Әлем

"Түрік ағыны" жаңа газ құбыры іске қосылды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуВстреча президентов России и Турции В. Путина и Р. Эрдогана в Санкт-Петербурге
Встреча президентов России и Турции В. Путина и Р. Эрдогана в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті "Түрік ағыны" газ құбырын іске қосу рәсіміне қатысу үшін Ыстамбұл қаласына ұшып барды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған "Түрік ағыны" жаңа газ құбырын ресми түрде іске қосты.

Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Ресей мен Түркия геосаяси тұрғыда "бір-біріне қарсылас" болып келді. Олардың арасындағы келіспеушілікті жойып, қос тарапты бітімге шақыру мүмкін еместей көрінетін. Алайда Мәскеу бұл мәселенің шешімін таба білді, деп хабарлады РИА Новости.

Санкциялар "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын салып бітіруге кедергі болмайды - министр 

Тіпті "Түркия ағыны" газ құбырын ресми түрде іске қосу рәсімінде Владимир Путин қос мемлекет арасындағы өзара байланыстың нығайғанын атап өтті.

"Халықтарымыздың және барлық Еуропа халқының, әлемнің игіліне орай екі мемлекет өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отыр", - деді Ресей президенті.

"Солтүстік ағын — 2" газ құбыры

2020 жылдың ортасында "Солтүстік ағын — 2" газ құбыры іске қосылады.  Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Козак құрылыс жоспарға сәйкес жүріп жатқанын айтты.

Жоба аясында Ресей жағалауынан Балтық теңізі арқылы Германияға дейін жылына 55 миллиард текше метр газ тасымалдайтын құбырдың екі тармағын іске қосу жоспарланып отыр. Газ құбыры Финляндия, Швеция және Данияның аумағы арқылы өтеді.

Қазан айының басында "Газпром" компаниясы құбырдың 80%-і салынғанын атап өткен. Алайда компания құрылыс жұмыстары барысында қиындықтар туындағанын да жасырған жоқ. Дания құбырды төсеуге тек қазан айының соңында рұқсат берген. Дегенмен компания өкілі Дания аумағы арқылы газ құбырын өткізуге 5 апта жеткілікті екенін айтты. 

Бұған дейін америкалық сенатор Тед Круз АҚШ санкциялары "Солтүстік ағын — 2" газ құбырын іске қосуды бір жылдан астам уақытқа кешіктіретінін ескерткен еді.

Жаңалықтар
0