Әлем

Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады – видео  

© AFP 2024 / KAREN BLEIERЕр адам тапанша ұстап тұр, архивтегі фото
Ер адам тапанша ұстап тұр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Израильде полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеобақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады НТВ.

Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген.

"Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды. Полиция оқ атып, екі террористке тойтарыс берді", - деп хабарлады Израиль полициясының ресми өкілі Мики Розенфельд.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеокадрды жергілікті баспасөз таратты.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Жаңалықтар
0