доллар, архив

Ескі диван сатып алған ер едам ішінен қыруар ақша тауып алды видео

3097
64 жастағы ер адам дүкеннен сатып алған ескі диванның бұрынғы иелерін тауып алып, ақшаны қайтарып берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны ескі диванның ішінен 43 мың доллар тауып алды, деп хабарлады abcnews. 

64 жастағы Говард Кирби өткен жылдың соңында комиссиялық дүкеннен ескі диванды 35 долларға сатып алды. Оны бірнеше апта пайдаланып, отыруға да, жатуға да ыңғайсыз екенін байқаған. Сол кезде Кирбидің қызы диванның қаптауын ашып көрген. Оның ішінен 43 000 доллар (қазіргі курспен 16 254 000 теңге - Sputnik) шықты. Ол ақшаны 100 және 50 долларлық купюрамен буып тастапты.

Кирби алдымен адвокатпен кеңесті. Заңгер диваннан шыққан ақшаны өзіне қалдыруға болатынын айтқан. Алайда Кирби олай жасаған дұрыс емес деп шешті. Сөйтіп, алдымен комиссиялық дүкенге хабарласқан. Сол арқылы диванның бұрынғы иелерін тауып алды.

Дүкенге келген келіншек ол диван бірнеше ай бұрын қайтыс болған атасының мүлкі екенін айтты. Осылайша, Кирби барлық ақшаны иесіне қайтарып берді.

Тағы оқыңыз: Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді

"Мен осыдай жағдайға тап болсам, не істейтінімді ылғи ойлап жүретінмін. Енді, не істейтінімді білемін. Себебі өзімді тамаша сезінемін", - дейді Кирби.

3097
Кілт сөздер:
ақша, видео
Тақырып бойынша
1424 нөміріне хабарласып, қалай ақша алуға болады – қазақстандықтар білуі тиіс ақпарат
Қостанай облысының әкімі не үшін ақша жинап жатқанын айтты
Ақша жан-жаққа шашылған: белгісіз біреулер банкті жарып жіберді – видео
Байығыңыз келсе: қазақстандық маман қандай санның ақша тартатынын айтты
Ақтөбелік жігіт миллиондаған ақша алудың қитұрқы жолын тапты
Қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақша жақын арада берілмейді – себебі неде
Медицина қызметкерлері

Белгілі дәрігер өлім-жітім көп болатын жаңа эпидемияға дайындалу керектігін айтты

31
Александр Мясников өлім деңгейі жоғары болатын вирус пайда болса, қажетті вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам қайтыс болады деп отыр

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников өлім-жітім көп болатын індетке алдын ала дайындалу қажет екенін айтты.

"Өлім-жітім деңгейі жоғары ауыр індеттердің алдын алу үшін (COVID-19 ондай инфекция түріне жатпайды) тиімді қорғаныс шараларын әзірлеу қажет. Мысалы, тұмауға қарсы "әмбебап" вакцина қажет, "құс" немесе "шошқа" тұмауы күндердің бір күні тарап кетуі мүмкін. Вирусологтардың айтуынша, ауыр індет мутацияға ұшырап жатыр. Алғашқысы – жануардан адамға, екіншісі адамдан адамға жұғады", - деп жазды ол Telegram каналында.

Мясниковтың айтуынша, Қытайда бұл екі мутацияның алғашқысы үнемі тіркеліп отырады. Коронавирус адамдардың індетке дайын емес екенін көрсетті, деді ол.

"Біз қазір вакцинаны жасау үшін қанша уақыт қажет екенін көріп отырмыз. Оған бүкіл әлем ғалымдары күш-жігер салып отыр. Егер вирус 35-40% өлім алып келетін болса, мұндай вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам қайтыс болады", - дейді дәрігер.

Ол қазір барлық ғалымдардың күшін дәл осы әмбебап вакцина жасауға жұмылдыру қажет екенін атап өтті. Мясников зерттеушілерді кез келген қажетті құралмен қамтамасыз ету керек деп санайды.

 

31
Кілт сөздер:
эпидемия, дәрігер
Тақырып бойынша
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет – дәрігер кеңесі
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты
Микрофоны во время переговоров по Сирии

Тікелей эфирде журналиске шабуыл жасалды видео

1680
(Жаңартылды 15:56 29.11.2020)
Тілші 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарын еске алуға арналған жиыннан тікелей эфирге шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Украинада тікелей эфир кезінде NewsOne телеарнасының журналисі Виолетта Товкеске шабуыл жасалды. Ол Киев қаласында 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарын еске алуға арналған жиыннан хабар таратқан.

Кадрде ер адам тілшінің қолынан микрофон мен аза тұту майшамын жұлып алғанын көруге болады. Ол журналиске айқайлап, оқиға орнынан кетіп қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз тәртіп сақшыларының түсіру тобына шабуыл жасаған ер адамды жазалауын сұраймыз", - делінген NewsOne арызында.

Телеарна басшылығы кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық шара қолданылады деп отыр.

1680
Кілт сөздер:
видео, шабуыл, тікелей эфир, журналист
Тақырып бойынша
Кешірім сұрады: тікелей эфирде тележүргізуші ыңғайсыз жағдайға қалды – видео
Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болды
Румын әншісі Instagram-дағы тікелей эфирде көз жұмды
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
Алматыда белгілі журналист қайтыс болды
Ескі электроесептеуіш

Маман үйдегі розетканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

0
(Жаңартылды 11:16 30.11.2020)
Электромагниттік сәулелер эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. "Экология жизненного пространства" зертханасының директоры, эколог-сарапшы Антон Ястребцев электромагниттік сәуленің зиянын қалай азайтуға болатынын айтты.

"Адам электромагниттік сәулелермен үнемі ұшырасады. Ол бірте-бірте орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі ғажап емес. Электромагниттік сәулелерден құтылу қиын, өйткені біздің айналамыз электр құрылғыларына толы, алайда оның теріс әсерін барынша азайтуға болады", - деді Ястребцев Sputnik радиосына берген сұқбатында.

Айтуынша, бұл үшін розетканы жерге тұйықтау қажет. Әйтпесе, тоққа қосылған кез келген құрылғы электромагниттік сәулелердің көзіне айналады.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, катушкаға оралған ұзартқыштан шығатын электромагниттік сәулелердің де әсері өте күшті. Сондықтан оны сымдары шатасып кетпес үшін орамаған абзал және бір мезетте бірнеше құрылғы қосуға болмайды.

Маман пәтердегі сәулеленудің ең күшті көзі электр қалқанынан тартылған сыртқы кабель екенін атап өтті.

0