Әлем

Видео жылдам тарап кетті: карантин кезіндегі тікелей эфир қызу талқыланып жатыр

© AP Photo / Tony AvelariPhone 11
iPhone 11 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Репортер эфирдегі жүгіртпе жол денесінің жартысын жабады деп ойлаған. Алайда режиссер ракурсты өзгерткен кезде көрермен журналистің шалбарсыз отырғанын көрді

АЛМАТЫ, 30 сәуір –Sputnik. ABC News телеарнасының Good Morning America таңғы бағдарламасының жаңалықтар бөліміне журналист Уилл Рив эфирге шалбар кимей шықты. Бұл ыңғайсыз жағдай байқаусызда болды ма әлде алдын ала солай ұйымдастырылды ма – ол жағы белгісіз.

Уилл Рив телеарна эфиріне үйден шықты. Эфирге шығу үшін репортер үстіне жейде мен костюм киген, алайда шалбар кимеген.

Ол мұқтаж жандарға дәрі-дәрмекті байланыс жасамай, дрон арқылы жеткізу жайлы айтып жатты.

Репортер экранның төменгі жағындағы жүгіртпе жол аяғын жабады деп ойлаған. Эфирдің бірінші бөлігінде журналистің жоспары жүзеге асты, яғни шалбарының жоқ екені байқалмады. Алайда екінші рет эфирге шығарып, ракурс өзгертілген кезде көрермен репортердің шалбарсыз отырғанын көрді.

Бірнеше сағат ішінде эфирге шалбарсыз шыққан журналистің видеосы желіде танымал болды.

Желі қолданушыларын тілшінің сабырлы қалпы мен сенімділігіне таңғалды.

Тағы оқыңыз: "Кешіріңіздер": тележүргізуші тікелей эфирде ыңғайсыз жағдайға қалды – видео

Айта кетейік, мұндай жағдайға қоғам да үйреніп келеді. Себебі коронавирус пандемиясы кезінде редакциялар үйде жұмыс істеуге көшті.

Жаңалықтар
0