Әлем

Ұшу жолағындағы төтенше жағдай: ұшақ дөңгелегі жұлынып кетті

CC0 / pixabay.com / Bombardier Dash 8, иллюстративное фото
Bombardier Dash 8, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лайнер әуежай маңында қалықтап жүріп, отынды бітірген соң апатты жағдайда қонды. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Air Canada ұлттық тасымалдаушысының ұшағы Монреаль әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі лайнер әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше секундтан соң шассидің бір дөңгелегі жұлынып кетті.

CBC телеарнасы рейс жолаушыларының бірі түсірген оқиғаның видеосын жариялады.

Bombardier Dash 8 ірі канадалық әуе компаниясының ұшағы Монреальдан Квебек провинциясындағы Сагеней қаласына ұшуы керек болған.

Төтенше жағдайға тап болған лайнер бір сағат бойы әуежай маңында қалықтап жүрген. Ол отынды бітірген соң жерге қонған.

Бортта 49 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларды компанияның басқа ұшағымен тасымалдау жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды  

Жаңалықтар
0