Архивтегі фото

Беларусьте екі қызды асқан қатігездікпен өлтірген қаскөй атылды

2050
Прокурордың мәліметінше, Осипович президенттің атына өтініш жолдаған, бірақ мемлекет басшысы оны қанағаттандырмады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Беларусьте екі қызды өлтірді деп айыпталған Бобруйск қаласының тұрғыны Александр Осиповичке өлім жазасы орындалды, деп хабарлады "Коммерческий курьер" басылымы.

Қанды оқиға 2018 жылдың 20 шілдесінде Бобруйск қаласында болған: 36 жастағы Осипович дәмханада 26 және 27 жастағы екі қызбен танысқаннан кейін оларды үйіне шақырған. Дегенмен қыздардың ойындағыдай отырыс өтпеген, ақыр соңында қонақтар жуынатын бөлмеге тығылып, полиция шақыруға мәжбүр болған. Өкінішке қарай, жәбірленушілер болған жағдайды тәртіп сақшыларына хабарлап үлгермейді: қыздардың мәйіті табылды, Осипович олардың бірін пышақтап, екіншісін балғамен ұрып өлтірген.

Күдікті қамауға алынды, кейінірек Могилев облыстық соты оны өлім жазасына кесті, ал Жоғарғы сот үкімді күшінде қалдырды.

Такси жүргізуші зорлап өлтірген қыз 5 минут бұрын жанұшыра көмек сұраған 

Могилев облысы прокуратурасының аға прокуроры Ольга Иванованың мәліметінше, қаскүнемге қатысты үкім 17 желтоқсанда орындалған.

Ол сонымен қатар Осипович Жоғарғы соттың шешімінен кейін президенттің атына рақымшылық жасау туралы өтініш жазғанын, бірақ қабылданбағанын айтты.

Қазіргі уақытта Беларусьте тағы екі адамды – Витебск ауданында екі қарт әйелді өлтірген Виктор Павлов пен Лунинецте 8 айлық қызды өлтірген Виктор Сергельді өлім жазасы күтіп тұр.

2050
Кілт сөздер:
Беларусь, өлім жазасы
Тақырып бойынша
Он бір жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты
Қытайда 18 жастағы жігіт жазықсыз өлім жазасына кесілгені анықталды
Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды
Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК
Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға дайындық басталады
Тұрғындар, архивтегі сурет

Ғалымдар COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

929
(Жаңартылды 11:34 31.10.2020)
Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе науқастар терісінің өзгергенін көрді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Коронавируспен ауырғандардың терісіне зақым келеді. Массачусетс ауруханасы, Дерматология қоғамының халықаралық лигасы және Америкалық дерматология академиясының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе, науқастар терісінің өзгергенін көрді. Коронавирус белгілері бар 224 адам мен расталған 90 жағдайда бұл симптом шамамен 12 күнге дейін созылған. 

Зерттеушілердің айтуынша, алты жағдайда бақай тырнағы дерттері пайда болған. Оларда сырқат 60 күнге дейін дейін жалғасты, тағы екі жағдайда 130 күнге дейін созылған.

Британиялық басылымның хабарлауына сәйкес, халықаралық COVID-19 дерматологиялық тізімде коронавирустан кейін аяқтың сырқаты байқалған. Науқастардың 16 проценті ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін медицина вирустың мұндай салдары туралы хабарламаған болатын. Алайда өкпе, жүрек, бүйрек және адамның репродуктивті жүйесіне зақым келетіні айтылды.

929
Кілт сөздер:
коронавирус, ғалымдар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Баяғы жартас – сол жартас: коронавирусқа қарсы тегін дәрілер қайда кетті?
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина пандемиядан екі жыл бұрын жасала бастаған
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Жер сілкінісі

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

65
(Жаңартылды 09:32 31.10.2020)
Қазіргі уақытта жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстандық дипломаттар хабарласуға болатын телефон нөмірлерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Түркиядағы Қазақстан елшілігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер қандай нөмірлерге хабарласа алатынын жариялады.

Еске сала кетсек, жұма, 30 қыркүйекте Эгей мен Мәрмәр теңізі өңірінде магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Измирде бірнеше ғимарат қирағаны туралы хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Embassy Kazakhstan in Turkey (@kzembassytr)

Жер сілкінісінен зардап шеккен Қазақстан азаматтарын мына нөмірлерге қоңырау шалуын сұраймыз:

Абылай Амандыков +905384409677

Асылбек Сыдықов +905367772827

Лаура Болатова +905396903114

Измирдегі Қазақстанның құрметті консулы Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедьянова +905347023135.

Соңғы мәліметке сәйкес, Түркия батысында болған жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 24 адамға жетті. 800-ге жуық адам зардап шеккені хабарланды.

65
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, жер сілкінісі, Түркия
Тақырып бойынша
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Министрлік Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді
Димаш пен Тасмағамбетов Түркияда туған күнде жүр – видео
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Дискотека, клуб

500-ге жуық адам болған: Нұр-Сұлтанда түнгі клуб полицияға есік ашпай қойды

0
Мобильді топ бір тәулікте үш жүзден аса кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 46 карантин режимін бұзу фактісін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Астаналық полицейлер карантин талаптарын бұзған мейрамханалар мен түнгі клубтарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Карантин режимінің сақталуын тексеретін мобильді топ сағат 23.37-де "БХБ" түнгі клубына барды.

"Полицейлер келген кезде мекемеде 500-ге жуық адам болған. Клиенттер мен қызметкерлер есікті іштен жауып алып, ашпай қойды. Клубқа көңіл көтеруге келген жастар бетперде тақпаған, ара қашықтықты сақтамаған", - делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, Қорғалжын тас жолындағы "ZIMA" түнгі клубы да карантин талаптарын бұзды. Сағат 22.10-де мекемеде 80 адам отырған.

Полицияның ақпаратынша, "ZOLOTO" және "Korean housе" мейрамханаларын, "ICON" клубын тексеру кезінде де заңбұзушылықтар анықталды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

"Бұл элиталық мекемелер Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын шектеу және карантинді қатаңдату қаулысын, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейінгі жұмыс кестесі мен санитарлық-профилактикалық шараларды анық бұзған. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - деді департаменттен.

Мобильді топ бір тәулікте 313 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 46 карантин режимін бұзу фактісін анықтады.

Елордалық полиция тұрғындар мен бизнесмендерге карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды сақтау керектігін ескертті. Тәртіп бұзғандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, полиция, түнгі клуб
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматы облысында карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтанда түнгі клуб өртенді
Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды
Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды