Фата, той

Әйелі бірнеше жыл отасқан күйеуінің сұмдық қылмысына куә болды

14220
Жұмысынан айырылған жігіт әйелін өлтірмек болған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек— Sputnik. Ұлыбританияда ер адам әйеліне тосын сый жасаймын деп алдап, өлтірмек болған, деп хабарлайды Herald Publicist порталы.

Ер адам әйеліне тосын сый жасайтындай болып, "көзіңді жұм" деп айтқан.

"Маған күшік сыйламайтын шығарсың", - деп әйелі сыйлық күтеді.

Алайда жігіттің ойында мүлдем басқа нәрсе болса керек. Ол көзін жұмып тұрған әйелінің тамағын пышақпен тіліп жібереді. Кейін өзі бірден жедел жәрдем шақырыпты. Дәрігерлер әйелін аман алып қалуға тырысқан кезде күйеуі полицияға жеткізілді.

Зардап шегушінің айтуынша, екеуі бақытты өмір сүрген. Ол әлі күнге дейін күйеуінің мұндай қылмысқа не үшін барғанын түсінбей отыр.

Тағы оқыңыз: Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болған. Жұмысынан айырылған соң, ипотекасын төлей алмаймын деп қорыққан.

14220
Кілт сөздер:
қылмыс, күйеу, әйел
Тақырып бойынша
Күйеуінің мінезіне көндіге алмаған әйел ажырасуға бел буды
Күйеу жігіт тойдан соң бірер сағаттан кейін көз жұмды
Қостанайда араққа жұмсап, мазасын алған күйеуін әйелі пышақтап тастады
Үш әйел алған түркістандық қария төртіншісіне үйленуге кет әрі емес
Әйел 18 жастағы қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді
Сергей Лавров

Лавров Навальный оқиғасына қатысты Еуроодақ санкциясы жөнінде пікір білдірді

10
Германия қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Еуропалық конвенция алдындағы міндеттемелерін бұзып отыр, деді Лавров

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Германия мен Францияның Алексей Навальныйға қатысты оқиғаға байланысты бастаған санкциялары ЕО-ның болып жатқан жағдайды тиісті деңгейде бағалай алмайтындығын көрсетеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

15 қазанда Брюссель алты ресейлікке және ғылыми институтқа шектеу енгізді, ал Мәскеу дәл осыған ұқсас реакция танытуға уәде етті, деп жазады РИА Новости.

Лавров Берлиннің Ресей бас прокуратурасының Навальныйға қатысты көптеген өтінішіне "менмендікпен" жауап беруден бас тартқанын еске салды. Дипломаттың пікірінше, бұл Германияның қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Еуропалық конвенция алдындағы міндеттемелерін бұзады.

"Осы халықаралық құқықтық құжатты құрметтеудің орнына Германия мен Францияның өкілдері Ресей азаматтарына қатысты ЕО-ның кезекті заңсыз санкцияларын бастады. Мұның бәрі өкінішті және ол Брюссельдің өзін заңнан тысқары қоюға деген ұмтылысын айқын көрсетеді", - деді Лавров хорватиялық "Вечерни лист" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Мәскеу дипломатияның не екенін ұмытып, қарапайым дөрекілік деңгейіне дейін төмендеген батыс әріптестерінің антиресейлік шабуылдарын жауапсыз қалдырмайды.

Дипломат Вашингтон мен Брюссельдің Ресейдің дамуын тежеу үшін күш-жігерін екі есеге арттырғанын, алайда олардың Мәскеуге тағылған айыптарға қатысты ешқандай дәлел ұсынбай отырғандығын атап өтті.

Лавров еуропалық серіктестерде диалогты қайта қалпына келтіру үшін ақыл-ой мен көрегендік болатынына үміт артты.

Навальныйға қатысты оқиға

20 тамызда ұшақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың негізін қалаушы Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлағандықтан, Омбы ауруханасына жатқызылады. Дәрігерлер қандағы қант деңгейінің күрт түсіп кетуінен зат алмасу жүйесінің бұзылғанын мәлімдеді. Оған не түрткі болғаны әлі белгісіз, алайда Навальныйдың қанынан у табылған жоқ.

Кейінірек ол Германияға жеткізілді. Қыркүйек айының басында неміс үкіметі ресейлік оппозиционердің "Новичок" химиялық затынан уланғанын мәлімдеді. Мәскеу Берлин зертханасынан талдау нәтижесіне қатысты анықтаманы сұратқан болатын. Бірақ неміс тарапы үнсіз.

Қазан айының басында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (ХҚТҰ) Навальныйдың қанынан табылған заттың сипаттамасы "Новичокқа" ұқсас болғанымен, оның тыйым салынған препараттар тізімінде жоқ екенін мәлімдеді. Алайда осыған қарамастан ЕО антиресейлік шектеулер енгізді.

Қазір Навальныйдың жағдайы жақсарып келеді, ол оңалту курсынан өтіп жатыр.

10
АҚШ пен Қытай жалауы, иллюстративті фото

Қытай АҚШ-тың ұлттық қарызын сатуға дайын

116
(Жаңартылды 20:41 26.10.2020)
Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес қайта өрши түсті: олардың сауда соғысы технологиялық соғысқа айналды

Вашингтон қытайлық жобаларды ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп деп бұғаттаса, ҚХР өзінің басты қаруын еске салды: АҚШ мемлекеттік облигацияларының триллион долларлық портфелін сату – доллар бағамын да, бағалы қағаздар нарығын да төмендетуі мүмкін. Бұл бүкіл әлемдік экономика үшін өте қауіпті сценарий. Пекиннің қандай қадамға баруы мүмкін екенін РИА Новости зерделеп көрді.

Технологиялық соғыс

Қаңтарда әлемнің екі ірі экономикасы сауда соғысын тоқтатуға бағытталған маңызды қадам жасады, яғни бірінші кезең келісіміне қол қойды. Бірақ COVID-19 пандемиясы бәрін жоққа шығарды. Вашингтон Пекинді коронавирусты таратты деп айыптап, қаржылай өтемақы талап етті. Сонымен қатар, америкалықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) Қытайға пәрмен берді деп сөгіп, одан шығатынын жариялады.

АҚШ президентін сайлау жақындаған сайын шиеленіс күшейе түсуде. Трамп қытайлық компаниялардың Америка экономикасына келтірген экономикалық залалын тағы да еске түсірді. Оның пайымынша, Қытай америкалықтардың өндірісін өздеріне "сүйреп" әкеліп, олардың технологиялық құпияларын ұрлаған.

Тамыз айында Вашингтон Бейжіңді сайлау науқанына интернет және әлеуметтік медиа арқылы араласып отыр деп айыптады. Бұл жерде назар қытайлық TikTok қосымшасына ауды. Оған тыйым салу қажет, әйтпесе ҚХР үкіметі бұл қызметті пайдаланатын америкалық азаматтардың деректеріне қол жеткізе алады, деп хабарлады Ақ үй.

TikTok иесін – Қытайдың ByteDance компаниясын бизнесті америкалық компанияларға сатуға мәжбүрлеп отыр. Мұны 12 қарашаға дейін жасау қажет. Ондай болмаған жағдайда, қызмет бұғатталып қалады, деп қорқытты Трамп.

Пекиннің бұған қалай жауап беретіні әзірге белгісіз. Сарапшылардың пікірінше, Қытай билігінің TikTok-қа ара түсуге айтарлықтай себебі жоқ. Өйткені олар оны "зиянды", "дөрекі контентті" таратады, "социализм құндылықтарына" сәйкес келмейді және қытай жастарының арасын ыдыратады деп есептейді.

Бірақ Вашингтон Қытайдың ең ірі технологиялық компанияларының бірі Huawei-ге де қысым жасауда. Пекин қазірдің өзінде "ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі" мүмкін деген шетелдік компанияларға стратегиялық материалдар мен технологияларды экспорттауға тыйым саламыз деп мәлімдеп отыр.

Байыпты әңгіме

Сонымен қатар, Пекин ҚХР-да ықпал етудің едәуір маңызды тетіктері бар екенін еске салды. Бұл жердегі әңгіме триллион доллар болатын АҚШ мемлекеттік облигациясы туралы болып отыр.

АҚШ-пен болған сауда соғысының әсерінен Қытай бұл бағалы қағаздардан жоспарлы түрде құтыла бастады. 2014 жылдың қарашасында 1,32 триллион долларлық көрсеткіш шыңынан АҚШ-тың ұлттық қарызына салынған инвестиция 200 миллиардтан астам қаржыға төмендеді. Нәтижесінде 2019 жылдың маусымына қарай, шетелдік қазынашылар арасындағы көшбасшылық Жапонияға өтті: Токиода олар 1,12 триллионды құрайды.

АҚШ-тың қаржы минстрлігінің соңғы есебі көрсеткендей, қыркүйектің ортасына қарай Қытай портфелі 1,08 триллионға қысқарды. Бірінші жартыжылдықта Пекин қазынашылық облигацияларын 106 миллиардқа төмендетті. Бұл 2015 жылдан бергі сатылымның ең жылдам қарқынын көрсетеді.

Алайда, мәселе тек экономикалық текетірес туралы ғана емес. Қытайдың АҚШ үкіметінің қарызынан құтылуды жалғастыру себептерінің бірі – баспа машиналарының тынымсыз жұмысы нәтижесінде доллардың құлдырау қаупінің туындауы.

Қарыз да өсіп барады. Сегіз айда АҚШ 7,7 триллион болатын қазынашылық облигацияны шығарды, бұл – рекордтық көрсеткіш. Яғни, экономикаға тек қарыз алу арқылы қолдау көрсетіліп отыр.

Пекин Вашингтонның экономикалық проблемаларды баспа машиналарының көмегінсіз шеше алмайтынын көріп отыр, сондықтан америкалық мемлекеттік қарызға инвестиция салу өте қауіпті, деп атап өтеді қытайлық Global Times.

Үлкен сатылым

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің күшеюі тек "америкалық экономиканың екінші ірі шетелдік несие берушісі бұған шыдамай, қазынаның кең ауқымды сатылымын ұйымдастыруы мүмкін" деген алаңдаушылығын үдетеді. Ал мұндай қадамның салдары сөзсіз, апатты болады. Мұндай бағалы қағаздарды жаппай шығару нарықта дүрбелең тудырады.

Алайда, бұл Қытайдың өзі үшін тиімсіз. Біріншіден, қысқа мерзімде 100-200 миллиард долларлық облигацияларды сату олардың бағаларын төмендететіні сөзсіз. Мұндай жағдайда, Қытайдың сыртқы активтері мен резервтерінің құны, сондай-ақ арзандаған бағалы қағаздарды сатудан түсетін түсімдер де айтарлықтай төмендейді.

Сонымен қатар, доллар құлдырайды, ал ол ҚХР-ға қажет емес. Америкалық валютаның әлсіреуі қытайлық экспортты қымбаттатады.

Сонымен қатар, АҚШ-тың қазынашылық міндеттемелерден шығуы, егер сауда соғысы түбегейлі бақылаудан шығып кетсе, Пекиннің юаньді бақылау мүмкіндігін айтарлықтай шектейді. Ал қазынашылық облигацияларын сатудан түскен доллар бір жерге салынуы қажет, ал бұл оңай емес.

Проблемалар тек Қытайда ғана туындамайды. Ол ешкімге оңай түспесі анық.

"Америкалық облигациялар пирамидасын құлату дегеніміз – бүкіл әлемді қаржылық хаос жағдайына түсіру дегенді білдіреді. Оны 1998 немесе 2008 жылдардағы дағдарыспен салыстырғанда – бұл баланың әңгімесі ғана. Сондықтан жақын аралықта мұндай нәрсенің болуы екіталай", – дейді Chatex криптовалюталық банктің басшысы Майкл Росс-Джонсон.

Доллар мен қазынашылықтан бас тарту кезең-кезеңмен жүруі мүмкін. Бұл процес соңғы бірнеше жылдан бері орын алып келеді. Қытайдың жетекші экономистерінің бірі, Шанхай қаржы және экономика университетінің профессоры Си Цзюньяннің бағалауы бойынша, "оқиғалар қалыпты түрде дамыған жағдайда" Пекин АҚШ-тың қазынашылық облигациялар портфелін шамамен 800 миллиард долларға дейін "біртіндеп қысқартады" деп есептейді. Алайда, күрделі жағдай кезінде ұсынылатын нұсқа әлі де алынып тасталған жоқ, мысалы, әскери қақтығыс жағдайында.

116
Кілт сөздер:
АҚШ, қытай
Дауылды жел, ағаштар

Шығыс Қазақстанда дауылды жел мектеп шатырының жартысын жұлып кетті

0
Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің ғимараты жартылай шатырсыз қалды, 90 шаршы метр аумаққа зақым келген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына қарасты Көкжайық ауылындағы мектептің шатырын жел жартылай ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Ауылда желдің жылдамдығы секундына 17 метрге жеткен.

"Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің шатыры жартылай жұлынып, 90 шаршы метр аумаққа зақым келді. Ғимараттың жалпы ауданы 1 600 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Бұған дейін өңірде дабылды ескерту туралы алдын ала хабар таратылған.

Облыс тұрғындарына көлік құралдарын үлкен ағаштардың астына қоймауға, билбордтар мен басқа да құлауы мүмкін құрылыс нысандарынан, электр бағандарынан сақтануға кеңес берілді.

Сала мамандары азаматтарды төтенше жағдай болғаны туралы 112 нөміріне қоңырау шалып, хабардар етуге үндейді. Өйткені, мұндай әрекет қандай да бір қауіптің немесе қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Ал Қазгидрометтің хабарлауынша, 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Тіпті, кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

0
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, жел, дауыл
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Батпырауық 3 жасар баланы ұшырып әкетті - видео
Батыс Қазақстанда мектептер мен аурухананың шатырын жел ұшырып әкетті
Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті