НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Татарстан тұрғыны алты жасар баласын көлік рөліне отырғызды. Ұлының 130 километр/сағат жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан автокөлікте отырғанын анасы видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
Видео кадрларынан кішкентай жүргізушінің рөлді ұстап отырғанын, ал спидометр көрсеткішінің 130 километр/сағат жылдамдықты көрсетіп тұрғанын байқауға болады.
"Ол төрт жасынан бастап көлік тізгіндейді. Қазір ол алтыда, бұдан еш жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын. Жол-патрульдік инспекторлар маған бірдеңе деп айтса да, ештеңе етпейді", - деді Алтынбаева "Говорит Москва" радиостанциясына.
Ұлдың анасы әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге де дөрекі жауап береді. Әйелдің айтуынша, оны құзыретті органдар түсініктеме беру үшін шақырмаған.
Бұған дейін Алтынбаеваға қолында сәби ұстап көлік тізгіндегені үшін 5300 рубль көлемінде айыппұл салынған болатын. Бұл жайында да әлеуметтік желіден белгілі болды.
Тағы оқыңыз: Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
Ол кезде әйел балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны, автокөлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай басқарғаны, әйнектерді қараңғылағаны және сақтандыру полисі болмағаны үшін айыппұлмен жазаланған еді.