Архивтегі фото

Күн сайын 5 сағат жаяу жүретін даяшыға ерлі-зайыпты көлік сыйлады видео

915
(Жаңартылды 11:05 05.12.2019)
Адрианна Эдвардс күн сайын 22,5 километр жаяу жүрген. Даяшыға қымбат сыйлық жасаған дәмхана клиенттері аты-жөнін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та дәмханаға келушілер күн сайын жұмысқа барып-келу үшін бес сағат жаяу жүруге мәжбүр болған даяшыға автокөлік сыйлады, деп жазды The Daily Mail.

Оқиға Галвестон қаласында (Техас штаты) болды. Адрианна Эдвардс күн сайын бес сағат уақытын жолға кетіріп, 22,5 шақырым жаяу жүрген. Қыз көлікке ақша жинай бастапты, бірақ жалақысы тамақтан, басқа да шығындардан артылмаған.

26 қараша күні таңертең Адрианна ерлі-зайыптыға таңғы ас әкеліп берген. Клиенттер даяшының жұмысқа келіп-кету үшін ұзақ жол жүретінін кездейсоқ біліп қалады, содан олар дәмханадан шығып кетіп, бірнеше сағаттан кейін тосынсыймен – 2011 жылғы Nissan Sentra автокөлігімен қайтып келді.

Тағы оқыңыз: Даудың басы даяшы қыз. Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті 

Басында қыз бұл әзіл деп ойлаған, бірақ ерлі-зайыпты оның күмәнін сейілтті. Енді Эдвардс жолда жарты сағат қана жүреді, сонымен қатар колледждегі оқуын ертерек бастай алады. Ол болған жағдайға әлі де сенбей жүргенін және әр екі сағат сайын шынымен де өз көлігі бар екеніне көз жеткізу үшін терезеден қарайтынын жасырмады.

Даяшыға қымбат сыйлық жасаған ерлі-зайыпты аты-жөнін айтқысы келмеді. Олар Адрианнадан біреуге жақсылық жасауды сұраған.

 

915
Кілт сөздер:
видео, тосынсый
Тақырып бойынша
Бір дегенде бір құшақ ыдыс-аяқты жинап әкеткен даяшы жұртты таңғалдарды - видео
Димаш ұстазын тосынсый жасап қуантты — видео
Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді
Танымал әртіс даяшы қыздарға 20 мың доллар шайпұл қалдырып кетті
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

80
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

80
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

15
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

15

Маскаңды тақ! Қатал аққу саябақтағы қауіпсіздікті қадағалап жүр видео

0
(Жаңартылды 18:04 24.11.2020)
Туристер коронавирус пандемиясы кезінде де дамыл табар емес – олар көрікті жерлерді аралап, жануарлармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады

Дегенмен мына видеодан әдеттегіден өзгеше оқиғаны көруге болады. Турист қыз қорғаныш маскасын иегіне түсіріп, саябақтағы көгалда жүрген әсем аққуға жақындайды.

Осы кезде аққу "жауапсыз" келушіге күтпеген жерден тап беріп, оның маскасын тағып қояды.  

Қанатты бақылаушыдан мұндайды күтпеген қыз артқа шегініп, шалқасынан құлап түседі.  

0