Үйлену тойы

Күйеу жігіт сене алар емес: үйлену тойы күні сұмдық жағдай болды

17054
(Жаңартылды 13:03 19.09.2019)
Дәрігерлер нәрестені құтқару үшін әйелге кесар тілігін жасаған, бірақ жас ананы аман алып қалу мүмкін болмады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Бразилияда аяғы ауыр қалыңдық өзінің тойына бара жатып қаза болды, деп хабарлайды Daily Mail.

30 жастағы Джессика Гуедес шіркеуге лимузинмен бара жатқан. Алайда көліктің ішінде аяғы ауыр қалыңдық өзін жағымсыз сезініп, басы айналып, мойны ауырған. Джессика есінен танып қалады. Оның туыстары қалыңдық шаршады деп ойлаған. Себебі, бірнеше ай бойы тойға қызу дайындық жүрген. Әрі оның бала көтергеніне алты ай болыпты.

31 жастағы күйеу жігіт Джессиканы шіркеуде күткен. Ол сүйіктісінің кешігіп жатқанын білген кезде таңғалады.

Лимузин шіркеуге жетіп тоқтаған сәтте оның ішінен қалыңдықтың туысы жан ұшыра жүгіріп шығып, көмек сұрайды. Джессика есін жинап, жақындарына жағдайы жақсы екенін, тек мойны мен арқасы ауырып тұрғанын айтады. Кейін қалыңдық перзентханаға жеткізілген. Онда дәрігерлер Джессика Гуедестің инсульт алғанын анықтады.

Тағы оқыңыз: Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді

Дәрігерлер 29 апталық нәрестені құтқару үшін әйелге кесар тілігін жасаған. Дүниеге салмағы 930 грамм қыз бала келді. Алайда жас ана операциядан соң көз жұмды.

Қазіргі таңда дәрігерлер сәбидің денсаулығын бақылап отыр. Олар нәрестенің екі ай ауруханада болатынын айтады.

Джессика Гуедестің жігіті болған жағдайға сенбейтінін жеткізді. Ал қалыңдықтың отбасы қыздарының соңғы тілегін орындады. Джессика донор болғысы келетінін айтқан екен.

17054
Кілт сөздер:
үйлену тойы, қалыңдық
Тақырып бойынша
Он бес жасында тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз мән-жайды айтып берді – видео
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Күйеу жігіт тойдан соң бірер сағаттан кейін көз жұмды
Той қарсаңында қалыңдығынан айырылған жігіт жерлеу рәсімінде жұрттың жағасын ұстатты
Ақтау полициясы 15 жасында отау құрғандардың жағдайы не болатынын айтты
Мұнай өндірісі

Сарапшылар мұнайды қайта өңдеуге қатысты ой бөлісті

23
(Жаңартылды 11:35 05.12.2020)
Пекин бензин мен дизель отынына басымдық беріп, мұнайды өңдеу қуатын арттыруда. Келесі жылы-ақ аспанасты елі бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты басып озады

Америкалықтар ЖІӨ бойынша да кейіндеп қалады деген болжам бар. Алайда, аналитиктердің айтуынша, пандемияның екінші толқыны қытайлықтарға кедергі келтіруі мүмкін.

ҚХР Мемлекеттік статистика бюросының мәліметтері бойынша, қазан айында елде мұнай өңдеу екі жарым процентке артып, тәулігіне 14,09 миллион баррельді құрайтын тарихи рекордқа қол жеткізген. АҚШ-та қыркүйекте бұл көрсеткіш небәрі 13,5 миллионды құрады.

Қытайлықтар мұнымен тоқтамақ емес. Халықаралық энергетикалық агенттіктің қараша айындағы баяндамасында келесі жылдың соңында екі жаңа мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) іске қосылатыны айтылған. Бұл жоспар 2023 жылға қарай орындалады деген болжам бар болатын.

Жалпы қуаты тәулігіне 1,2 млн баррельді құрайтын тағы төрт кәсіпорын салынып жатыр. Мәселен, бүкіл Ұлыбританияда осы көлемде мұнай өңделеді.

Қытай бірнеше ондаған жылдар бойы бензин мен дизель отынына тұрақты өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға тырысып келеді.

"2000 жылдан бастап мемлекет мұнай өнімін өндіруді үш есеге арттырды. 2025 жылға қарай мұнай өңдеу тәулігіне 20 миллион баррельге жетеді", - дейді Теле Трейд ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Ол АҚШ өткен ғасырдан бері ұстап келген көшбасшылық тізгінінен 2021 жылы-ақ айырылады деген пікір білдірді.

Мұнай бағасынан кейін құлдыраған төменгі шекте болу салдарынан америкалықтар мұнай өңдеу зауыттарын жабуда. Биыл қара алтын төменгі баға деңгейлерін бірнеше рет жаңартты. Мысалы, 18 наурызда Brent маркасы 15 процентке арзандап, 2003 жылдан бері алғаш рет бір баррелі 24,52 доллардан сатылды.

Жанармайға деген әлемдік сұраныс та төмендеді. Сондықтан, мұнай өңдеу рекордтық 1,7 миллион баррельге дейін төмендеді. Мұндағы басым бөлігі америкалық зауыттарға тиесілі.

"Кейбір зауыттар жабылып жатыр. Ал басқалары жаңарту мен қалпына келтіру үшін инвестицияларды талап етіп отыр. Себебі, АҚШ-тың мұнай өңдеу қуаттылығының едәуір бөлігі орналасқан Мексика шығанағында жыл сайын дауыл соғады", - дейді Марк Гойхман.

"Алор Брокердің" бас аналитигі Алексей Антонов Қытай жетістігінің тағы бір себебі - коронавируспен тиімді күресу деп санайды. ҚХР экономикасы қалпына келіп, қазір тұрақтылық танытуда. Ал Еуропа мен АҚШ-та құлдырауы жалғасып жатыр.

Қытайлықтардың мұнай өңдеумен қатар металлургия саласында да көш бастап тұрғаны кездейсоқ емес.

Экономист дәл осы қарқын Үндістанда, Таяу Шығыста да байқалатынын айтады. Бұл азиялық өңірдегі батыс компанияларының ескірген бірқатар қуаттылықтарын жабуға алып келуде. Мысалы, Сингапурде осындай жағдай болды.

Сонымен қатар, АҚШ пен Ескі Әлем энергияның балама көздері үшін көмірсутектерінен біртіндеп бас тартып келеді. Ал, Қытай қатаң экологиялық міндеттемелермен еш байланысты емес.

"Штаттар жасыл энергетикаға басымдық беріп, ҚХР-ды лас өндірістік алаң ретінде танытуда. Экономикалық дамыған елдер басқа мемлекеттердің есебінен қайта қалпына келетін ресурстарға көшуді қаржыландырады да, "экологиялық салық" төлеуге міндеттейді", - дейді Hamilton инвестициялық компаниясының сарапшысы Антон Гринштейн.

Мұнайға тәуелді Ресей үшін жасыл энергетикаға компания шығынының өсуіне және бюджет кірісінің төмендеуіне алып келеді.

"Шикізаттық құрылымды сақтау кезінде ресейлік экономика үшін АҚШ-тың мұнай өңдеуде бірінші орында болуы тиімдірек", - дейді ол.

Марк Гойхманның айтуынша, 15-20 жылдан кейін мұнайдан болатын бюджет кірісінің орнын басуға лайықты қазынаны толтырудың басқа да көздеріне зер салуы керек.

Жақын келешкте Қытайдағы мұнай өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты осы бағыттағы шикізат экспортына қайта бейімделу керек.

Бірақ, кез-келген дүние таусылады. 2025 жылға қарай ҚХР-дағы өндірістік қуаттың өсуі сұраныстан асып түседі. Қытайлық CNPC мұнай-газ корпорациясының мәліметі бойынша, бес жылдан кейін елдегі мұнай өнімдерінің тым көптігі тәулігіне 1,4 миллион баррельді құрайтын болады.

Сондықтан, алдағы үш-бес жылдағы жақын келешекке көз жүгіртсек, онда мұнай өңдеуші саладағы ғана емес, басты экономикалық көрсеткіш болып табылатын ЖІӨ бойынша да көшбасшы ауысатын болады.

"Пандемияға дейін америкалық экономиканы қуып жету үшін Қытайға бес жыл қажет болды. Коронавирусты инфекциямен тиімді күресудің арқасында қытайлықтар ерте-ақ озып шыға алады", - дейді Антон Гринштейн.

Сарапшылардың айтуынша, америкалық биліктегілер проблеманы экономикалық және дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Бірақ, іс жүзеге аспады. Енді бизнесмен-президенттің орнына саясаткер-президент келді.

Оның үстіне, ҚХР-да мұнай өңдеу өнімдеріне деген сұраныстың күрт өсуі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен байланысты. Алайда, пандемияның екінші толқынын Азия да жоққа шығармай отыр. Ауруды жұқтырғандар санының күрт өсуі Индонезияда, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда тіркелген. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы мүмкіндіктер мәселесін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

23
Пресс-конференция К. Вышинского

Санкцияларды кеңейте түсіндіру заңсыз әрекет Киселев

27
(Жаңартылды 20:23 04.12.2020)
Sputnik Латвиямен бірге қызмет істейтін жеті журналист ұсталып, бірнеше сағат бойы жауап алынғаннан кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды  

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев Sputnik және Baltnews үшін жазатын латвиялық журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Дмитрий Киселев "Еуроодақ санкцияларын кеңейте түсіндіру заңсыз әрекет" деп атап өтті.  

Журналистерге Еуроодақтың санкциялар режимін сақтамады деген айып тағылды. Латвияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Еуроодақ халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Дмитрий Киселевке қарсы санкция енгізгенін алға тартып отыр. Алайда медиа топтың өзі ешқандай санкциялар тізімінде жоқ.   

Латвияда ЕО санкцияларының сақталмауы туралы бап бойынша айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

"Россия сегодня" және RT ХАА бас редакторы Маргарита Симоньян Ресей орыс тілді журналистерге қарсы қозғалған қылмыстық іске жауап береді деген үмітте.

Ресей сыртқы істер министрлігінің реакциясы

Ресей сыртқы істер министрлігі Латвия билігінің орыс тілді журналистерге қарсы әрекетін демократиялық қоғамның негізі – БАҚ бостандығы мен пікір білдіруге қарсылық деп бағалады.

Оқи отырыңыз: Ресей СІМ Латвияда Sputnik және Baltnews тілшілерінің ұсталуын сынға алды 

Министрлік бұл шектеулер жеке сипатқа ие," Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке ғана қатысты және медиа холдингпен серіктестердің барлығына қатысы жоқ  деп атап өтті.

"Мұның барлығы ресейліктерді жақтырмаудан туындайтын жазалаушы акция болып саналады. Мәселе ЕҚЫҰ СІМК алаңында көтеріледі", - делінген хабарламада. 

27
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

153
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

153
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео