Қалыңдық, архивтегі сурет

Күйеужігіт жоғалып кетті: қалыңдық аң-таң болып отыр

1710
(Жаңартылды 17:06 03.12.2019)
Полицияның ақпаратына сәйкес, екеуі әлеуметтік желі арқылы танысқан. Жігіт жоғары лауазымды қызметте екенін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Ресейде полиция үйленемін деп алдап, қалыңдығынан 15 миллион рубль (90 млн теңгеге жуық) алған жігітті ұстады, деп хабарлайды РИА Новости.

Күдікті 2015 жылы дәл осындай қылмысы үшін сотталған екен. Бес жылға бас бостандығынан айырылған алаяқ жақында ғана түрмеден шығыпты.

Тағы оқыңыз: Күйеу жігіт сене алар емес: үйлену тойы күні сұмдық жағдай болды

Полицияның ақпаратына сәйкес, екеуі әлеуметтік желі арқылы танысқан. Жігіт жоғары лауазымды қызметте екенін айтқан. Ата-анасы да ақшадан қысылмайтынын жеткізіп, қызға ұсыныс жасаған. Бірақ туыстары қалыңдықтың та материалдық жағдайы жақсы екеніне көз жеткізуі тиіс депті.  

Осыны сылтауратып жігіт әйелді 15 миллион рубль жіберуге көндірген. Ақшаны кейін қайтаруға уәде беріпті. Ақша есепшотқа түскен соң жігіт те ізім-ғайып жоғалып кетті.

1710
Кілт сөздер:
қалыңдық, күйеу жігіт
Тақырып бойынша
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео
Қалыңдық құрбысының тойға киіп келген киімі жұрттың жағасын ұстатты – видео
Қалыңдық сотқа берді: үйлену тойынан кейін күтпеген жағдай болды
Толған ай фонындағы ұшақ

Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті

38
Бұған дейін тек 33 елдің азаматтарына кіруге рұқсат етілген еді, ал енді Қырғызстан барлығына ашық

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстан билігі "Манас", "Ош", "Ыстықкөл" халықаралық әуежайлары арқылы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елге кіргізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"2020 жылдың 4 желтоқсанынан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар белгіленген заңнамалық тәртіпте тұрақты әуе қатынасымен Қырғызстанға келе алады", -делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді

Бұған дейін тек 33 елдің азаматтарына республикаға кіруге рұқсат етілген еді, енді шектеулер алынып тасталды.

Хопкинс зерттеу орталығының мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан алғашқы ондыққа АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбия кіреді.

АҚШ-та 11 миллионнан астам адам індетке шалдықса, Колумбияда 1,2 миллион адам вирус жұқтырды.

38
Кілт сөздер:
коронавирус, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды
Қырғызстан премьері Маминге телефон соқты
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Мұнай өндірісі

Сарапшылар мұнайды қайта өңдеуге қатысты ой бөлісті

28
(Жаңартылды 11:35 05.12.2020)
Пекин бензин мен дизель отынына басымдық беріп, мұнайды өңдеу қуатын арттыруда. Келесі жылы-ақ аспанасты елі бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты басып озады

Америкалықтар ЖІӨ бойынша да кейіндеп қалады деген болжам бар. Алайда, аналитиктердің айтуынша, пандемияның екінші толқыны қытайлықтарға кедергі келтіруі мүмкін.

ҚХР Мемлекеттік статистика бюросының мәліметтері бойынша, қазан айында елде мұнай өңдеу екі жарым процентке артып, тәулігіне 14,09 миллион баррельді құрайтын тарихи рекордқа қол жеткізген. АҚШ-та қыркүйекте бұл көрсеткіш небәрі 13,5 миллионды құрады.

Қытайлықтар мұнымен тоқтамақ емес. Халықаралық энергетикалық агенттіктің қараша айындағы баяндамасында келесі жылдың соңында екі жаңа мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) іске қосылатыны айтылған. Бұл жоспар 2023 жылға қарай орындалады деген болжам бар болатын.

Жалпы қуаты тәулігіне 1,2 млн баррельді құрайтын тағы төрт кәсіпорын салынып жатыр. Мәселен, бүкіл Ұлыбританияда осы көлемде мұнай өңделеді.

Қытай бірнеше ондаған жылдар бойы бензин мен дизель отынына тұрақты өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға тырысып келеді.

"2000 жылдан бастап мемлекет мұнай өнімін өндіруді үш есеге арттырды. 2025 жылға қарай мұнай өңдеу тәулігіне 20 миллион баррельге жетеді", - дейді Теле Трейд ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Ол АҚШ өткен ғасырдан бері ұстап келген көшбасшылық тізгінінен 2021 жылы-ақ айырылады деген пікір білдірді.

Мұнай бағасынан кейін құлдыраған төменгі шекте болу салдарынан америкалықтар мұнай өңдеу зауыттарын жабуда. Биыл қара алтын төменгі баға деңгейлерін бірнеше рет жаңартты. Мысалы, 18 наурызда Brent маркасы 15 процентке арзандап, 2003 жылдан бері алғаш рет бір баррелі 24,52 доллардан сатылды.

Жанармайға деген әлемдік сұраныс та төмендеді. Сондықтан, мұнай өңдеу рекордтық 1,7 миллион баррельге дейін төмендеді. Мұндағы басым бөлігі америкалық зауыттарға тиесілі.

"Кейбір зауыттар жабылып жатыр. Ал басқалары жаңарту мен қалпына келтіру үшін инвестицияларды талап етіп отыр. Себебі, АҚШ-тың мұнай өңдеу қуаттылығының едәуір бөлігі орналасқан Мексика шығанағында жыл сайын дауыл соғады", - дейді Марк Гойхман.

"Алор Брокердің" бас аналитигі Алексей Антонов Қытай жетістігінің тағы бір себебі - коронавируспен тиімді күресу деп санайды. ҚХР экономикасы қалпына келіп, қазір тұрақтылық танытуда. Ал Еуропа мен АҚШ-та құлдырауы жалғасып жатыр.

Қытайлықтардың мұнай өңдеумен қатар металлургия саласында да көш бастап тұрғаны кездейсоқ емес.

Экономист дәл осы қарқын Үндістанда, Таяу Шығыста да байқалатынын айтады. Бұл азиялық өңірдегі батыс компанияларының ескірген бірқатар қуаттылықтарын жабуға алып келуде. Мысалы, Сингапурде осындай жағдай болды.

Сонымен қатар, АҚШ пен Ескі Әлем энергияның балама көздері үшін көмірсутектерінен біртіндеп бас тартып келеді. Ал, Қытай қатаң экологиялық міндеттемелермен еш байланысты емес.

"Штаттар жасыл энергетикаға басымдық беріп, ҚХР-ды лас өндірістік алаң ретінде танытуда. Экономикалық дамыған елдер басқа мемлекеттердің есебінен қайта қалпына келетін ресурстарға көшуді қаржыландырады да, "экологиялық салық" төлеуге міндеттейді", - дейді Hamilton инвестициялық компаниясының сарапшысы Антон Гринштейн.

Мұнайға тәуелді Ресей үшін жасыл энергетикаға компания шығынының өсуіне және бюджет кірісінің төмендеуіне алып келеді.

"Шикізаттық құрылымды сақтау кезінде ресейлік экономика үшін АҚШ-тың мұнай өңдеуде бірінші орында болуы тиімдірек", - дейді ол.

Марк Гойхманның айтуынша, 15-20 жылдан кейін мұнайдан болатын бюджет кірісінің орнын басуға лайықты қазынаны толтырудың басқа да көздеріне зер салуы керек.

Жақын келешкте Қытайдағы мұнай өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты осы бағыттағы шикізат экспортына қайта бейімделу керек.

Бірақ, кез-келген дүние таусылады. 2025 жылға қарай ҚХР-дағы өндірістік қуаттың өсуі сұраныстан асып түседі. Қытайлық CNPC мұнай-газ корпорациясының мәліметі бойынша, бес жылдан кейін елдегі мұнай өнімдерінің тым көптігі тәулігіне 1,4 миллион баррельді құрайтын болады.

Сондықтан, алдағы үш-бес жылдағы жақын келешекке көз жүгіртсек, онда мұнай өңдеуші саладағы ғана емес, басты экономикалық көрсеткіш болып табылатын ЖІӨ бойынша да көшбасшы ауысатын болады.

"Пандемияға дейін америкалық экономиканы қуып жету үшін Қытайға бес жыл қажет болды. Коронавирусты инфекциямен тиімді күресудің арқасында қытайлықтар ерте-ақ озып шыға алады", - дейді Антон Гринштейн.

Сарапшылардың айтуынша, америкалық биліктегілер проблеманы экономикалық және дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Бірақ, іс жүзеге аспады. Енді бизнесмен-президенттің орнына саясаткер-президент келді.

Оның үстіне, ҚХР-да мұнай өңдеу өнімдеріне деген сұраныстың күрт өсуі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен байланысты. Алайда, пандемияның екінші толқынын Азия да жоққа шығармай отыр. Ауруды жұқтырғандар санының күрт өсуі Индонезияда, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда тіркелген. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы мүмкіндіктер мәселесін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

28
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

0
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы