Әлем

Ажалы шаңғыдан болды: жас жігіт тауда көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевСилуэт мужчины с лыжами в руках, иллюстративное фото
Силуэт мужчины с лыжами в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Новосібір облысында турист өзінің шаңғысына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Жігіт аса қатты жылдамдықпен келе жатқан. Ол алдымен бір жаққа бұрылуды жоспарлаған. Кейін өзге бағытқа бұрылып, таудың бөктерінен өзінің шаңғысына құлады. Ол Новосібір облысындағы Петровское елдімекенінде тұрған", — деді аудан әкімшілігінің баспасөз қызметі. 

Олардың айтуынша, зардап шеккен жігіт қалалық ауруханаға жеткізілген. 

Тағы оқыңыз: Он жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі жұмыс орнынан табылды

"Ол қатты жарақат, шок алып, көп қан жоғалтты. Ота жасалды, бірақ аман алып қалу мүмкін болмады", — деді баспасөз қызметіндегілер.

Жаңалықтар
0