Әлем

Өлер алдындағы соңғы тілегі қарияны танымал етті - фото

CC0 / Bernd Schray / Пожилой мужчина, архивное фото
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде қызу талқыланған оқиға АҚШ-та болған. Суретпен қарияның немересі әлеуметтік желіде бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-тың Висконсин штаты тұрғынының оқиғасын естіп таңғалды. Бұл туралы қарияның немересі Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Адам Шемм жеке парақшасына атасы және жақындарымен бірге түскен суретін жариялаған.

"Бүгін менің атам қайтыс болды. Ол кеше кешке балаларымен бірге соңғы рет сыра ішуді қалады", - дейді немересі.

Америкалықтың жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Тіпті, жазбаны Reddit әлеуметтік желісіне жариялаған кезде бұл оқиғаға қызығушылық артып, жұрт түрлі пікір жазған.

Желі қолданушылары қарияның соңғы тілегі орындалғанына қуанышты екенін айтқан.

Жұрт ер адамның балаларын жақсы тәрбиелегенін айтып, суреттегі қарияның күлкісі өмірдегі соңғы сәтін бақытты өткізіп жатқанын дәлелдейтінін жазған.

Тағы оқыңыз: Қос ғашықты тірідей өртеді: әйел өлер алдында шындықты айтып кетті

Қоданушылардың тағы бірі өмірде ең маңыздысы – өмірде өзің бақытты болып, отбасыңды да қуанышқа бөлеу қажет екенін түсіндім дейді.

"Мен уақыты келгенде өлімді осындай қуанышпен қарсы аламын деген үміттемін" - деп жазды енді бірі.

Ал Twitter желісіндегі жастар өлім аузында жатқан жақындарымен бірге қалай уақыт өткізгенін жазыпты.

"Менің әжем де осылай істеген. Ол ликерді стақанмен ішті", - дейді әлеуметтік желі қолданушысы. 

Жаңалықтар
0