Зертхана қызметкері

Қытайда қауіпті індет өршіп барады

558
(Жаңартылды 10:54 20.01.2020)
Тағы бір адам белгісіз аурудан қайтыс болды. Індет жұқтырғандардың барлығы дене қызуы мен жөтелге шағымданған. Санитарлық дәрігерлер ауруды коронавирустың белгісіз түрі қоздырып отыр дейді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрінен үшінші адам көз жұмды. Індет жұқтырғандардың саны 198-ге жетті, делінген қалалық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитет мәліметінде.

Мамандар 18 қаңтарда 59, ал 19 қаңтарда 77 ауру жұқтырған науқасты тіркеген.

"19 қаңтардағы жағдай бойынша, Ухань қаласында 198 коронавирустың жаңа түрін жұқтыру жағдайы тіркелді. Олардың 25-і ауруханадан шығарылды, 35 пациент ауыр халде, ал 9 адам аса ауыр халде қалып отыр. Үш пациент қаза болды. Қалғандарының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр", - деп РИА Новости қалалық денсаулық сақтау комитетінің мәлімдемесін келтірді.

Соңғы екі күнде коронавирустың жаңа түрі анықталған пациенттердің 66-сы ер адам, ал 70-і әйел адам. Ең жас науқас 25 жаста болса, ең егдесі 89-да.

Атап өтсек, Қытайда бұл індет алғаш рет 2019 жылдың 8 желтоқсанында Ухань қаласында тіркелді. Осыған байланысты Қазақстан Қытаймен теміржол және әуе қатынасында бақылауды күшейтті.

558
Кілт сөздер:
науқастар, қауіпті ауру, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды
Қытай иероглифі бар көгершіндер қазақстандықтарды дүрліктірді - фото
Қытайда таралып жатқан қауіпті вирус басқа елдерге өте бастады
Қытай Қазақстанмен шекараны уақытша жабады
Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты ақпарат жариялады
Вакцина, архивтегі фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

151
(Жаңартылды 10:33 29.10.2020)
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды 

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

151
Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, вакцина
Тақырып бойынша
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды

983
(Жаңартылды 08:45 29.10.2020)
Франциядағы карантин 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Билік азаматтардан үйде болуға және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға шақырды, елде жүріп-тұруға шектеу енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Францияда өзін-өзі оқшаулау режимі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны аясында 30 қазаннан бастап енгізіледі, деп мәлімдеді ел президенті Эммануэль Макрон халыққа телеүндеуінде.

Оның айтуынша, өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізу вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазды РИА Новости.

Мектептер жабылмайды, жұмыс жалғасуы мүмкін және қарттар үйіне баруға рұқсат етіледі. Алайда азаматтар үйден аса қажетті заттарды сатып алуға, жұмысқа және жақын адамдарына баруға ғана шыға алады. Үйден шығу үшін көктемдегідей жазбаша куәлік қажет.

​Маңызды қажеттіліктер тізіміне енбеген мейрамханалар мен барлар, сауда орындары жабылады. Президент сонымен бірге көпшілік жиналысқа тыйым салынатынын баса айтты.

"Бір өңірден екінші өңірге бара алмайсыздар", - деп жалғастырды ол.

Бейсенбіде үкімет өзін-өзі оқшаулау режимінің жоспарын егжей-тегжейлі баяндайды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында карантин күшейтілді 

Сондай-ақ, Франция басшысының айтуынша, Шенген аймағының сыртқы шекаралары жабық болады.

Айта кетейік, Францияда алғаш рет карантин наурыз айында енгізіліп, екі айға созылды.

Франциядағы коронавирус

Францияда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бері вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1,2 миллион адамға жуықтады, 35 мыңнан астамы қайтыс болды. 25 қазанда тағы бір антирекорд тіркелді – бір тәулікте 52 мың адамнан коронавирус табылды.

983
Кілт сөздер:
карантин, Франция
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Қазақстанда бір қала мен екі өңірде карантин күшейтілді – не өзгерді
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Архивтегі фото

Атырауда бес жыл бұрын сотталған әйел түрмеге қамалды

0
Сот жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Атырауда жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды. Әйелге қатысты сот үкімі 2015 жылы шыққан, деп хабарлады Polisia.kz.

Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша ("жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") айыпты деп танылған.

"Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті 

Полицияның хабарлауынша, сотталған әйелдің жазасын өтеу  мерзімін шегеру уақыты аяқталды. Соған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.

Сот шешімімен әйел УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталушының кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

0
Кілт сөздер:
түрме, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты