Әлем

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптің қызыл деңгейі енгізілді

© AP Photo / Ahn Young-joonЛюди в масках в Южной Корее во время вспышки коронавируса
Люди в масках в Южной Корее во время вспышки коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 763 адамға жетті, жеті адам қаза тапты, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Кореяда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 763 адамға жетіпті.

Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда COVID-2019 коронавирусын жұқтырудың 161 жаңа фактісі тіркелді, тағы екі пациент қаза болды, деп ақпарат таратты елдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары ұйымы (KCDC).

Тағы оқыңыз: Коронавирус тараған лайнерде қалып қойған екі қазақстандық елге оралады

Ел президенті Мун Чжэ Иннің айтуынша, Оңтүстік Корея эпидемиологиялық қауіп деңгейін үшінші "қызғылты сары" деңгейінен төртінші "қызыл" деңгейіне дейін көтерді.

Оңтүстік Кореяда коронавирустан жеті науқас көз жұмып, 18 пациент ауруханадан шығарылған. Ал 8 725 азаматтың талдауы тексеріліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Президент Қытайда қалып қойған қызға телефон соқты – видео

Жаңалықтар
0