Жерлеу рәсімі

Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды

7313
Жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кеткен ер адамды жақындары бірден ауруханаға жеткізді, дәрігерлердің айтуынша, оның қызуы қатты көтеріліп, есінен танған

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Үндістанда 55 жастағы ер адам жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті.

AsiaOne басылымының ақпаратынша, 55 жастағы ер адам ешкі бағып жүргенде есінен танған. Жақындары оны өлдіге санап, жер қойнына тапсырмақшы болыпты.

Алайда мәйітті қабірге түсіргелі жатқанда, жиналғандардың бірі марқұмның басын шайқағанын байқап қалған.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы мұны көріп есеңгіреп қалды.

Тағы оқыңыз: "Босатыңыз": жерлеу рәсімі кезінде қабірден дауыс шықты – видео

Жақындары ер адамды бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның қызуы қатты көтеріліп, есінен танған.

7313
Кілт сөздер:
Үндістан, ер адам, жерлеу
Тұрғындар, архивтегі сурет

Ғалымдар COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

567
(Жаңартылды 11:34 31.10.2020)
Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе науқастар терісінің өзгергенін көрді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Коронавируспен ауырғандардың терісіне зақым келеді. Массачусетс ауруханасы, Дерматология қоғамының халықаралық лигасы және Америкалық дерматология академиясының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе, науқастар терісінің өзгергенін көрді. Коронавирус белгілері бар 224 адам мен расталған 90 жағдайда бұл симптом шамамен 12 күнге дейін созылған. 

Зерттеушілердің айтуынша, алты жағдайда бақай тырнағы дерттері пайда болған. Оларда сырқат 60 күнге дейін дейін жалғасты, тағы екі жағдайда 130 күнге дейін созылған.

Британиялық басылымның хабарлауына сәйкес, халықаралық COVID-19 дерматологиялық тізімде коронавирустан кейін аяқтың сырқаты байқалған. Науқастардың 16 проценті ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін медицина вирустың мұндай салдары туралы хабарламаған болатын. Алайда өкпе, жүрек, бүйрек және адамның репродуктивті жүйесіне зақым келетіні айтылды.

567
Кілт сөздер:
коронавирус, ғалымдар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Баяғы жартас – сол жартас: коронавирусқа қарсы тегін дәрілер қайда кетті?
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина пандемиядан екі жыл бұрын жасала бастаған
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Жер сілкінісі

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

50
(Жаңартылды 09:32 31.10.2020)
Қазіргі уақытта жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстандық дипломаттар хабарласуға болатын телефон нөмірлерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Түркиядағы Қазақстан елшілігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер қандай нөмірлерге хабарласа алатынын жариялады.

Еске сала кетсек, жұма, 30 қыркүйекте Эгей мен Мәрмәр теңізі өңірінде магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Измирде бірнеше ғимарат қирағаны туралы хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Embassy Kazakhstan in Turkey (@kzembassytr)

Жер сілкінісінен зардап шеккен Қазақстан азаматтарын мына нөмірлерге қоңырау шалуын сұраймыз:

Абылай Амандыков +905384409677

Асылбек Сыдықов +905367772827

Лаура Болатова +905396903114

Измирдегі Қазақстанның құрметті консулы Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедьянова +905347023135.

Соңғы мәліметке сәйкес, Түркия батысында болған жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 24 адамға жетті. 800-ге жуық адам зардап шеккені хабарланды.

50
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, жер сілкінісі, Түркия
Тақырып бойынша
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Министрлік Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді
Димаш пен Тасмағамбетов Түркияда туған күнде жүр – видео
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Қалыңдық, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда полиция қалыңдықты "күйеуінің" үйінен әрең шығарды видео

0
(Жаңартылды 12:28 31.10.2020)
Әйел қызы кешкі алты кезінде үйден шығып, оралмағанын айтқан. Отбасының жағдайы жақсы, бұған дейін мұндай оқиға болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қыз  "күйеужігіттің" үйінен табылды. Ол үйіне оралғысы келмеген. 

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 21:00-де Бәйтерек ауданы полиция бөліміне хабар түскен. Кәмелетке толмаған қыздың анасы хабарласты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел қызы кешкі алты кезінде үйден шығып, оралмағанын айтқан. Отбасының жағдайы жақсы, бұған дейін мұндай оқиға болмаған. Полиция бөлімінің барлық қызметкері оқушыны іздеуге жұмылдырылды. Мектеп ұжымы мен тұрғындар да атсалысты", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде жоғалған қыздың орамалмен түскен суреті анықталды. Ол "күйеуге шыққан". Полицейлер оқушыны ата-анасының үйіне жеткізді.

Ол өз еркімен қалыңдық болғанын айтып, үйіне оралғысы келмек, қарсылық білдірген.

0