Әлем

Танымал әнші күтпеген мәлімдеме жасап, жұртты дүрліктірді

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон, сцена, иллюстративное фото
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеті бірдей туындысы бір уақытта Billboard Hot 100 чартында ойнаған әнші өз карьерасын аяқтамақ

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Танымал америкалық әнші, рэп орындаушысы Ники Минаж музыкалық карьерасын доғаратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазған.

"Мен сахнадан кетіп, өз уақытымды отбасыма бөлемін деген шешім қабылдадым", - деп жазды әнші.

Ол көптеген адамдар бұл шешімге қуанатынын айтқан. Ал жанкүйерлері өмір бойы қолдайды деген сенім білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Barbie (@nickiminaj)

36 жастағы әншінің шын есімі - Оника Таня Мараж. Ол тамыз айында тұрмысқа шығатынын айтқан болатын. Өз карьерасында Минаж төрт студиялық альбом жазды. Бесіншісін жариялауды жоспарлап отыр. "Грэмми" премиясының номинанты, сондай-ақ, Billboard Hot 100 чартында жеті бірдей әні қатар ойнаған жалғыз әнші.

Никидің жанкүйерлері мұндай мәлімдемені күтпегенін жарыса жазып жатыр.

Жаңалықтар
0