Архивтегі фото

Иранда қылмыскердің қолын шапты  

134
(Жаңартылды 10:19 25.10.2019)
Amnesty International Иран билігін елдің пенитенциарлық жүйесін реформалап, дене жазаларын қолданудан бас тартуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Amnesty International құқық қорғаушылары қылмыскердің қолын кесу үкімі орындалғаннан кейін Иран билігін айыптады.

Шариғат заңына сәйкес кесілген жаза 23 қазанда Мазендеран провинциясында жүзеге асырылды, деп хабарлады РИА Новости.

Әділет департаменті бұл шара қоғамдық тәртіпті бұзушылар мен мемлекеттік мүлікті тонаушыларға қарсы күрес аясында қолданылғанын атап өтті.

Amnesty International халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы дене жазаларының кез келген әдісін азаптауға теңестіре отырып, Иран билігін одан бас тартуға шақырды.  

Тағы оқыңыз: Қытайда 18 жастағы жігіт жазықсыз өлім жазасына кесілгені анықталды

"Иран билігі бұл асқан қатал жазаны орындау арқылы халықаралық құқыққа сәйкес қылмыс болып саналатын азаптауды қолданды. Иран азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісімнің қатысушысы ретінде барлық жағдайда азаптауға тыйым салуға міндетті", - деп мәлімдеді Amnesty International ұйымының Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы басшысының орынбасары Салех Хигази.

Ұрлық жасады деп танылған қылмыскерлердің қолын кесу жазасы мұсылмандар заңы – шариғат нормалары енгізілген елдерде бар,  Иранда ол соңғы кездері сирек қолданылып жүр.

134
Тақырып бойынша
Маңғыстауда түрмеде отырған адамның ішінен пышақ шықты – видео
Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді
Өлім жазасын 11 жыл күткен америкалық өзіне қол салды
Алматы облысы түрмесінде жазасын өтеушілер соққыға жығылғанын айтып, желіде видео таратты

Норвегиядағы жерасты әскери-теңіз базасына қызығушылық артты

7
(Жаңартылды 22:58 22.10.2020)
АҚШ әскери-теңіз күштері Норвегиядағы Олавсверн жерасты теңіз базасын қайта "тірілтуге" ниет танытып отыр

Seawolf деп аталатын бірнеше теңіз барлаушы сүңгуір қайығы осы жерден патрульге шығып, Солтүстік флоттың кемелерін бақылайтын болады, деп жазады РИА Новости.

Жартастағы қала

Олавсверн базасындағы белсенді әскери қызмет 2000-шы жылдардың басында тоқтады, нысанның жұмысы 2009 жылы толықтай тоқтап қалды. Алайда, жақында америкалықтар ядролық сүңгуір қайықтарды осы жерге қайтадан көшіруге шешім қабылдады.

Seawolf класындағы барлық сүңгуір қайық Олавсвернге ауыстырылады. Тамыз айында олардың бірі Н Бангор әскери-теңіз базасынан (Вашингтон штаты) Норвегияның Тромсо қаласына дейін сынақтан өтті. Америкалықтар бұл портты атомдық сүңгуір қайықтарының аралық аялдамалары үшін пайдаланады: олар қорларды толықтырады және рейсаралық жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Seawolf класты атомдық сүңгуір қайығы –  АҚШ-тағы ең құпиялы сүңгуір қайықтардың бірі. Олар 1980 жылдары жаудың толық бақылауында тұрған аудандардағы операциялар үшін арнайы жасалған. Оның бортында кемеге және суасты қайығына қарсы күшті қарулар бар. ХХ ғасырдың аяғында америкалықтар осындай 30-ға жуық сүңгуір қайық дайындаужы жоспарлады, бірақ КСРО ыдырағаннан  және Варшава келісімі ұйымы таратылғаннан кейін олар өз ойын өзгертті. Нәтижесінде, АҚШ әскери-теңіз күштері тек үш сүңгуір қайықты ғана алды.

Олавсверн әскери-теңіз базасы 1960 жылдары салынған. Ол Ресеймен шекарадан небәрі 350 шақырым жерде, Солтүстік флоттың суасты күзеті жолдарының маңында орналасқан. Қырғи қабақ соғыс кезінде америкалықтар мен олардың одақтастары Солтүстік Мұзды мұхит акваториясына жауапты базада сүңгуір қайықтарға иелік етті. Осылайша, НАТО сүңгуір қайықтарының экипаждары кез-келген уақытта Солтүстік флоттың Норвегия теңізіне және одан әрі Солтүстік Атлантикаға шығу жолын жабуға дайын тұрды.

Үлкен жерасты кешені жартастарда қашалып, қалыңдығы 300 метр болатын тас қабатымен қорғалған. 25 мың шаршы метрден астам алаңда қоймалар, оқ-дәрі сақтайтын орындар, жөндеу айлақтары бар. Тоннельдерді жобалау мен салуға, сондай-ақ нысанды заманауи құрылғылармен жабдықтауға 500 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Еегер салыстыратын болсақ, 1961 жылы пайдалануға берілген әлемдегі ең алғашқы USS Enterprise атом кемесінің құны шамамен 450 миллионға жеткен еді.

Арктикаға жақын

Солтүстік флоттың бұрынғы командирі, адмирал Вячеслав Поповтың пікірінше, жаңартылған Олавсверн базасы Ресей үшін НАТО тарапынан тағы бір қатерлі орынға айналуы мүмкін.

"Seawolf мұз астында жүзуге жақсы бейімделген, - деді адмирал РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында. 

Алайда, сарапшылар атап өткендей, америкалықтар қиындықтарға тап болуы мүмкін, өйткені құқықтық база қазір заң жүзінде жеке адамға тиесілі. 2000 жылдардың соңында батыс сарапшылары Ресей әскери-теңіз күштері бұдан былай НАТО-ға қауіп төндірмейді, ал Олавсвернді күтіп ұстау тым қымбатқа түседі деп ойлады. Сондықтан Норвегия үкіметі базаны аукционға қойды.

2011 жылы Олавсвернді норвегиялық кәсіпкер 4,5 миллион долларға сатып алды. Ол кешенді жалға берді. Жалға бергендердің ішінде ресейлік компаниялар да бар. "Академик Немчинов" және "Академик Шатский" ғылыми-зерттеу кемелері ауық-ауық келіп тұрды. Келісімнен кейін көптеген норвегиялық әскери басшы ел үкіметін сынға алды. Осылайша, вице-адмирал Эйнар Скорген нысанның сатылуын миға сыйымсыз дүние деп атады.

"Біз сүңгуір қайықтарды жүздеген қосымша миль жүруге мәжбүрледік. Біздің Ресеймен Баренц теңізінде ортақ шекарамыз бар. Демек, біздің әскери-теңіз флотымыз Арктикадағы теңіз базасында орналасуы қажет", - деп мәлімдеді Скорген.

Он жылдан кейін НАТО өз қателігін түсінді. Норвегияның NRK телеарнасының мәліметінше, Пентагонның жоғары лауазымды әскери шенеуніктері соңғы апталарда Олавсвернге бірнеше рет барған. Ал Норвегияның қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштеріне, АҚШ пен НАТО бойынша одақтастарына базаны қайтадан мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін келісімді мақұлдады.

"Норвегия басшылығы Ресеймен достық пейілде қарым-қатынас орнатып отырған жоқ, дегенмен жақында олар Ресеймен Баренц теңізіндегі кеңістікті делимитациялау туралы келісімге қол қойды, – дейді Бүкілресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы, I дәрежелі капитан Михаил Ненашев.

– Біз мұндай қадамға тату көршілік және аймақтағы ынтымақтастықты дамыту саясаты негізінде бардық, бұл ретте Норвегия да соған сәйкес әрекет етеді деп үміттендік. Бірақ Вашингтондағы "аймақтық комитет" қызметкерлерінің ұсынысы бойынша, Норвегия, керісінше, Солтүстік Атлантика мен Солтүстік Мұзды мұхитта Ресейге қатысты агрессиясын күшейтіп отыр".

Сарапшының пікірінше, әскери тұрғыдан Олавсверн АҚШ пен НАТО-ның солтүстік ендіктердегі позицияларын аз мөлшерде ғана күшейтеді, өйткені базаның координаттары мен мүмкіндіктері бұрыннан ешкімге құпия емес. Қауіп кезінде оны сүңгуір қайықтарды, ұшақтарды немесе суасты басқарылмайтын апппараттарын пайдалана отырып, миналармен тез бұғаттап тастауға болады.

Жерасты лабиринттері

Олавсверн жерасты базасы бірегей емес. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында осыған ұқсас ондаған нысан салынды. Ең үлкен бункерді шведтер өткен ғасырдың ортасында салған. Мускё әскери-теңіз базасы гранитті тасқа ойылып жасалған, ол Стокгольм архипелагының оңтүстігінде жеке арал түрінде орналасқан. Кемелер мен сүңгуір қайықтарды, казармаларды, жөндеу зауытын, қоймаларды және аурухананы қабылдауға арналған үш докпен (қалқымалы су асты кемесі) жабдықталған.

База мыңға жуық әскери қызметшінің ядролық бомбалауына немесе жаппай зымыран соққысына қарсы тұра алады. Теңіз түбі астындағы үш шақырымдық тоннель материктен мекемеге апарады.  2019 жылы Швеция әскери-теңіз күштері штаб-пәтерін сол жерге көшіреді. Онда жүзге жуық әскери қызметкерді және "Висбю" түріндегі бес корветті орналастырмақ.

Ресейге келетін болсақ, құпиясыздандырылған ең ірі жерасты базасы Қырымда орналасқан. Балаклава шығанағының жанындағы Таврос тауында бірден екі нысан жасырылған: суасты қайықтарын жөндейтін және паналайтын құрғақ док (қалқымалы су асты кемесі) және ядролық торпедалық оқтұмсықтар мензымырандарды сақтайтын қойма.

Ядролық соғыс болған жағдайда, үш мың адам жер астында бір ай бойы жайлы өмір сүре алуы мүмкін - отын, азық-түлік және су қоры үнемі жаңарып отырады.

КСРО ыдырағаннан кейін база Украинаның қолына өтті. Ол көптеген басқа нысан сияқты керексіз болып қалды және тоналды, түсті металдардың соңына түсушілер жабдықтарды ұрлап, талан-таражға салды. 2000 жылдары Балаклавада музей ұйымдастырылды. Ол жерде туристерге жөндеу зауытының жер асты бөлігі, арсенал, айлақ және бірнеше ғимарат көрсетіледі

Сарапшылардың бағалауынша, қажет болған жағдайда базаны қайта жарақтандырып, тетігін іске қосуға болады, бірақ оның қазіргі заманғы сүңгуір қайықтарды олардың көлеміне байланысты қабылдай алатындай мүмкіндігі жоқ.

7
БАҚ өкілдері, иллюстративті фото

Әлемдік саяси медиакеңістікке кім бақылау жүргізеді

19
(Жаңартылды 12:41 22.10.2020)
АҚШ пен Ұлыбританияның Оңтүстік Корея мен Жапониядағы Олимпиада ойындарына жасалған кибершабуылдарға Ресейді айыптауы бұл елде біршама түсініксіз реакция туғызды

Түсінбеушіліктің себебі қарапайым: Мәскеудің бейбітшілік пен спортқа қарсы ақылға қонымсыз "қылмысы" туралы негізсіз болжамдар антиресейлік күн тәртібін алға жылжыту үшін де, Ресейді "жазалау" мақсатында шаралар қолдану үшін де мағынасыз болып көрінеді, деп жазады РИА Новости.

Бір жағынан, батыста антиресейлік медиакампания жақсы жолға қойған. Алайда Алексей Навальныйға қатысты оқиға әлі де бәсеңдеген жоқ. Оның үстіне жоғары деңгейде – сыртқы істер органдары мен негізгі арнайы қызметтер басшылары деңгейінде Ресейге қатысты жаңа ақпараттың шетін шығарудың қажеттілігі жоқ еді. Екінші жағынан, алдыңғы тәжірибе, соның ішінде ресейлік блогермен болған оқиға кез-келген жағдайда Мәскеуге қарсы қандай да бір күрделі шаралардың қабылданатынына сенуге болмайтынын көрсетті.

Сонымен бірге, Вашингтон мен Лондонның бір мезгілде жасаған мәлімдемелері екі ел астанасы ұстанатын ортақ мақсаттардың бар екендігін дәлелдейді.

Ол қандай ортақ мақсат?

Оның шешімін Токио мен Сеулдің айыптауларға қатысты реакциясынан іздеу қажет. Жапония үкіметі осы мәселеге қатысты "тиісті ақпарат" жинауға уақыт қажет екенін алға тартып, түсініктеме беруден бас тартты. Оңтүстік Корея билігі де ештеңе айтпауды жөн санаған сияқты.

Шамасы, екі елдің шенеуніктері мен арнайы қызметтері, яғни, батыстың аймақтағы негізгі одақтастары – АҚШ–Ұлыбритания операциясы туралы алдын-ала хабардар етілмесе керек. Енді бұл мәселеде дұрыс позиция ұстану үшін өзінің бағыт-бағдарын айқындап алуға мәжбүр болуда. Мысалы, Жапонияның Олимпиада комитеті өз жұмысында қандай да бір кибершабуылдың ықпалын сезінбегенін жеткізді.

Сондықтан, жаңа антиресейлік науқан Ресейге емес, басқа әлемге, ең алдымен, батыстың өз ішіндегі бәсекелестерге бағытталуы мүмкін. Русофобиялық күн тәртібі мұндай жағдайда ыңғайлы әрі таныс құрал ретінде пайдаланылып отыр.

АҚШ-тың держава ретіндегі күшінің біртіндеп бәсеңдеуі және Ұлыбританияның халықаралық аренадағы ықпалының айқын түрде әлсіреуі соңғы жылдары үйреншікті жағдайға айналды. Алайда, бұл процесс негізінен экономикалық, бюрократиялық және кейбір саяси тетіктерге әсер етеді.

Дегенмен, екі державаның әлеуеті орасан салалары әлі де бар. Бұл жерде америкалық әскердің НАТО-дағы басымдығына күмәндануға болмайтыны сияқты, континентальды Еуропадағы бірде-бір БАҚ британдық Times немесе америкалық CNN ақпарат құралдарымен бәсекеге түсуге қабілетті емес. Бұған Twitter мен Facebook сияқты қоғамдық пікірді манипуляциялауға арналған қуатты құралдарды басқару орталығының да мұхиттың ар жағында орналасқандығын мысалға келтіруге болады.

Вашингтонның RT-ге немесе қытайлық TikTok-қа қарсы қатаң саясаты олардың мұндай құрылымдарының маңыздылығын жақсы білетіндіктерін растайды. Бірақ геосаяси қарсыластардың да мықты ресурстарға ие екендігіне үйренген АҚШ олардың өзіндегі жұмысын барынша тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр.

Ал ресейлік блогердің айналасындағы дау-дамай – толығымен Берлиннің идеясы. Бұл жерде Германия стандартты антиресейлік күн тәртібін қолданды, бірақ ол оны "үлкен серіктестерден" тартып алды да, өзінің тәуелсіз ойынында жақсы пайдаланды.

Немістер Навальныйды басқарып отыр. Навальный олар нені қажет деп тапса, соны айтады. Бірнеше күн бойы әлем үшін жаңалықтардың басты қайнар көзі неміс басылымдары болуы – осының дәлелі. Ал ағылшынтілді БАҚ бұл оқиғаның өрбуін неміс бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексөз келтіре отырып, жариялауға мәжбүр болды.

Ал Ресейдің бас барлау басқармасы хакерлерінің Олимпиадаға шабуыл жасағаны туралы оқиға тіпті өзгеше сипатқа ие болып отыр. Шын мәнінде, оның көмегімен америкалықтар мен британдықтар Навальный тақырыбын жаңалықтардың күн тәртібінен мүлдем алып тастауға тырысуда. Өйткені бұл іс жүзінде олардың бәсекелестерінің жобасы. Бұған қоса, Вашингтон мен Лондон Еуропа, оның ішінде немістер біраз уақыт бойы бағындырған әлемдік медиа-саяси кеңістікке бақылау жүргізу тізгінін қайтадан өз қолдарына алғысы келеді.

Алайда олар бұл жерде бір антиресейлік тақырыпты басқа антиресейлік тақырыппен алмастырудан басқа жақсы тәсіл ойластыра алмады.

Екі тарап та өте жағымсыз риториканы қолданғанымен, олардың қарама-қайшы көзқарастары Ресейге (және басқа да көптеген елге) тиімді болып отыр. Өйткені ол батыстың өз ішіндегі қақтығыстарды күшейте түседі және оның одан әрі құлдырауына ықпал етеді.

Германияның аз уақытқа болса да әлемдік саяси және ақпараттық кеңістікті өз бақылауына алуы алғашқы бірегей жағдай деп қабылдануы керек. АҚШ пен Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары өз үстемдігін жоғалтуға баяу да болсын дайындалып келеді. Себебі оларға қазір геосаяси бәсекелестер ғана емес, өздерінің жақын одақтастары да қарсы тұруда.

19
Кілт сөздер:
әлем, ақпараттық ресурстар