Архивтегі фото

Қытайдан келген адамдар мінген автобустарға тұрғындар тас лақтырды видео

9032
(Жаңартылды 11:37 21.02.2020)
Билік Уханьнан жеткізілген украиналықтарды орналастырмақшы болған шипажайға баратын жолды ашулы топ жауып тастады

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Украинаның Новые Санжары қаласында арнайы қызметтер Қытайдан эвакуацияланған адамдарды өз қалаларына орналастыруға келіспеген наразы топты жарып өтуге мәжбүр болды.

Наразылық білдірушілер автобустарды таспен атқылады, Уханьнан келгендердің арасында балалар да бар. Оқиға орнында түсірілген видеодан терезелердің сынғанын көруге болады.

Кейбір белсенділер жолға автокөлік доңғалағының тысынан бөгет қойды, ал эвакуацияланғандар орналастырылуы тиіс шипажайдың қасына бұтақтар мен қоқыстарды жинап, оны өртеп жіберді. Наразылық білдірушілердің қолында бөтелкелер де болған. Күту кезінде кейбір адамдар ішімдік ішіп, полицияны арандатты.

Автобустар келгенде полиция наразылық білдірушілерді кері итеруге мәжбүр болды.

Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды 

Эвакуацияланғандардың бәрі өз отанына жіберілмес бұрын коронавирусқа қарсы тексерілгеніне қарамастан, жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең басталды. Дене қызуы барларға ұшаққа отыруға рұқсат етілмеген, олардың арасында бір Қазақстан азаматы бар.

Тұрғындар РИА Новостиге жергілікті билік Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың әкелінетінін таңертең білгенін айтты, бірақ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.

"Егер бізбен байланыс орнатса, билік келіп, карантиннің қалай өтетінін, қандай шаралар қолданылғанын түсіндірсе, бәрі сау ма, олар қалай тексерілгенін айтса, мүмкін митинг болмас па еді", - дейді жергілікті тұрғын Александр Головань.

Қақтығыстан кейін тоғыз полиция қызметкері мен бір азамат медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады RT. Тәртіпсіздік фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнына Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков келіп, адамдарды сабырға шақырды.

Новые Санжары қаласындағы ІІМ шипажайына барлығы 73 азамат жеткізілді.

 

9032
Кілт сөздер:
видео, вирус, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1816)
Тақырып бойынша
Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді
Коронавирус қаупі: карантинде болған қазақстандық студенттер ашық сұхбат берді
Қытай дәрігерлері бетперде кигеннен кейінгі түрін көрсетті – фото
Уханьдағы аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды
Даниал Ахметов Зайсанға келді: қазір онда не болып жатыр
Агдам қаласы

Түркия Әзербайжанға өз әскерін не үшін кіргізіп жатыр?

36
Бітімгершілік сылтауымен Әзербайжанға түркиялық әскерді кіргізу Анкараның Оңтүстік Кавказ бен Каспий маңы өңірінде әскери-саяси ықпалын арттырып, Түркияның халықаралық аренадағы жалпы позициясын нығайтуға ұмтылысын айқындайды

Бұл мәселелерді шешу үшін бір жыл жеткіліксіз болары анық. Біз посткеңестік кеңістіктегі мәселелерге НАТО қатысуын кезекті кеңейту кезеңінің куәсі болып отырмыз.

Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар 21 қарашада елдің құрлықтағы әскері дайындықтарын аяқтағанын және жақын арада республиканың әуе күштері арқылы Әзербайжанға жеткізілетінін мәлімдеді. Әскери қолбасшы, сондай-ақ, "Түркияның халықаралық аренадағы көшбасшылығы" туралы да айтты,. Ол көшбасшылыққа жеткізер жолда "түрік қарулы күштері республика тарихындағы ең қысылтаяң кезеңдердің бірін бастан өткеріп" жатқанын мәлімдеді.

Әзербайжандағы түрік әскери контингентінің сандық және сапалық құрамы әлі де белгісіз. Анкара мен Баку арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясында түрік армиясының бөлімшелері Әзербайжан аумағында тұрақты түрде жүргенін де ескеру керек. Таулы Қарабақтағы атысты тоқтатуды бақылау бойынша орыс-түрік орталығы аясында тағы бір офицерлер тобын жұмыс жасауға жіберу президенттің жарлығы мен Түркия парламентінде талқылауды қажет етпегені анық.

Анкара мен Мәскеу 11 қарашада Таулы Қарабақтағы келісімді бақылау орталығы туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатта бірлескен бітімгершілік күш құру туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, Әзербайжан мен Түркия президенттері Ильхам Әлиев пен Режеп Тайып Ердоған бұдан бұрын да түрік әскерлерінің қатысуымен "бірлескен бітімгершілік миссиясын" құру туралы бірнеше рет мәлімдеме жасаған болатын.

Мәскеудің түрік әскерлерін шиеленіс аймағына кіргізбеу туралы өтінішін Анкара мен Баку елеген де жоқ. Әзербайжан территориясындағы Түркияның құрлықтағы әскері бірнеше ондаған мамандардан тұратын мониторинг орталығы аясында Ресеймен өзара іс-әрекеттерден басқа өз жоспарына дайындалып жатқаны белгілі.

Түркияның Ресеймен Оңтүстік Кавказда ауқымды қақтығысты бастау үшін ешқандай стратегиялық себебі жоқ. Діттегеніне қол жеткізуі де екіталай. Одан гөрі Әзербайжанмен екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастықты немесе «бітімгершілік миссиясының» әрекеттерін сылтау етіп,  аймаққа тұрақты ену әлдеқайда тиімді және қауіпсіз.

Түрік әскерлерінің Таулы Қарабақтағы әрекеттері ешқандай келісіммен, соның ішінде үшжақты (Әзербайжан, Армения, Ресей) келісіммен де қарастырылмаған. Әзербайжанда түрік әскери қызметкерлерінің болуы заң тұрғысынан постфактум рәсімделген. Себебі, Ресей Федерациясының беделді әскери сарапшыларының пікірінше, қыркүйек айының соңынан бастап шамамен 1 500 түрік әскери қызметкерлері Әзербайжан аумағында болған.

Кеңесшілер ретінде түрік генералдары мен офицерлері Әзербайжан әскерінің Бас штабынан бастап полк деңгейіндегі штабқа дейінгі бөлімшелерде толыққанды әрекет етті. Анкараның қақтығыс кезінде әзербайжандық тарапты біржақты әскери қолдауы түрік әскеріне Қарабақтағы бітімгершілер рөлін атқаруға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, мұнда оқиға түрлі нұсқада өрбуі ықтимал.

Түркия Әзербайжанда нық бекіп алды. Ендігі ретте түрік әскері екіжақты келісім негізінде Әзербайжан аумағында жылдар бойы бола алады. Бұл халықаралық құқық нормаларын бұзбағанымен, бейбітшілікке де кепілдік бермейді. Ешбір мемлекет Таулы Қарабақ Республикасының егемендігін мойындамағандықтан, Баку мен Анкара Таулы Қарабақтағы армян халқына қатысты ойына келгенін істеймін деген қиял қалыптасып қалуы мүмкін.

Түркияның сыртқы істер министрлігі "кей жерлердегі бақылау бөлімшелері" жайлы сөз қозғаған болатын. Оның үстіне, Әзербайжаннан Сириядан келген тегі түрік содырлардың шығарылғаны туралы еш ақпараттың болмауы да көңілге күдік ұялатады. Мұнда жағдайда министр Хулуси Акар айтқандай, "әзербайжан бауырлардың жетістігі" бас айналдырмауы маңызды.

Анкараның "түркі әлемін" қалыптастырудың жаһандық жоспары бар. Болашақта бұл жоспар Әзербайжан аумағынан тыс Каспий өңірі мен Орталық Азия елдерін қамтуы әбден мүмкін.

355 мың әскери қызметкер, 2600-ден астам танкі, F-16 көп нысанды жойғыштары бейнесінде қуатты қарулы күштері бар және Global Firepower әлемдік рейтингінде 11-орынға ие Түркия өзінің ұшақ, ұшқышсыз ұшу аппараттары, зымыран, танк өндірісін белсенді түрде арттырып келеді. Соңғы он бес жылда түріктерде қарулы қорғаныс құралдарын дайындайтын кәсіпорындарының саны 56-дан 1500-ға дейін өсті.

Үкімет 75 миллиард доллардан асатын әскери-өнеркәсіптік кешен бағдарламаларын басқарып отыр. Анкара шет елдерден көптеп қару-жарақ сатып алуда. Түркияның қорғаныс бюджеті 18 миллиард доллардан асады. Бұл 2020 жылғы бюджеттің жалпы шығындарының шамамен 13%-ін құрайды.

Түркия Сирияның солтүстігінде, Ливияда әскери құралдарды белсенді қолданып келеді. Басқа мемлекеттердің қарсылығына қарамастан, Жерорта теңізіндегі көмірсутегін өндіретін белгілі бір учаскелерге таласуда. Осылайша, айтарлықтай мұнай қоры бар Әзербайжан Түркияның агрессивті сыртқы саясаты дамытуға аса қолайлы алаң болып отыр. Мұндай бауырластықтың артында Ердоғанның кез келген географиялық нүктедегі іс-әрекетіне қолдау көрсететін Солтүстік атлантикалық альянстың тұруы да қауіпті еселеп тұр.

Түркияның Ыгдыр провинциясы мен "үлкен Әзербайжаннан" тым алыс орналасқан Нахичеван автономды республикасының түйісінде Әзербайжан мен Түркияның ортақ учаскесі бар. Аса қымбатқа айналатын әуе-әскери күштері арқылы әскерді, қару-жарақты жеткізу үшін Армения, Грузия немесе Ирагмен келісу керек болады. 

36
мәйітхана, архив

Туыстары апарып тастаған: мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кетті

4628
Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқап қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен, деп жазады РИА Новости жергілікті The Standart басылымына сілтеме жасап.

Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары ауруханаға жеткізген. Жақындарының айтуынша, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше қайтыс болғанын хабарлайды.

Бірақ аурухана қызметкері Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін айтады, ал олар ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген.

Оқи отырыңыз: Депутат мәйітханада болған сұмдық жағдайдың себебін айтты

Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқайды. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады.

Питердің айтуынша, туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.

4628
Кілт сөздер:
мәйітхана
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

341
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

341