Мейрамхана, архивтегі сурет

Мейрамханаға келуші даяшыны өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

3183
(Жаңартылды 18:40 17.08.2019)
Шыдамсыз ер адам өзінің тапсырысын ұзақ күтуден шаршаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. Францияда мейрамханаға келуші тапсырысын ұзақ күткеніне көңілі толмай, даяшыны атып өлтірді, деп хабарлайды France Info.

БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай 16 тамыз күні Париж жанындағы Нуази-ле-Гран коммунасында болған. Куәгерлер сэндвичінің дер кезінде дайын болмағанына ашуланған ер адам даяшыны атып өлтіргенін айтады.

Тағы оқыңыз: 25 жыл жатқан: мейрамхананың астынан адамның мәйіті табылды

Оқ 28 жастағы даяшының иығына тиген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қылмыскер ізін суытқан. Полиция іздестіріп жатыр.

3183
Кілт сөздер:
мейрамхана, даяшы, өлім
Тақырып бойынша
Даудың басы даяшы қыз: Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті
Бір дегенде бір құшақ ыдыс-аяқты жинап әкеткен даяшы жұртты таңғалдарды - видео
Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Мейрамханаға келген қонақ тағамнан ерекше "тосынсый" тауып алды
Самолет Ан-26Б-100

Хабаровск өлкесінде жоғалған ұшақтың бөліктері табылды

21
(Жаңартылды 09:26 23.09.2021)
Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Хабаровск өлкесінде жоғалған Ан-26 ұшағының бөліктері "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңынан табылды, деп хабарлады РИА Новости. 

"Болжам бойынша "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңында ұшақ бөліктері анықталды. Бұлттар сейілуде. Көру мүмкіндігі жақсарып келеді. Ми-8 қонуды жоспарлап отыр, құтқарушылар қонуға ыңғайлы жер іздестіруде", - делінген хабарламада. 

Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын. 

Ұшақтың құлаған жерінен түсіріліген алғашқы кадрлар Mash телеграм-каналында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні кешке Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: 

21
Кілт сөздер:
ұшақ, әуе апаты, Ресей
Архивтегі сурет

Хабаровск өлкесінде ұшақ радардан жоғалып кетті

35
Ан-26 ұшағының бортында алты адам болған. Ұшақ әуеге байланыс құралдарын тексеру үшін көтерілген

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды, деп хабарлады РИА Новости-ге өңірдің шұғыл қызметтері. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: 

35
Кілт сөздер:
Ресей, ұшақ
жолдағы шұңқырлар

Министрлік ресейлік актердің "Атырау-Астрахань" жолына қатысты сынына жауап берді

0
(Жаңартылды 12:16 23.09.2021)
Орталық Азия елдерінен келетін транзиттік көліктің артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік актер, шоумен Станислав Ярушиннің "Астрахань-Атырау" жолы туралы "мұндай нашар жолды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын" деген сөзінен кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдың сапасына қатысты түсінікте берді. 

"Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол. Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының барлық шақырымына жобалау-сметалық құжат әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

"Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды. Биыл ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды кенлесі жылы аяқтау жоспарланып отыр", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
жол, Атырау, сын
Тақырып бойынша
1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа дейінгі жаңа жол қашан ашылады