НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Америкалық әйел Керри Блох пен оның аутизммен ауыратын ұлының оқиғасы көп адамның көңілін босатты, деп жазады Buzzfeednews.
Керри Twitter-ге 21 жастағы ұлының суретін жариялады. Ол көп жылдан бері сөйлемейді, бірақ таяуда тілге келген.
"Аутизммен ауыратын 21 жастағы ұлым сөйлеп үйренбеген. Бүгін ол маған алғашқы сұрағын қойды: "Мен біреуге ұнауым мүмкін бе?", - деп жазды әйел.
My 21 year old autistic son has no communication skills. Today he asked me his first question ever. It was. “Would someone like me?” pic.twitter.com/vw1DMQN9s8
— kerry bloch (@dsmom58) October 30, 2019
Керри оны 40 жасында туған. Төрт жасында Дэвидтің аутизммен ауыратыны анықталды, осы кезден ол сөйлеуді қойған. Кейін баланың иммунитеті нашарлап, ол үйде оқитын болды.
Дэвидтің анасы оның жалғызсырап, достары жоқ екеніне қатты алаңдап жүрген. Бірақ әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар хат жазып, жігітке қолдау көрсетіп, сыйлықтар жіберіп жатыр.
RT өз жобасының үшінші бөлімінде Алла Березовскаядан сұқбат алып, Латвияда "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігімен әріптестік орнатқаны үшін орыс тілді жеті журналистке қарсы қылмыстық іс қозғалуын талқылады.
Березовскаяның айтуынша, ресейлік ресми БАҚ-қа қарсы нағыз қудалау жарияланды.
"Өз орнымда отырып, әдеттегідей жұмысымды істеп отырғанмын. Есік қоңырауы басылды. Есікті ашатын кезімде домофон камерасы арқылы полиция қызметкерін көрді. Өзінің аты-жөнін атаған тәртіп сақшысы есікті ашуымды өтінді. Олар артқы есіктен де кірді. Үйге кірген офицер маған сот шешімін көрсетіп, осыған байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Ол сол себепті менің пәтерімде тінту жүргізіп, ақпараттық тасымалдағыш болып табылатын құралдар тәркіленетінін де жеткізді", - деп сол күнгі оқиғаны есіне алды Алла Березовская.
Ол үйді тінтуге келгендердің арасында болған бетперде таққан азамат журналистің компьютеріндегі барлық мәліметті көшіріп жазып алғанын да айтты.
"Содан кейін олар екінші қабатқа көтеріліп, жатын бөлмедегі немеремнің сынып қалған планшетін де алып шықты. Оның ішінде ойыннан басқа ештеңе жоқ болатын. Олар қараңғы екеніне қарамастан, даланы, үй аумағын да тексеріп шықты", - дейді ол.
Березовская санкияны бұзу бойынша айып тағылады деп ойламағанын айтты. Ол үшін бұл күтпеген жағдай болған.
"Мен Латвиядағы орыс тілінде білім беру, азаматтық алу, нацизмді ақтау, қылмыстық қудаалауға тап болған құқық қорғаушылар мен журналистер жайлы көп жазамын. Мені осыларға қатысты айыптайтын шығар деп ойладым. Бірақ, бізді санкция бұзды деп айытпауы мені таңғалдырды. Жалпы, ресейлік БАҚ-қа қарсы нағыз қудалау болып жатыр. Ресейлік ресми БАҚ-та жұмыс істейтіни журналистерге адам құқығы, сөз бостандығы мен демократия талаптары қолданылмайтынын дәлелдегілері келетін сияқты", - дейді БАҚ өкілі.
Ол Baltnews.lv порталына түрлі тақырыпта материалдар жариялап тұрған.
"Осыдан сегіз жыл бұрын әріптесім әрі жақын досым Андрей Яковлев Baltnews.lv атты сайт құрды. Ол менен осы порталға ақпараттар жазып, журналистік бағана жүргізуімді сұрады. Мен келістім, әрине. Қайта тіркеуден кейін Baltnews.lv Ресей меншігіне айналса да, менімен әріптестік бұзылған жоқ. Келісімшартт бойынша жұмыс істедім. Көбіне, өз ақпаратымды өзім ұсынатынмын. Айына бір-екі материалым жарияланатын. Бізді санкцияларды бұзды деп айыптап отыр. Мен бұл тұжырыммен келіспеймін", - дейді журналист.
Ол Латвиядағы азаматтарды, соның ішінде, депутаттар мен шенеуніктердің Ресей жайлы негативті пікір білдіруіне қатысты бірде-бір қылмыстық қудалау болмағанын еске салды.
"Латвиядағы Сейм депутаты Эдвин Шноре орыстар жайлы "оларды бит-сірке секілді сығып тастап, көзін жою керек" десе, латыш жазушы Дидзис Седлениекс "генетикалық ауытқу" деп кемсітті. Сол сияқты, Латвия радоисының дикторы "неге біз немістерден құтылы алдық та, орыстардан құтыла алмай жатырмыз?" деп таңданыс білдірді. Осы сияқты көптеген арандатушылық фактілер бойынша сауал тастағанымызда, бізге "қылмыс құрамы жоқ, бұл сөз бостандығы"деп жауап беретін", - деп түйіндеді Березовская.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың 3 желтоқсанында құзырлы орган өкілдері Sputnik және Baltnews.lv тілшілерінің үйінде тінту жүргізіп, жауап алды. Арнайы қызметтің ақпаратынша, журналистер Еуроодақтың санкциялық режимін бұзды деп айыпталуда.
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жер асты дүмпуі болып, салдарынан жеті адам көз жұмды.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Индонезияда 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 24 адам жараланғаны туралы ақпарат таратылған болатын.
Индонезияның метеорология және геофизика агенттігі жер сілкіністерінен кейін елде кемінде 26 афтершок, яғни кейінгі дүмпу болғанын мәлімдеді. Агенттік тағы бір қуатты жер сілкінісі болса, оның салдарынан цунами таралу қаупі бар екенін айтты.
Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.
Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.
Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.