Свадебный торт

Күйеу жігіттің бұрынғы қызы тойдың тас-талқанын шығарды видео

18122
Тойдың шырқын бұзған "биші" қыз жайлы видео Интернетті шарлап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Ішімдікке сылқия тойып алған бойжеткен үйлену тойының шырқын бұзды. Оның ерсі қылығы немен аяқталғанын видеодан көріңіз.     

Жас жұбайлардың өміріндегі ең қуанышты оқиғаның берекесін қашырған "биші" қыз жайлы видео Интернетті шарлап жүр.

Ол биге шыққанда соңы дүрбелеңге ұласады деп ешкім ойламады. Музыка мен видеодағы адамдардың сөйлеген сөзіне қарағанда, оқиға Румынияда болған. Күйеу жігіт бұрынғы сүйіктісін үйлену тойына шақырған болса керек. Ал қыз жігіттен біржолата аулақ жүруді ұйғарған.

Тағы оқыңыз: Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды – фото

Алдымен ол күйеу жігітті, артынша қарт қонақты биге шақырады, ал содан кейін бағанаға "жармасады". Ең қорқыныштысы осы кезде болады. Тіреуіш шыдас бермей, шатыр құлап кеткен – қонақтар дүрбелеңге салынды, қалыңдықтың тұмсығы бұзылды. Абырой болғанда, бәрі аман. Бұл кешті олар ұзақ уақыт ұмытпайтыны анық. Ал видео "классикаға" айналды.  

18122
Кілт сөздер:
күйеу жігіт, видео, үйлену тойы
Тақырып бойынша
Сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт жұртқа масқара болды
Үйлену тойы кезінде жойқын жарылыс болды: 63 адам қаза тапқан
Күйеуге шығып жатқан анасына 7 жасар ұлының айтқан сөзі жұрттың жүрегін елжіретті
"Не деген көргенсіздік!": Белгілі этнодизайнер бүгінгі тойдың кемшілігін атады
Қалыңдық құрбысының тойға киіп келген киімі жұрттың жағасын ұстатты – видео
такси белгісі

Такси жүргізушісі жолда ұйықтап қалған әйелді зорлап тастаған

3306
(Жаңартылды 19:00 10.04.2021)
Полиция ер адамды ұстады, қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Мәскеуде такси жүргізушісі көліктің ішінде ұйықтап кеткен әйелді зорлаған, деп хабарлады РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

"Бейсенбі түнде полицияға 1984 жылы туған әйел келді. Ол өзінің зорланғанын хабарлады", - деді құқық қорғау органы қызметкері.

Әйелдің айтуынша, ол корпоративтен шығып, "Белорусская" метро станциясының жанында мобильдік қосымша арқылы такси шақырған. Ол жүргізушіге үйінің мекенжайын айтып, мас болғандықтан жолда ұйықтап қалады. Әйел таксист өзін зорлап жатқан кезде оянып кеткен.

Полиция ер адамды тоғызыншы сәуірде ұстады. Күдікті 25 жастағы Қырғызстан тумасы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда науқас шақыртуға келген медбикені зорлап тастады

 

3306
Вашингтон

АҚШ санкциялары Вашингтонға қалай әсер етіп жатыр

46
Politico басылымының мәліметі бойынша, Американың әділет министрлігі "Солтүстік ағын – 2" газ құбырына қатысты кезекті санкциялардың екі пакетін әзірлеп қойған

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Батыста антиресейлік санкциялар ісі өз ретімен жүріп жатыр: біреулері шектеулер ойлап тапса, екіншілері сол санкциялардың өзіне тигізетін залалын мейлінша азайтуға тырысуда, деп жазды РИА Новости.

Вашингтон қазіргі уақытта "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының тағдыры талқыға түсетін келіссөздерге жіберетін арнайы елшісін анықтаумен әлек. Politico басылымының мәліметі бойынша, Американың әділет министрлігі құрылысы жүріп жатқан газ құбырына қатысты кезекті санкциялардың екі пакетін әзірлеп қойған. Жаңа қара тізімде газ құбырының құрылысы мен оны іске қосуға жауапты Nord Stream 2 AG швейцариялық компания мен оның басшысы Матиас Варинг бар.

Шектеу жобасы мамыр айында бекіту үшін конгреске жіберіледі деп күтілуде. Бірақ бұл нақты емес. Себебі құбырға қарсы жаңа шаралар туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Ол келіссөздердің қалай өрбитініне тікелей байланысты болатыны анық. Дәл осы үшін қазір Ақ үй елші іздеп жатыр. Алайда бұл келіссөздер Ресеймен емес, Еуропамен жүргізілетін болады.

Байден әкімшілігінің басты проблемасы да осында болып тұр. Өйткені оған конгресте қос партияның өкілдері қысым көрсетіп, қалай болғанда да "Солтүстік ағын – 2" құрылысын тоқтатуды талап етіп отыр. Берлин жобаны қызғыштай қорып отыр. Ал демократтардың Еуропамен Трамп күл-талқанын шығарған қарым-қатынасты қалпына келтіру туралы бастамасы Ақ үйдің қандай да бір қатаң әрекеттерге баруына тосқауыл болуда.Нәтижесінде Вашингтон келіссөздер кезінде өзі үшін стратегиялық саналатын жобаны қорғап отырған Батыс Еуропаны райынан қайтарамын деп үміттеніп отыр. Осы уақытта журналистер газ құбырының құрылысы 96 процентке аяқталғанын жазды.

Әйтсе де тоқтаусыз жалғасып жатқан санкциялар мәселесі бар. Politico инсайдымен қатар Bloomberg те сайлауға араласқаны және хакерлік шабуылдарға қатысы бар болғаны үшін Ресейге қатысты жаңа жазалау шаралары дайындалып жатқанын хабарлады. Бұл жолы Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдарды қара тізімге енгізуден бөлек дипломаттарға қатысты шешім шығатын секілді. Алайда оның Вашингтон үшін жағымсыз әсері болмай қоймайды. Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов жақында атап өткендей, АҚШ ресейлік дипломаттарға қарсы виза соғысын жариялап, соның салдарынан қос миссияда да қызметкерлер санына байланысты қиындықтар туындап жатыр. Әсіресе техникалық қызметкерлер жеткіліксіз. Осыған байланысты елшілікте қызмет атқаратын америкалықтар қар күреу, дезинфекция ерітінділерін әзірлеу секілді жұмыстармен айналысып жатқандарына шағымданып үлгерген. Нәтижесінде "техникалық" себептерге байланысты Владивосток пен Екатеринбургтегі екі консулдықтың жұмысы тоқтады.

Вашингтонда бюрократиялық процесс өз кезегімен жүріп жатқан шақта батыс бизнесі шыр көбелек айналуда. Дәл қазір Zoom Сцилла мен Харибданың ортасынан өтіп кетуге тырысып жатыр. Видеоконференция қызметін ұсынатын және пандемия кезінде табысқа кенелген бұл компания Ресей мен ТМД мемлекеттік компаниялары мен мемлекеттік мекемелеріне сервиске қолжетімділікті сатуға тыйым салды. Бірақ бірнеше сағат өткеннен кейін-ақ Zoom "нарыққа қайта шығуға әрекеттер жасап жатқаны" туралы мәлімдеді. Компания өкілі бұған дейін платформада тіркеліп қойған пайдаланушылар өз сайттары арқылы тікелей аккаунттарын қайта сұрата алатынын айтты.

Компанияның мазасыздануын түсінуге болады. Өткен жылы ауқымды табыс алып келген клиенттерінің басым бөлігі ресейлік мекемелермен тығыз байланысты ұйымдар, жоғары оқу орындары болатын. Енді олар жаппай ұқсас платформаларға ауысып жатыр. Ал ресейлік мемлекеттік мекемелер о баста бұл сервисті пайдаланбаған болатын. Сондықтан Zoom өз қолын өз шауып тастағандай болды. Оның ірі коммерциялық клиенттері бәсекелестеріне кетіп жатыр. Ал Ресейге еш зиян келген жоқ. Есесіне РФ отандық ІТ-әзірлемелерді қолдануға басымдық беретін болды. Соңғы жылдары санкция тақырыбының жиілегені соншалық оның "қызығы" да қалмады. Ол Ресейдің ішінде де, халықаралық қатынаста да қалыпты құбылысқа айналды.

Жалпы жаһандық бірполярлы әлемде санкциялар қолданыстағы жүйені нығайту құралы болып келді. Санкция жағдайында тіршілік ету мүмкін болғанымен, ол адамдардың өмір сүру сапасына, ұлттық экономикаға, технологиялық жетістіктерге кері әсер етті. Ол кезде санкциялар белгілі бір елді заманауи дамыған өркениеттен шеттетуді және әр қадамында кедергі туындатуды білдірді. Жеті жыл бұрын Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың да көздегені осы болатын. Бірақ келе-келе бұл процесс жеке мүддені көздейтін құрал болып қалды. Тағы біршама уақыттан кейін санкциялар өз "иелеріне" зиян келтіре бастады.

46
Токио-2020 Олимпиада эстафетасы

"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр

166
(Жаңартылды 16:00 11.04.2021)
Татьяна Ахметова-Аманжол 2015 жылы сол аяғынан жарақат алған болатын. Жарақатына қарамастан ол Қазақстан құрамасына Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Қазақстандық спортшы Татьяна Ахметова-Аманжол Токио олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

Алматыда әйелдер күресі бойынша Азия іріктеу турнирі өтті. Жартылай финал қорытындысы бойынша 53 келіге дейінгі салмақта Ахметова-Аманжол Токио ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қазақстандық спортшының қарсыласы кореялық Хонгжу Ким болды. Татьяна қарсыласынан 11:1 есебімен басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

"Жарақатым біраз кедергі келтіргені болмаса, жекпе-жек жақсы өтті. Мен өзіміз ойластырған жоспар бойынша әрекет еттім", - деді спортшы.

Татьяна 2015 жылы Ресейде өткен жекпе-жек кезінде сол аяғын жарақаттап алған болатын. Кейін ота жасалды. Видеода ескі жарақаты қайта сезілгені байқалады.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Желі қолданушыларын спортшының күш-жігері таңдандырып, оған тезірек жазылып кетуін тіледі.  

"Осындай спортшылармен мақтанғанымыз жөн. Ерік-жігері мықты. Жарайсың! ", "Нағыз балуын", - деп жазды олар.

166
Кілт сөздер:
қазақ күресі, спорт
Тақырып бойынша
Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы мән-жайды түсіндірді
Олимпиада уақытында өтеді, "Б" жоспары жоқ – Томас Бах
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды
Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Рахимов уақытша шеттетілді