Әлем

Маман коронавирусты анықтаудың тағы бір жолын айтты

© AP Photo / Ng Han GuanПассажиры в защитных масках возле вокзала Уханя
Пассажиры в защитных масках возле вокзала Уханя  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар алты апта ішінде иттерді COVID-19 тасымалдаушыларын тануға үйрете алады және олар сағатына 250 адамды тексеруге қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Егер ауа арқылы жұғатын аурулардың биомаркерлері бойынша COVID-19-дың белгісіз тасымалдаушыларын анықтай алатындығы дәлелденсе, иттер коронавирустық пандемиямен күресте көмек көрсете алады, деп хабарлайды РИА Новости.

Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (London School of Hygiene and Tropical Medicine) мамандары иттер COVID-19-ды жұқтырған ауруды тыныс алу органдарының ерекше иісімен анықтай алады деп санайды.

Мектеп ғалымдары алты апта ішінде иттерді COVID-19 тасымалдаушыларын тануға үйретуге болатындығын және олар сағатына 250 адамды тексеруге қабілетті екенін айтады.

"Әрбір аурудың өзіндік иісі болады, міне соны итке үйрету мүмкіндігі де бар. Көптеген жануарлар адамның дене температурасының біршама өзгергенін де сезе алады. Егер бұл дерек шындыққа айналса, иттер тіпті вирус белгілері жоқ адамдарды да тексере алады", – дейді мақалаға қатысты пікір білдірген Ресей кинологиялық федерациясының президенті Владимир Голубев.

Маман иттердің иіс сезу сезімталдығы таңқаларлықтай екенін еске салды. Олар жарылғыш құралдар мен есірткі түрлерін және басқа заттарды ғана емес, сонымен қатар әртүрлі аурулардың молекулалық маркерлерін де тануда өз тиімділігін дәлелдеген.

Оқи отырыңыз: Ит күдер үзе бастаған ата-анаға баланы құтқарудың жолын көрсетті – видео

Сондай-ақ Голубевтің айтуынша, қазір арнайы үйретілген иттер безгек, қант диабеті, Паркинсон ауруы, тіпті онкологиялық ауруларды да иіс арқылы анықтай алады.

Жаңалықтар
0