Әлем

Аты аңызға айналған актер өмірден озды

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актер өзінің шеберлігі үшін талай рет марапатқа ие болған. Актерлікпен қатар жазушылықты да алып жүрген. Оның өлімі туралы ақпаратты ұлы растады

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан - Sputnik. Голливуд жұлдызы Кирк Дуглас 103 жасқа келген шағында қайтыс болды. Бұл туралы актердің ұлы Майкл Дуглас хабарлады.

"Бүгін 103 жасына қараған шағында Кирк Дуглас көз жұмды. Ол біз үшін керемет әке, ата, әйелі Энн үшін тамаша жар болды", - деді  актер Майкл Дуглас People журналына.

Ол  Кирк Дугластың кино саласында аңызға айналғанын атап өтті. Гуманист, әділдік үшін күрескен адам болған.  

Кирк Дуглас "Спартак", "Детективная история", "Злые и красивые", "Жажда жизни" сынды фильмдер арқылы танылды.

Актерлік карьерасынан бөлек Дуглас жазушы, филантроп болған.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы қайтыс болды

1996 жылы кинематографтағы жетістіктері үшін "Оскар" алған. Ондаған роман мен мемуарлардың авторы.

Жаңалықтар
0