан бағаға сатып жібергенін мәлімдеді. Оның ойынша, премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиевтің рұқсаты болмаса, ондай келісімді рәсімдеу мүмкін емес. Ақаев мемлекетке келген шығында 5 миллиард сомға (58,9 миллион доллар) бағалады. Абылғазиев көп ұзамай, тергеуге қысым жасады деген айыптар болмасын деп, қысқа мерзімді демалысқа шығып кетті.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын қай елден бастайтыны белгілі болды

Ал маусым айында осы іске қатысы бар деген күдікпен "Ала-ТВ" компаниясының құрылтайшысы ұсталды деген ақпарат шыққан. Дәл осы компанияның радиожиіліктері ұялы байланыс операторына сатылды. 

15 маусыда Мұхаммедқалы Абылғазиев осы іске қатысым жоқ деп, отставкаға кетуге өтініш жазды. Осылайша, ол 19 күнге созылған демалыстан кейін бірден жұмыстан кеткен болатын.

737
Кілт сөздер:
ұстау, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Павлодар облысында Қырғызстанның екі азаматы үсіп қала жаздады
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғыз елінің жаңадан сайланған президенті Қазақстан халқына алғыс айтты
Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті
Қырғызстан президентінің инаугурациясына қарапайым азаматтар қатысады
Блок бекет

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін

9
Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы бұған дейін де коронавирустың таралуы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтың шекарасында тұрды. Қазір де солай, қазір "сары" мен "қызыл" аймақтың арасында бір қадам жерде тұр. "Қызыл" аймақта тұруымыз ұзаққа созылмайды деп ойлаймын", - деді Бекшин.

Сонымен қатар брифинг барысында Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

"Бұл жұмыс аяқталып қалды. Брифингтен кейін нақтылап, ертең жаңадан қандай шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың алаңдатушылық тудырып отырғанын айтты.

"Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

9
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы