Жаңажылдық дастарқан

Ауылда қонақтың мәйіті мерекелік дастарқанда бірнеше күн "отырған"

4016
(Жаңартылды 11:56 10.01.2020)
Мерекелік дастарқан жайып, Жаңа жылды тойлаған ауылдастар арасында жанжал шығып, үй иесі қонақты бөренемен басынан ұрған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Беларусьтің Витебск облысындағы ауылдардың бірінде мерекелік дастарқанның басында бірнеше күн бойы "отырған" ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы РИА Новости басылымына Витебск облыстық атқарушы комитеті ішкі істер басқармасының ресми өкілі Виталий Сапроненко мәлімдеді.

Айтуынша, 8 қаңтарда Чересса ауылының тұрғыны күйеуінің бірнеше күн бойы үйге келмегенін айтып милицияға жүгінеді. Құқық қорғау органдары анықтағандай, соңғы рет ер адамды Ресейден келген ауылдасының үйінде көріпті.

"Қылмыстық іздеу қызметкерлері бұл ақпаратты тексеріп, әйелдің күйеуін тапты. Оның денесі мерекелік дастарқан басында "отырған". Ауылдастар 2019 жылдың 30 желтоқсанынан бері Жаңа жылды тойлапты. Алдын ала қорытынды бойынша, ер адам 6 қаңтар күні көз жұмған", - деді Сапроненко.

Белгілі болғандай, үй иесі мен ер адамның арасында жанжал шығып, үй қожайыны бөренемен басынан ұрған.

Тағы оқыңыз: Жаңаөзенде Toyota Camry көлігінен мәйіт табылды: оқиғаның мән-жайы

"Алайда қонақ үстел басында капюшонмен отырғандықтан, үй иесі оның ауыр жарақат алғанын түсінбеген. Осылайша бірнеше күн өткен, милицияға да хабар бермеген", - деді ресми өкіл.  

Сараптама анықтағандай, 1969 жылғы ер адам жабық бас сүйегі-ми жарақатынан көз жұмды.

1966 жылғы күдіктіге қатысты Беларусь қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

4016
Кілт сөздер:
Беларусь, қылмыс, қонақ, жаңа жыл
Тақырып бойынша
Алматы облысында әйел мен оның екі ұлының мәйіті табылды
Қарағандыда туыстарынан 5 миллион теңге қарыз алған келіншектің мәйіті табылды
Қарағанды облысында әйелдің өртенген мәйіті табылды
Қызылорда облысында автобус аударылды: бірнеше адамның мәйіті табылды
Қарағандыда ұрланған 3 жасар баланың мәйіті табылды
Атыраулық әйел күйеуінің мәйіті қалай тауық қораның астында қалғанын білмейді  
Ақтауда үй жанынан жас жігіттің мәйіті табылды
Қарағандыда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды: полиция мән-жайды айтты
 Таиландта суға батып кеткен қазақстандық туристің мәйіті өртеледі
Тұрғындар, архивтегі сурет

Ғалымдар COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

642
(Жаңартылды 11:34 31.10.2020)
Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе науқастар терісінің өзгергенін көрді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Коронавируспен ауырғандардың терісіне зақым келеді. Массачусетс ауруханасы, Дерматология қоғамының халықаралық лигасы және Америкалық дерматология академиясының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе, науқастар терісінің өзгергенін көрді. Коронавирус белгілері бар 224 адам мен расталған 90 жағдайда бұл симптом шамамен 12 күнге дейін созылған. 

Зерттеушілердің айтуынша, алты жағдайда бақай тырнағы дерттері пайда болған. Оларда сырқат 60 күнге дейін дейін жалғасты, тағы екі жағдайда 130 күнге дейін созылған.

Британиялық басылымның хабарлауына сәйкес, халықаралық COVID-19 дерматологиялық тізімде коронавирустан кейін аяқтың сырқаты байқалған. Науқастардың 16 проценті ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін медицина вирустың мұндай салдары туралы хабарламаған болатын. Алайда өкпе, жүрек, бүйрек және адамның репродуктивті жүйесіне зақым келетіні айтылды.

642
Кілт сөздер:
коронавирус, ғалымдар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Баяғы жартас – сол жартас: коронавирусқа қарсы тегін дәрілер қайда кетті?
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина пандемиядан екі жыл бұрын жасала бастаған
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Жер сілкінісі

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

53
(Жаңартылды 09:32 31.10.2020)
Қазіргі уақытта жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстандық дипломаттар хабарласуға болатын телефон нөмірлерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Түркиядағы Қазақстан елшілігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер қандай нөмірлерге хабарласа алатынын жариялады.

Еске сала кетсек, жұма, 30 қыркүйекте Эгей мен Мәрмәр теңізі өңірінде магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Измирде бірнеше ғимарат қирағаны туралы хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Embassy Kazakhstan in Turkey (@kzembassytr)

Жер сілкінісінен зардап шеккен Қазақстан азаматтарын мына нөмірлерге қоңырау шалуын сұраймыз:

Абылай Амандыков +905384409677

Асылбек Сыдықов +905367772827

Лаура Болатова +905396903114

Измирдегі Қазақстанның құрметті консулы Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедьянова +905347023135.

Соңғы мәліметке сәйкес, Түркия батысында болған жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 24 адамға жетті. 800-ге жуық адам зардап шеккені хабарланды.

53
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, жер сілкінісі, Түркия
Тақырып бойынша
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Министрлік Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді
Димаш пен Тасмағамбетов Түркияда туған күнде жүр – видео
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Елжан Біртанов

Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

172
(Жаңартылды 12:59 31.10.2020)
Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде Біртановты 30 қазанда Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитеті тергеу департаментінің қызметкерлері ұстал деген мәлімет пайда болды. Оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ. 

"Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын хабарлайды. Кейін ақпарат беретін боламыз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

172