Сирия мен Түркия шекарасындағы әскери техникалар, архивтегі сурет

АҚШ-тың кешіккен мәлімдемесі Ресей-Түркия қатынасына қалай әсер етті

267
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ондаған түрік әскери ұшқышының қаза болуына Ресейді айыптады

Сонымен қатар, ол "НАТО одақтастарына" қолдау білдіріп, Құрама Штаттар "зорлық-зомбылықты аяқтау үшін Түркияны қолдаудың жаңа шараларын" қарастыратынын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Бұл Вашингтонның сириялық Идлибте соңғы кездердегі шиеленісуіне қатысты алғашқы қатал мәлімдемесі. Осы уақытқа дейін АҚШ түрік сарбаздарының қаза тапқаны үшін Мәскеуге тікелей жауапкершілік жүктемеген.  

Алайда, Помпеоның араға уақыт салып барып жарияланған мәлімдемесінің орынсыздау екенін байқамау мүмкін емес.

Идлиб төңірегіндегі дағдарыс – ақпанның екінші жартысы мен наурыз айының бастапқы кезінде орын алды. 5 наурызда Владимир Путин мен Тайып Ердоған Мәскеуде кездесіп, бірқатар келісімдерден кейін шиеленістер басылды.

Аймақтағы жағдай әлі де қиын. Стратегиялық маңызы зор М4 тас жолын ресей түрік әскерлерінің бірлескен патрульдеуі оны басқарып отырған содырлардың қатты қарсылығына тап болуда. Соған қарамастан процесс жалғасуда.

"Түрік ағынынан" бастап "Ақ құй" АЭС құрылысына дейінгі екіжақты ынтымақтастықтың басқа салаларына да бұл шиеленіс әсер еткен жоқ.

Күні кеше ғана Федералды қызметтің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі (FSVTS) директоры Дмитрий Шугаев Анкарада С-400-дің екінші партиясын сатып алуға дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар, шенеуніктің мәлімдеуінше қосымша жеткізілім Түркияның зениттік-зымыран жүйесін өндіруге қатысуына байланысты болады. Бұл ақпарат ашық жарияланбағанымен, бөлім бастығы мұндай қадам Ресейдің ұлттық мүдделеріне ешқандай қауіп пен зиян келтірмейтінін айтады.

Тұтастай алғанда, ресей-түрік қатынастары күрделі жағдайда қауіпсіз жалғасуда. Бұл жерде кейбір мәселелер бойынша қарама-қайшылықтар мен тіпті түсінбеушіліктер болып жатса да, нәтижелі серіктестікке әсер етпейді.

Дегенмен, жақында ғана The Post Washington газетінде "Түркия Ресей мен Батысты қалай жоғалтты" деген мақала жарияланып, онда түрік бағытына америкалықтар жетекшілік етуде дегенге саятын ой айтылды. Сондай-ақ, бұл жағдайға Ердоғанның өзі кінәлі және ол өз таңдауының салдарын өз бетінше жоюы керек. Түркия президентінің Анкараның геосаяси және егеменді нығаюына үмітпен сәтті азғырған Путинмен сұхбаттасуы, оны батыстық одақтастарымен жанжалдасып, Мәскеумен бетпе-бет қалдырды. Бұл, әрине, қалыптасқан жағдайды олар өздерінің пайдасына шешу мүмкіндігін жіберіп алмайды деп жазды.

Қалай десек те, мақаланың соңы қызықты. Түрік лидерінің қателіктерді еріксіз мойындауы туралы ешқандай болжам жоқ. Бірақ, ол көне де қайырымды батыстан көмек сұрап жүгінеді. Тіпті, егер ол өзін жақсы көрсете білсе, ондай көмекті алуы да мүмкін. Немесе, Тайып Ердоған үшін тіпті керісінше болуы мүмкін деп болжайды.

Осы тұрғыда, Түркия президентіне қатысты мемлекеттік хатшының айтқан ұстанымы жұқалтаң кекесін ретінде қабылданды. Ал америкалықтар үшін бұл мәселе келемеждеумен тең.

Сыртқы саясаттағы өрескел тұжырымдар тиісті елдің нақты мүмкіндіктері мен оның мақсаттарына жету қабілеттілігін көрсететін әлдеқайда әсерлі дәлелдерге қосымша болған кезде жақсы және тиімді.

Ресейдің тіпті қолайсыз жағдайда да өз мақсатына жете алатынын және Мәскеу мәлімдемесі әрқашан құнды болатынын көрген соң, Ресейдің сыртқы саяси риторикасына әлем ден қоя бастады. Осы кезге дейінгі ұзақ жылдық реакция әдеттегідей: орыстар көп айта береді – олар бәрібір басқа нәрсеге қабілетті емес деген сарында немқұрайлы болды.

Американың сыртқы саясаты көз алдымызда кері бағыт алуда: Вашингтон  сөздері тым жеңіл әрі ол Ақ үй қалағандай қабылданбайды. Мұның бәрі де Америка Құрама Штаттарының ерік-жігері мен мақсатының болып жатқан нәрсеге әсер ете алмайтындығын аңғартады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының сөзі Ердоған үшін улы сабақ немесе Ресей үшін қатаң ескерту деп қанша терең мағына бергенімен, Таяу Шығыстағы елдерде АҚШ салмақ жоғалтты. Ал Майк Помпеоның кешіккен мәлімдемесі ештеңеге әсер етпейді. Демек, бұл жақында болған процестерге ешқандай әсер ете алмайтын биліктің жоғалтқан позициясы туралы бос сөз.

267
Кілт сөздер:
Сирия, Түркия, Ресей, АҚШ
Тақырып бойынша
Түркия мен Ресей қатынасы қалай дамып келеді?
Сирияда 30-дан астам түрік әскері қаза тапты – Ресей пікір білдірді
Ресей Идлибтегі лаңкестер мен Түркия бекеттерінің бірігетінін жариялады
Путин мен Ердоған келіссөздерден кейін бірлескен мәлімдеме жасады
Путин мен Ердоған Идлибтегі атысты тоқтату туралы уағдаласты
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

184
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

184
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

16
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

16
Ақорда

Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды

0
Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Оқи отырыңыз: Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты 

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтар 10%-тік салықты қалай төлейді
Зейнетақы жинағын емделуге пайдаланудың шарты қандай – министрлік жауабы
Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды
Мамин Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді