Ашық тұрған есік

Блогер видео түсіріп тұрған кезде қорқынышты жағдай болды

11510
(Жаңартылды 21:12 05.12.2019)
Ол бейне жазып жатқан кезде түсініксіз жағдай болды. Алайда желі қолданушыларының көбі видео авторына сенбей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Желіде америкалық блогер Дэйзи Маркестің видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол сөйлеп тұрған кезде есік өзінен-өзі ашылып кеткен, деп жазады Sputnik International.

Жарнама ролигін жазып жатқан кезде есік ашылып кеткен. Блогер сөзін тоқтатып, болған жағдайды түсінбей қалады. Кейін бұрылып, баспалдаққа қарайды. Автор үйде ешкім жоқ екенін айтты.

Маркес баспалдақпен төмен түскен кезде өзін біреу "итергенін" де жеткізді. Алайда оның сөзіне желі қолданушыларының көбі сенбей отыр. Олар блогер өзі жарнамалап отырған өнімге назар аударғысы келгенін айтады.

11510
Кілт сөздер:
қорқыныш, видео, блогер
Тақырып бойынша
Ақтауда екі қыздың біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
"Бәрі мені жас бала деп ойлайды". 21 жастағы блогер қалай танымал болды?
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Танымал блогер ел алдында ұятқа қалды – видео
Танымал ресейлік блогер ұлына "Димаш" деп ат қойды    
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

10
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

10
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

15
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

15