Әлем

Бразилияның символына айналған алып ескерткіште Қазақстан туы пайда болды

© REUTERS / SERGIO MORAESБразилияның символына айналған алып ескерткіште Қазақстан туы пайда болды
Бразилияның символына айналған алып ескерткіште Қазақстан туы пайда болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рио-де-Жанейродағы әлемге әйгілі Жарылқаушы Христос ескерткіші қазір туристер үшін жабық, соңғы мәлімет бойынша, Бразилияда 621 адам коронавирус жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Рио-де-Жанейродағы Жарылқаушы Христос мүсінінде Қазақстан туы пайда болды. Осылайша жергілікті билік коронавирус індетімен күресіп жатқан әлем елдеріне қолдау білдірген.

Христос мүсіні теңіз деңгейінен 709 метр биіктікте, Тижука ұлттық саябағының аумағында орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABC News (@abcnews)

Әлемдегі ең танымал көрікті жерлердің бірі қазір туристер үшін жабық.

Билік коронавирустың таралуынан зардап шеккен елдермен бірге екенін білдіру үшін түрлі мемлекеттің туын көрсеткен. Солардың ішінде Қазақстан да бар.

© REUTERS / SERGIO MORAESРио-де-Жанейродағы Жарылқаушы Христос мүсіні коронавируспен күресіп жатқан елдерге қолдау білдіру белгісі ретінде Жер шарының түсімен жарқырады
Бразилияның символына айналған алып ескерткіште Қазақстан туы пайда болды - Sputnik Қазақстан
Рио-де-Жанейродағы Жарылқаушы Христос мүсіні коронавируспен күресіп жатқан елдерге қолдау білдіру белгісі ретінде Жер шарының түсімен жарқырады

Соңғы деректерге сүйенсек, Бразилияда 621 адам коронавирус жұқтырған. Алты адам көз жұмды. Ел билігі құрлықтағы барлық шекарасын жауып, Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінің азаматтарына кіруге тыйым салды. Сонымен қатар, Рио-де-Жанейрода танымал Копакабана және Ипанема жағажайлары жабылды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр. Олардың ішінде  Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – екі.

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады.

Жаңалықтар
0