Әлем

Ирандағы трагедия: стюардессаның күйеуі апат болғанын әуежайда естіген  

© REUTERS / VALENTYN OGIRENKOУкраинский лайнер со 180 пассажирами рухнул у тегеранского аэропорта. Фото с места трагедии
Украинский лайнер со 180 пассажирами рухнул у тегеранского аэропорта. Фото с места трагедии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Борисполь халықаралық әуежайына бортсерік болып жұмыс істейтін әйелін күтіп алуға келген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Тегеран-Киев рейсінде жұмыс істеген "Украинаның халықаралық әуе желілері" компаниясының бортсеріктерінің бірінің күйеуі ұшақтың құлағанын әуежайда журналистерден білген, деп хабарлады РИА Новости.

Ер адам аты-жөнін айтудан және жазу құрылғысына сөйлеуден бас тартты. Тілші диктофонды жасырғаннан кейін Борисполь халықаралық әуежайына бортсерік болып жұмыс істейтін әйелін күтіп алуға келгенін айтты.

Ол әуе кемесінің апатқа ұшырағанын тікелей эфирге шыққан телеарналардың бірінің журналисінен әуежайда естіген. Ер адам жылап жіберді. Ол "Украинаның халықаралық әуе желілеріне" хабарласуға тырысқанмен, ол жерден ресми ақпарат ала алмады. Әуе компаниясы ұшақ апаты жайлы мәліметке түсініктеме бермей отыр. 

Тағы оқыңыз: Украина ұшағы құлады: Зеленский әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады

Ирандағы әуе апатына байланысты Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жанынан жедел штаб құрылды.  

Ирандағы ұшақ апаты

Украиналық ұшақ сәрсенбі күні таңертең Тегеран халықаралық әуежайының маңында құлады. Соңғы мәліметтер бойынша, бортта 176 адам болған, олар 7 елдің азаматтары. Басым көпшілігі Иран азаматтары. Сонымен қатар, Канада, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Ауғанстан, Ураина тұрғындары болған. Ұшақ апатынан барлығы көз жұмды.

Жаңалықтар
0