Украина лайнері құлады

Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып түсіргенін мойындады

1912
(Жаңартылды 11:29 11.01.2020)
Иран қарулы күштерінің бас штабы ұшақ маңызды әскери нысанға жақын ұшқандықтан құлатылғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Тегеран түбінде апатқа ұшыраған Boeing ұшағының жолаушылары "адам қателігі" салдарынан кездейсоқ атып түсірілді. Бұл туралы Иран қарулы күштері бас штабының мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлады РИА Новости.

"Бұл ұшақ адам қателігі салдарынан және байқаусызда атып түсірілді", - делінген IRIB мемлекеттік телерадио компаниясы таратқан хабарламада.

Бас штаб ұшақ маңызды әскери нысанға жақын ұшқандықтан құлатылғанын атап өтті. Мәлімдемеде айтылғандай, бұл оқыс оқиға АҚШ-тың Ирактағы базаларына зымыранмен соққы жасалғаннан кейін "жоғары әскери дайындық жағдайында" болған. 

Ал Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Twitter-де ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.

Ирандағы ұшақ апаты

Сәрсенбі, 8 қаңтар күні "Украинаның халықаралық әуежолдары" компаниясына қарасты Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы Киев бағытында ұшқан болатын. Ұшақ Тегеранның әуежайынан көтерілген бойда құлады. Ресми деректерге сәйкес, 176 адамның барлығы қаза тапты. Олардың ішінде 167 жолаушы – Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция мен Ауғанстан азаматтары, сондай-ақ, экипаждың 9 мүшесі бар.

Қаза болған стюардессаның соңғы жазбасы: "Жұмыс, мен сені жақсы көремін" 

Иранның азаматтық авиация ұйымының есебіне сәйкес, жолаушылар ұшағы жерге құламай жатып өртенген. Ал оның ұшу траекториясына қарағанда, экипаж әуежайға қарай қайта бұрылған, алайда штаттан тыс жағдай жайында хабар бермеген.  

1912
Кілт сөздер:
Иран, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Ирандағы ұшақты зымыранмен атып түсірді: Иран Канаданың мәлімдемесіне жауап берді
АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді
Саясаттанушы АҚШ-Иран қақтығысы жайлы: Трамп абырой-беделін көтеріп алды
Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады
АҚШ пен Иран қақтығысы: Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісуі мүмкін бе?
Ухань, архивтегі фото

Уханьда қайтадан коронавирус анықталды 11 миллион адам тексерістен өтеді

555
(Жаңартылды 17:55 03.08.2021)
2020 жылы Ухань қаласында вирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, артынша науқастар қайта тіркеле бастағаннан кейін халықты бір рет тексерген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейе бастады. Осыған байланысты жергілікті билік барлық қала тұрғынын – 11 миллион адамды қайта тексеріп шығуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Global Times.

Бұған дейін қалада COVID-19 жұқтырған адам болмаған. Былтырдан бері бірлі-жарым жағдай ғана тіркелген. Ал дүйсенбі, 2 тамызда жергілікті билік 7 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Ауру қайта тарап кетпес үшін қала тұрғындарының бәрін тестілеуден өткізуге шешім қабылданды.   

Ресми мәліметке сәйкес, инфекцияны алдымен Чжуанькоу ауданының тұрғыны жұқтырған. Одан кейін онымен жақын араласқан алты адам ауырып қалыпты. Қазіргі кезде науқастың тұратын және жұмыс істейтін жері, тұтас аудан оқшауланды.   

Қала метросында карантин шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, адамдардың бәрі міндетті түрде бетперде киюге тиіс. Дене қызуы да тексеріледі. Ал Чжуанькоу орамында бірнеше станция уақытша жабылды. Билік халықты вакциналауға белсенді түрде қатысуға үндеді.     

Жергілікті халық қолға алынған шараларды қолдап отыр. Барлығы қатты қажеттілік болмаса, далаға шықпауға тырысады.

2020 жылдың мамырында, Ухань ауруханасынан соңғы науқас жазылып шыққаннан кейін араға бір ай салып, қалада вирус жұқтыру жағдайлары қайта тіркеле бастады. Содан шұғыл штаб барлық адамды тестілеуден өткізуге тапсырма берген.

555
Анталья

Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды видео  

71
(Жаңартылды 11:00 03.08.2021)
Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, аударылып қалды. Қоғамдық көлікте болған туристердің барлығы – Самара тұрғындары

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан үш Ресей азаматы қайтыс болды. Бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Туристік автобуста Ресейдің 22 азаматы болған. Барлығы "НТК Интурист" туристік операторы арқылы демалуға келген. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып аударылып кеткен.

Жол апатынан үш адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, бес адам ауыр жарақат алды. Екеуі жансақтау бөліміне түсті. Зардап шеккендердің бәрі жақын орналасқан ауруханаларға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Туроператордың мәліметі бойынша зардап шеккендердің жанында орыс тілін білетін гидтер жүр. Туристердің барлығы сақтандыру жүйесімен қамтылған.

71
Кілт сөздер:
видео
Сакен Бибосынов на Олимпиаде

Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятты Сәкен Бибосынов

0
(Жаңартылды 20:31 03.08.2021)
Бірінші раундта басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім, дейді боксшы

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады, деп жазды Olympic.kz.

"Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундта басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды жақындатып алдым. Негізі қарсыласым лас жұдырықтасады екен", - дейді Бибосынов. 

Оның айтуынша, екінші раундтан соң бапкері намысын оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып беріпті.

"Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес. Ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгенмін, бірақ әлі ресми түрде кездеспедім. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", - деп түйіндеді боксшы. 

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты

52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді.

0
Тақырып:
Токио Олимпиадасы